• Мое избранное
Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру
Внимание! Документ утратил силу с 31.10.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығына 5-қосымша

  • 1
«Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 жылғы № 24 Бұйрығымен (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2019 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2020 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 04.03.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) минут;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – мемлекеттік жер кадастрының мәліметтері.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді және басылып шығарылады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі.
Төлем жасау қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен көрсетілетін қызметті берушінің есептік шотына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті веб-портал арқылы алуға электрондық сұраным берген кезде, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
8. Мыналардың:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
  • 1
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі), оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар мыналарды ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу туралы, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын, жер учаскесіне арналған құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарын растайтын, көрсетілетін қызметті алушының төлем жасағанын растайтын (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқ екені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ЭҮТШ арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті беруші, егер, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген (егер, беру қағаз жеткізгіште жүзеге асырылатын болса, алу орнын көрсету қажет) хабарлама жіберіледі.
  • 1
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын бермеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3-тарау. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының не Министрлік басшысының атына жұмыс күндері осы Стандарттың 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почтамен, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Мыналардың:
1) жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөні мен тегі, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) растайды. Шағымға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қояды.
Портал арқылы жүгінген кезде, шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» арыз туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің арызды өңдеуі (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почтамен, портал арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылығы бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды бірыңғай байланыс орталығы (1414, 8 800 080 7777) арқылы жүгіну жолымен көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері тұрғылықты жерге барып жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту мен қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттары мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталған болады.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған.
16. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
17. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
18. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.
  • 1
«Мемлекеттік жер кадастрынан
мәліметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
 (кімге):____________________басшысына
 (ұйымның атауы)
 (кімнен):___________________________
 (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі
 __________________________________
не заңды тұлғаның толық атауы)
 ____________________________________
 Жеке не бизнес сәйкестендіру нөмірі_______________________________
 ____________________________________
 ____________________________________
 (жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің жеке
 _____________________________________
басын куәландыратын құжаттың деректемелері,
 ____________________________________
байланыс телефоны (бар болса), орналасқан
 ___________________________________
 мекенжайы (заңды тұлғалар үшін) не тұрғылықты __________________________________
мекенжайы (жеке тұлғалар үшін))
Өтініш
Сізден мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беруді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
 _______ 20__жылғы «____» ____________________ (қолы)
«Мемлекеттік жер кадастрынан
мәліметтер беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
 (көрсетілетін қызметті алушының аты,
 ___________________________________
әкесінің аты (бар болса) тегі,
 _________________________________
не ұйымының атауы, мекенжайы)
Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының №_____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атауы:
  1) ____________________________________________________________,
  2) ____________________________________________________________.
ұсынбауыңызға байланысты «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге арналған өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 (екі) данада жасалды
  ____________________________________________________________________
  (көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
  Телефоны (бар болса) _________________________________________________
  Алдым: _____________________________________________________________
  (көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
  20__жылғы __________________