• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 31.10.2020 г

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығына 14-қосымша

1
«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 жылғы № 24 Бұйрығымен (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Осы Стандарт өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 жылғы № 318 Бұйрығымен (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.09.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2019 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес (20.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2020 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес 
1. «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
1) құжаттар топтамасы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға тапсырылған сәттен бастап – 6 (алты) жұмыс күні, бұл ретте құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған акт не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, қажет болған жағдайда басып шығарылады, сондай-ақ мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) бекітілген мөлшерге сәйкес есептеледі.
Төлем қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз тәсілмен көрсетілетін қызметті берушінің шотына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға электрондық сұраным берілген кезде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
1
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі), оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар мыналарды ұсынады:
мемлекет уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беретін кезде:
1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған актіні беру туралы өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
3) жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру туралы шешімінен үзінді-көшірме;
4) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 14-1-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, 2-тармағының 15) тармақшасына және 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) бұйрығымен бекітілген және жобаланып жатқан жер учаскесі мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық дерегімен келісілген жерге орналастыру жобасы;
5) жергілікті жердегі жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар;
7) көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы төлем құжатының (түбіртектің) көшірмесі;
жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандарттың 9-тармағы 1-бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды береді;
жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларында өзгерістер болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бұрын қолданыста болған заңнамасына сәйкес берілген уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған акт ауыстырылған кезде, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандарттың 9-тармағы 1-бөлігінің 1), 2) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды береді;
жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларында өзгерістер болмаған, жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының бұрын қолданыста болған заңнамасына сәйкес берілген уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған акт ауыстырылған кезде, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандарттың 9-тармағы 1-бөлігінің 1), 2) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды береді.
мемлекет уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беретін кезде:
1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған актіні беру туралы электрондық өтініш;
2) жергілікті атқарушы органның уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру туралы шешімінен үзінді-көшірменің электрондық көшірмесі;
3) Жер кодексінің 14-1-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, 2-тармағының 15) тармақшасына және 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, уәкілетті орган бекіткен және жобаланып жатқан жер учаскесі мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық дерегімен келісілген жерге орналастыру жобасының электрондық көшірмесі;
4) жергілікті жердегі жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдардың электрондық көшірмесі;
5) уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы шартының электрондық көшірмесі;
6) көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы төлем құжатының (түбіртектің) электрондық көшірмесі;
жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандарттың 9-тармағы 2-бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады;
жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларында өзгерістер болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бұрын қолданыста болған заңнамасына сәйкес берілген уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған акт ауыстырылған кезде, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандарттың 9-тармағы 2-бөлігінің 1) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды береді;
жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларында өзгерістер болмаған, жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының бұрын қолданыста болған заңнамасына сәйкес берілген уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған акт ауыстырылған кезде, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандарттың 9-тармағы 2-бөлігінің 1) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды береді.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу туралы, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын, жер учаскесіне арналған құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарын растайтын, көрсетілетін қызметті алушының төлем жасағанын растайтын (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқ екені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ЭҮТШ арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті беруші, егер, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушыға тиісті өтініштің қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
порталға тапсырған кезде – «жеке кабинетке» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) дайын құжаттарды беруі жеке куәлікті көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
1
Көрсетілетін қызметті беруші бір ай бойы нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды бір жұмыс күні ішінде береді.
1
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімнің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылған болуы.
11. Көрсетілетін қызметті алушы осы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық бермеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3-тарау. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Министрліктің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрлік басшысының атына жұмыс күндері осы Стандарттың 16-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почтамен, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөні мен тегі, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен күні көрсетіле отырып, кеңсесінде оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) растайды. Шағымға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қояды.
1) жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» арыз туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушының арызды өңдеуі (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почтамен, портал арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
14. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылығы бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды бірыңғай байланыс орталығы (1414, 8 800 080 7777) арқылы жүгіну жолымен көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту мен қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттары мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталған болады.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
17. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
18. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
19. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.
1
«Уақытша өтеусіз жер пайдалану 
құқығына актілерді ресімдеу және 
беру» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына 
1-қосымша
«ЕЛТАҢБА»
 Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған акт на право временного безвозмездного землепользования
 Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі _________________________________________________ _____________________ жыл мерзіміне жер учаскесіне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы _______________________________________________________________________________ (ортақ бірлескен, ортақ үлестік)
  Жер учаскесінің нысаналы мақсаты _________________________________________________
  Жер учаскесін пайдаланудағы шектеулер мен ауыртпалықтар ___________________________
  Жер учаскесінің бөлінуі ___________________________________________________________
  Кадастровый номер земельного участка _____________________________________________
 Право временного безвозмездного землепользования на земельный участок сроком на _____ лет _____________________________________________________________________________ (общее совместное, общее долевое)
  Целевое назначение земельного участка _____________________________________________
  Ограничения в использовании и обременения земельного участка _______________________
 Делимость земельного участка _____________________________________________________ (делимый, неделимый)
*штрих-код МЖК ААЖ-дан алынған және ҚР АШМ ЖРБК-ның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған деректерді қамтиды
*штрих-код содержит данные, полученные из АИС ГЗК и подписанные электронной-цифровой подписью КУЗР МСХ РК

Учаскенің мекенжайы, мекенжайының тіркеу коды (бар болса)

_________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________

Адрес, регистрационный код адреса (при его наличии) участка

_________________________________________________ _________________________________________________


 

Жоспар шекарасындағы бөгде жер учаскелері Посторонние земельные участки в границах плана

Жоспардағы №

на плане

Жоспар шекарасындағы бөгде жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлері

Кадастровые номера посторонних земельных участков в границах плана

Алаңы, гектар

Площадь, гектар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Осы актіні ____________________________________________________________ жасады (жер кадастрын жүргізетін ұйымның атауы) Настоящий акт изготовлен _________________________________________________________ (наименование организации, ведущей земельный кадастр) ________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), (фамилия, имя, отчество (при его наличии)
  Осы актінің дайындалғаны туралы жазба жер учаскесіне меншік құқығына арналған актілер жазбалары кітабына № ____ болып жазылды, күні ______
  Запись об изготовлении настоящего акта произведена в книге записей актов на право собственности на земельный участок, право собственности за № ________, дата ________
Араласудың сипаттамасы жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау сәтіне жарамды
Описание смежеств действительно на момент изготовления идентификационного документа на земельный участок
*штрих-код МЖК ААЖ-дан алынған және ҚР АШМ ЖРБК-ның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған деректерді қамтиды
*штрих-код содержит данные, полученные из АИС ГЗК и подписанные электронной-цифровой подписью КУЗР МСХ РК
Уақытша өтеусіз жер 
пайдалану құқығына арналған 
актіге қосымша
 Жер учаскесі шекарасында ерекше режимде пайдаланылатын жер учаскелерінің тізбесі (кадастрлық нөмірі _____________________________) Перечень земельных участков с особым режимом использования в границах земельного участка (кадастровый номер _____________________________)

Сызбадағы учаскенің №

участка на чертеже

Жер ерекше режимде пайдаланылатын аумақтардың атауы (санитариялық - қорғау аймақтары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, су қорғау мақсатындағы және тағы басқа жерлер).

Наименование территорий с особым режимом использования земель (санитарно-защитные зоны, земли особоохраняемых природных территорий, водоохранного назначения и так далее)

Жалпы алаңы, гектар

Общая площадь, гектар

Оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары

В том числе сельскохозяйственных угодий

Оның ішінде

егістіктер Из них пашни

Жерді пайдаланудың белгіленген режимі

Установленный режим использования земель

 Басшы _________________________________________________________, күні___________ (жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның атауы) Руководитель ________________________________________________, дата ______________ (наименование уполномоченного органа по земельным отношениям) Басшы __________________________________________________________, күні___________ (қорғау аймағын белгілеуге мүдделі органның атауы) Руководитель ________________________________________________, дата ______________ (наименование органа, заинтересованного в установлении охранной зоны)
*штрих-код МЖК ААЖ-дан алынған және ҚР АШМ ЖРБК-ның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған деректерді қамтиды
*штрих-код содержит данные, полученные из АИС ГЗК и подписанные электронной-цифровой подписью КУЗР МСХ РК
1
«Уақытша өтеусіз жер пайдалану
құқығына актілерді ресімдеу және
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес сәйкестендіру нөмірі
Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған актіні беру туралы өтініш
 ______________________________________________________________________ берілген, (жер учаскесінің нысаналы мақсаты) ______________________________________________________________________ мекенжайы бойынша (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)) орналасқан жер учаскесіне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған актіні беруді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
 Күні __________ Өтініш беруші _______________________________________ (жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы)
«Уақытша өтеусіз жер пайдалану
құқығына актілерді ресімдеу және
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының №_____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға, атап айтқанда:
ұсынбауыңызға байланысты «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге арналған өтінішті қабылдаудан бас тартады.
  (көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
  (көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)