1. «Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығына 4-қосымша
«Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт 2019 жылғы 4 наурыздан бастап алынып тасталды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2019 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2020 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар пакеті тапсырылған сәттен бастап - 15 (он бес) минут;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
2) құжаттар пакетін тапсыру үшін кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі - жер учаскесіне кадастрлық ақпарат туралы анықтама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті қағаз тасығышта алуға өтініш жасаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді және басылып шығарылады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге қағаз нысанда өтініш жасаған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 158-бабына сәйкес осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде есептеледі.
Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат ұсынуға төлем жасау қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер арқылы көрсетілетін қызметті берушінің тиісті филиалының есеп шотына не көрсетілетін қызметті берушінің филиалы ғимаратындағы кассаға төлеу арқылы жүзеге асырылады, оларға төлемнің мөлшері мен күнін растайтын төлем құжаты (түбіртек) беріледі.
8. Жұмыс кестесі:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібінде көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не: уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның өкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрату.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алады.
Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту жөнінде қолхат береді.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі лауазымды тұлғаларының, шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
11. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші Министрлік басшысының атына: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй мекенжайы бойынша беріледі.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымның қабылдағанын растау шағымды көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті алушы өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы;
2) заңды тұлғаның - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
13. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жерге барып жүргізеді.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті беруші ғимаратының стендінде;
3) көрсетілетін қызметті берушінің www.g2c.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 жылғы № 24 Бұйрығымен (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-21-98. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414.
«Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
нысан
Өлшем бірлігі – жер учаскесі
№ |
Жұмыстардың атауы |
Бағасы, теңге |
1 |
2 |
3 |
1 |
Жұмыстарды орындауға өтінім қабылдау |
147 |
2 |
Жер учаскесіне ақпарат тізбесін дайындау |
92 |
3 |
Баспа өнімдерін дайындау және лазерлі ақ-қара түсті принтерде басып шығару |
303 |
|
Барлығы |
542 |
«Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
нысан
__________________________________________ (ұйым атауы) филиалының басшысы __________________________________________ (Т.А.Ә. (ол болған кезде) __________________________________________ (жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған кезде) ЖСН______________________________________ не заңды тұлғаның толық атауы) БСН______________________________________ (жеке немесе заңды тұлғаның жеке __________________________________________ басын куәландыратын құжаттың __________________________________________ деректемелері, байланыс телефоны, __________________________________________ мекенжайы)
Өтініш
Сізден жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беруді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
күні (қолы)
«Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
нысан
_________________________________________ (Т.А.Ә. (ол болған кезде) немесе көрсетілетін __________________________________ қызметті алушы ұйымның атауы көрсетілетін __________________________________ қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің «Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда, жоқ құжаттардың атауы:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ___________________________________________________________.
«Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
_______________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорациясы қызметкерінің Т.А.Ә. (ол болған кезде), қолы)
Орындаушы Т.А.Ә. (ол болған кезде)___________________________
Телефон______________________________________________________
Алдым: Т.А.Ә. (ол болған кезде), көрсетілетін қызметті алушының қолы
«___» _________ 20__ ж.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |