1. «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығына 7-қосымша
«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 жылғы № 24 Бұйрығымен (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) Осы Стандарт өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 жылғы № 318 Бұйрығымен (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.09.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2019 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес (20.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2020 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.09.2019 жылғы № 356 Бұйрығына сәйкес (30.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты – 15 (он бес) минут;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда береді.
3) қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – бекітілген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан орны бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі), оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар, Мемлекеттік корпорацияға мыналарды ұсынады:
1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын бекітуге өтініш;
2) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік корпорация филиалымен есептелген жер учаскесінің бағалау құнын айқындау актісі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті өтініштің қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, егер, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның уәкілетті өкіліне, нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаға) дайын құжаттарды беру жеке куәлік көрсетілген кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылған болуы.
11. Көрсетілетін қызметті алушы осы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация осы Стандарқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3-тарау. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Министрліктің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не Министрлік басшысының атына жұмыс күндері осы Стандарттың 16-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почтамен, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөні мен тегі, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен күні көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) растайды.
Қолма-қол, сол сияқты почтамен келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияда қабылданғанын оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) растайды.
Мыналардың:
1) жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
14. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылығы бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды бірыңғай байланыс орталығы (1414, 8 800 080 7777) арқылы жүгіну жолымен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту мен қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.
Мемлекеттік корпорацияның ғимараты мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталған болады.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.moa.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары» – «Жергілікті атқарушы органдар» кіші бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
17. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
18. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.
«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан
(кімге) ________________басшысы
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
___________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
(кімнен) ________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі
________________________________
не заңды тұлғаның толық атауы)
__________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес сәйкестендіру нөмірі
_________________________________
(жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің жеке
___________________________________
______________________________________
байланыс телефоны (бар болса), орналасқан
_________________________________
мекенжайы (заңды тұлғалар үшін) не тұрғылықты
___________________________________
мекенжайы (жеке тұлғалар үшін))
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын бекітуге өтініш
________________________________________________________________________________ (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)) мекенжайы бойынша ____________ гектар алаңда орналасқан жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау жұмыстарын жүргізуді сұраймын. Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі (бұрын берілген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау кезінде) ____________________________ Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Күні ______ Өтінім беруші ______________________________________ (жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы, мөрі (бар болса))
«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.09.2019 жылғы № 356 Бұйрығына сәйкес (30.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі
Акт азамат (ша) ___________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы) өтінішіне сәйкес __________________________________________________
(мақсатын көрсету)
жер учаскесін бағалауға байланысты жасалды.
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі:__________________________________
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты:__________________________________
Жер учаскесінің орналасқан жері:____________________________________
Жер учаскесінің (жер пайдалану құқығының) кадастрлық (бағалау) құнының есептемесі
Аймақ нөмірі (елді мекендер жерлері үшін), алқап түрлері, топырақтың типі (ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлер үшін) |
Гектар алаңы, шаршы метр |
Жер үшін төлемнің базалық мөлшерлемесі, теңге |
Түзету коэффициенті |
Кадастрлық (бағалау) құны, мың теңге |
|
|
|
|
|
Жиыны |
|
|
|
|
Жер учаскесінің (жерді пайдалану құқығының) кадастрлық (бағалау) құны _________________________________________________________құрайды.
(жазбаша сомасы)
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын __________________________ ______________________________________________________ айқындады.
(жер кадастрын жүргізетін кәсіпорынның атауы)
20 __ жылғы «__» _________ _______________________________________
(басшысының қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Басшы ___________________________________________________________
(жер қатынастары бойынша уәкілетті органның атауы)
20 __ жылғы «__» _________ _______________________________________
(басшысының қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша
Нысан
(көрсетілетін қызметті алушының аты,
___________________________________
әкесінің аты (бар болса) тегі,
не ұйымының атауы, мекенжайы)
Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының №_____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атауы:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________
ұсынбауыңызға байланысты «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызметін көрсетуге арналған өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 (екі) данада жасалды
____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Телефоны (бар болса) _________________________________________________
Алдым: _____________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
20__жылғы __________________
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |