Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 272 бұйрығына
15-қосымша
«Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 04.03.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап:
төлем туралы хабарлама беру – 15 (он бес) жұмыс күні;
жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенгендігі туралы мәліметтер беру 15 (он бес) жұмыс күні (төлем құжаты келіп түскен күннен бастап);
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенгендігі туралы мәліметтер беру не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде есептеледі.
Төлем қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз тәсілмен көрсетілетін қызметті берушінің есептік шотына екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау мен мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі), оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады:
1) ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін:
осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);
2) «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін:
осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама - заңды тұлға үшін (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін);
көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);
3) «құпия» деген грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін мыналар жіберіледі:
осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «құпия» деген грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама - заңды тұлға үшін (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін);
тапсырыс беруші ұйым (мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстардың тапсырыс берушілері болып табылатын мемлекеттік орган немесе мемлекеттік ұйым) мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы бірлескен және басқа жұмыстар жүргізуге арналған шарт жобасы;
көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек).
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылған болуы.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрлік басшысының атына жұмыс күндері осы Стандарттың 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почтамен не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөні мен тегі, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен күні көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) растайды. Шағымға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қоюы тиіс.
1) жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почтамен не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту мен қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің ғимараты мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталған болады.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.moa.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
«Геодезиялық және картографиялық қызмет
субъектілеріне жоспарланып отырған жұмыс
учаскелерінде жергілікті жерлердің
геодезиялық және картографиялық жағынан
зерделенгендігі туралы тиісті мәліметтер беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерінде жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендігі туралы мәліметтер беру жөніндегі жұмыстардың құны
Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерінде жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендігі туралы мәліметтер беру жөніндегі жұмыстардың құны тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінің негізінде есептеледі:
Р/с
№
|
Көрсетілетін қызметтің атауы
|
Өлшем бірлігі
|
Бір бірліктің құны, АЕК
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1-тарау. Топографиялық-геодезиялық және картографиялық мәліметтер
|
1-параграф. Координаталар мен биіктіктердің каталогтарынан үзінді-көшірме беру
|
1
|
1, 2, 3 және 4-сыныпты геодезиялық желі пункттерінің каталогтарынан координаталардың үзінді-көшірмесін беру
|
пункт
|
0,6
|
2
|
Пункттердің координаталарын координаталардың бір жүйесінен координаталардың басқа жүйесіне қайта есептеу
|
пункт
|
0,3
|
3
|
Қайта есептей отырып 1, 2, 3 және 4-сыныпты мемлекеттік геодезиялық желі пункттерінің каталогтарынан координаталардың үзінді-көшірмесін беру
|
пункт
|
0,9
|
4
|
Шоғырланудың геодезиялық желілері пункттері мен түсірілім желісінің нүктелері каталогтарынан координаталардың үзінді-көшірмесін беру
|
пункт
|
0,4
|
5
|
Геодезиялық желі пункттері биіктіктерінің каталогтарынан үзінді-көшірмесін беру
|
пункт
|
0,3
|
6
|
Реперлердің орналасқан жерін сипаттай отырып 1, 2, 3 және 4-сыныпты мемлекеттік нивелирлік желі пункттері биіктіктерінің каталогтарынан үзінді-көшірмесін беру
|
пункт
|
0,5
|
7
|
Пункттердің географиялық координаталарының каталогтарынан үзінді- көшірмелер беру
|
нүкте
|
0,2
|
2-параграф. Анықтама беру
|
8
|
Топографиялық-геодезиялық, картографиялық және аэрофототүсірілімдік зерделенуі бойынша анықтамалар мен картограммалар беру
|
|
|
|
облыстар бойынша, масштабы:
1:25 000
1:50 000
1:100 000
аудандар мен учаскелер бойынша, масштабы:
1:25 000
1:50 000
1:100 000
Масштабқа байланысты емес карталар бойынша ақпарат
|
парақ
|
23
5,8
2,9
11,8
2,9
1,5
0,1
|
3-параграф. Түпнұсқалардан көшірмелер дайындау және сканерлеу
|
9
|
Аэрофототүсірілім паспортының, таралымдық бедерлердің немесе техникалық есептен байланыстыру схемасының түпнұсқасынан көшірмелер жасау
|
көшірме
|
0,3
|
10
|
СD-дискіге көшірмесін жаза отырып, трансформациясыз, картаның стандартты парағын сканерлеу арқылы көшірме жасау
|
парақ
|
0,7
|
11
|
СD-дискіге көшірмесін жаза отырып және трансформациясыз, картаның стандартты парағын сканерлеу арқылы көшірме жасау
|
парақ
|
1,5
|
12
|
Картаның стандартты емес парағын сканерлеу арқылы көшірме жасау
|
парақ
|
1-20
|
13
|
Плоттермен басып шығару
|
шаршы метр
|
1,5
|
14
|
Әскери-топографиялық қызмет каталогының көшірмесі
|
том
|
8,7
|
15
|
Биіктіктердің жиынтық каталогының көшірмесі
|
том
|
8,7
|
16
|
Объектілік каталогтың көшірмесі
|
том
|
5,8
|
17
|
Объект бойынша техникалық есептің көшірмесі
|
кітап
|
5,8
|
Р/с
№
|
Өнімнің атауы
|
Өлшем бірлігі
|
Мөлшері, санти-метрмен
|
Бір бірлік құны (АЕК)
|
Тара-лымдық бедер-лер
|
Лами-нир-леу-мен
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
2-тарау. Картографиялық өнім
|
1-параграф. Топографиялық жоспарлар, карталар
|
1
|
Топографиялық жоспарлар, масштабтары:
1:2 000
1:5 000
1:10 000
1:25 000
|
парақ
|
-
-
-
-
|
0,3
0,3
0,6
0,7
|
-
-
-
-
|
2
|
Топографиялық карталар, масштабтары:
1:10 000
1:25 000
1:50 000
1:100 000
1:200 000
1:500 000
1:1 000 000
|
парақ
|
-
-
-
-
-
-
-
|
0,4
0,4
0,4
0,4
0,5
0,5
0,5
|
-
-
-
-
-
-
-
|
3
|
Топографиялық жоспарлардың, карталардың ақ-қара көшірмесі, масштабтары:
1:10 000
1:500 000
1:1 000 000
|
парақ парақ
парақ
|
-
-
-
|
0,3
0,3
0,3
|
-
-
-
|
2-параграф. Қазақстан Республикасының аумағына жалпы географиялық карталар
|
4
|
4 парақтан тұратын, масштабы 1:1 500 000, Қазақстан Республикасының саяси-әкімшілік картасы (мемлекеттік не орыс тілінде)
|
карта
|
140х210
|
1,1
|
2,1
|
5
|
4 парақтан тұратын, масштабы 1:1 500 000, Қазақстан Республикасының физикалық картасы (мемлекеттік не орыс тілінде)
|
карта
|
140х210
|
1,1
|
2,1
|
6
|
4 парақтан тұратын, халықаралық жол-жол етіп сызумен, масштабы 1:1 500 000, Қазақстан Республикасының бланктік картасы (орыс тілінде)
|
карта
|
140х210
|
1,1
|
2,1
|
7
|
2 парақтан тұратын, масштабы 1:2 000 000, Қазақстан Республикасының саяси-әкімшілік картасы (мемлекеттік не орыс тілінде)
|
карта
|
112х157
|
0,5
|
1,0
|
8
|
Масштабы 1:3 000 000, Қазақстан Республикасының саяси-әкімшілік картасы (мемлекеттік, орыс не ағылшын тілінде)
|
карта
|
68х100
|
0,3
|
0,5
|
9
|
2 парақтан тұратын, масштабы 1:2 500 000, Қазақстан Республикасының физикалық картасы (мемлекеттік не орыс тілінде)
|
карта
|
95х125
|
0,5
|
1,0
|
10
|
2 парақтан тұратын, масштабы 1:2 500 000, «Қазақстан Республикасының темір жолдары» картасы (орыс тілінде)
|
карта
|
95х125
|
0,5
|
1,0
|
11
|
2 парақтан тұратын, масштабы 1:2 500 000, «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары» картасы (орыс тілінде)
|
карта
|
95х125
|
0,5
|
1,0
|
12
|
2 парақтан тұратын, масштабы 1:2 500 000, «Қазақстан Республикасының магистральдық құбырлары» картасы (орыс тілінде)
|
карта
|
95х125
|
0,5
|
1,0
|
13
|
2 парақтан тұратын, масштабы 1:2 500 000, «Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалары» картасы (орыс не ағылшын тілінде)
|
карта
|
95х125
|
0,5
|
1,0
|
14
|
2 парақтан тұратын, масштабы 1:2 000 000, Қазақстан Республикасының экономикалық картасы (мемлекеттік не орыс тілінде)
|
карта
|
112х157
|
0,5
|
1,0
|
15
|
2 парақтан тұратын, масштабы 1:2 500 000, Қазақстан Республикасының «Отын-энергетикалық кешені» картасы (орыс тілінде)
|
карта
|
95х125
|
0,5
|
1,0
|
16
|
Масштабы 1:1 000 000, Қазақстан Республикасының облыстарының жалпы географиялық карталары, (мемлекеттік не орыс тілінде)
Ақтөбе облысы
Шығыс Қазақстан облысы
Қарағанды облысы
Масштабы 1:1 000 000, Қазақстан Республикасы облыстарының жалпы географиялық карталары (мемлекеттік не орыс тілінде)
Ақмола облысы;
Алматы облысы;
Атырау облысы;
Батыс Қазақстан облысы;
Жамбыл облысы;
Қостанай облысы;
Қызылорда облысы;
Маңғыстау облысы;
Павлодар облысы;
Солтүстік Қазақстан облысы;
Түркістан облысы.
|
карта
|
79х90
77х89
68х111
52х80
63х79
50х83
52х70
55х66
63х80
71х83
63х68
52х59
49х72
50х71
|
0,2
0,2
|
0,4
0,3
|
17
|
2 парақтан тұратын, масштабы 1:500 000, Қазақстан Республикасы облыстарының саяси-әкімшілік және физикалық карталары (мемлекеттік не орыс тілінде)
Ақмола облысы;
Атырау облысы;
Батыс Қазақстан облысы;
Жамбыл облысы;
Маңғыстау облысы;
Павлодар облысы;
Солтүстік Қазақстан облысы;
Түркістан облысы;
4 парақтан тұратын, масштабы 1:500 000, Қазақстан Республикасының облыстарының саяси-әкімшілік және физикалық карталары (мемлекеттік не орыс тілінде)
Ақтөбе облысы;
Алматы облысы;
Шығыс Қазақстан облысы;
Қарағанды облысы;
Қостанай облысы;
Қызылорда облысы.
|
карта
|
104х136
99х158
105х131
99х122
112х137
97х120
97х124
95х141
154х174
134х154
152х169
141х219
120х160
132х145
|
0,3
0,6
|
0,7
1,5
|
18
|
Жұмсақ мұқабадағы, масштабы 1:1 000 000, облыстардың 14 жалпы географиялық картасы мен масштабы 1:3 000 000, 1 Қазақстан Республикасы саяси-әкімшілік картасынан тұратын жиынтық
|
жиын-тық
|
-
|
3,2
|
-
|
19
|
Қатты мұқабадағы, масштабы 1:1 000 000, облыстардың 14 жалпы географиялық картасы мен масштабы 1:3 000 000, 1 Қазақстан Республикасының саяси-әкімшілік картасынан тұратын жиынтық
|
альбом
|
-
|
3,8
|
-
|
20
|
Облыстар бойынша географиялық атаулардың каталогы
|
кітап
|
-
|
0,3
|
-
|
21
|
2 парақтан тұратын, масштабы 1:25 000 000, әлемнің саяси картасы (орыс тілінде)
|
карта
|
100х144
|
0,5
|
1,0
|
22
|
Масштабы 1:32 000 000, әлемнің саяси картасы (мемлекеттік не орыс тілінде)
|
карта
|
78х111
|
0,3
|
0,6
|
23
|
2 парақтан тұратын, масштабы 1:25 000 000, әлемнің физикалық картасы (орыс тілінде)
|
карта
|
100х144
|
0,5
|
1,0
|
24
|
4 парақтан тұратын, масштабы 1:20 000 000, әлемнің физикалық картасы (мемлекеттік не орыс тілінде)
|
карта
|
136х185
|
0,6
|
1,5
|
25
|
Масштабы 1:16 000 000, «Еуразия» саяси картасы (орыс тілінде)
|
карта
|
68х100
|
0,3
|
0,5
|
26
|
10 парақтан тұратын, масштабы 1:10 000, Алматы қаласының жоспар-схемасы (орыс тілінде)
|
карта
|
204х326
|
1,8
|
4,3
|
27
|
2 парақтан тұратын, масштабы 1:20 000, Алматы қаласының жоспар-схемасы (орыс тілінде)
|
карта
|
112х157
|
0,5
|
1,0
|
28
|
2 парақтан тұратын, масштабы 1:12 500, Астана қаласының жоспар-схемасы (орыс тілінде)
|
карта
|
104х133
|
0,5
|
1,0
|
29
|
Масштабы 1:35 000, Алматы қаласының жоспар-схемасы (орыс не ағылшын тілінде)
|
буклет
|
-
|
0,2
|
-
|
30
|
Масштабы 1:20 000, Алматы қаласы аудандарының жоспар-схемасының жиынтығы (орыс тілінде)
|
жиын-тық
|
-
|
1,1
|
-
|
31
|
Масштабы 1:10 000, Алматы қаласы аудандарының жоспар-
схемалары (орыс тілінде)
|
|
|
|
|
|
2 парақтан тұратын, масштабы 1:10 000, Алматы қаласының:
Алмалы;
Әуезов;
Бостандық
аудандарының жоспар-схемалары (орыс тілінде)
2 парақтан тұратын, масштабы 1:10 000, Алматы қаласының:
Алатау;
Жетісу;
Медеу;
Түрксіб
|
карта
|
76х105
82х109
76х106
106х138
105х135
106х152
108х135
|
0,3
0,5
|
0,5
0,8
|
32
|
Әрбір облыс бойынша, масштабы 1:1 000 000, «Қазақстан Республикасы облыстарының автомобиль жолдары» карта-буклеті
|
буклет
|
-
|
0,2
|
-
|
33
|
Масштабы 1:3 500 000, «Тәуелсіз мемлекеттер достастығының, Қазақстан Республикасының темір жолдары» картасы (орыс тілінде)
|
буклет
|
-
|
0,2
|
-
|
34
|
Масштабы 1:3 500 000, «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары» картасы (орыс тілінде)
|
буклет
|
-
|
0,2
|
-
|
35
|
Масштабы 1:200000, «Алматы қаласының төңірегі» картасы (орыс тілінде)
|
буклет
|
-
|
0,2
|
-
|
36
|
Масштабы 1:200 000, «Солтүстік Тянь-Шань асулары» картасы (орыс тілінде)
|
буклет
|
-
|
0,2
|
-
|
«Геодезиялық және картографиялық қызмет
субъектілеріне жоспарланып отырған жұмыс
учаскелерінде жергілікті жерлердің геодезиялық
және картографиялық жағынан зерделенгендігі
туралы тиісті мәліметтер беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер
ресурстарын басқару комитетінің төрағасы ________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)
__________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________
тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы)
__________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі), мекенжайы, байланыс телефоны (бар болса))
Ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш
Алу жоспарланып отырған мәліметтердің тізбесі және олардың саны ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенгендігі туралы мәліметтер бергені үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге хабарлама алатын мекенжай ___________________________________________________________________ (почта мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық почта мекенжайы) Күні ______ Өтініш беруші ________________________________________ (жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы, мөрі (бар болса))
«Геодезиялық және картографиялық қызмет
субъектілеріне жоспарланып отырған жұмыс
учаскелерінде жергілікті жерлердің
геодезиялық және картографиялық жағынан
зерделенгендігі туралы тиісті мәліметтер беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер
ресурстарын басқару комитетінің төрағасы ___________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)
___________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________________________ тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы)
___________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі), мекенжайы, байланыс телефоны (бар болса))
«Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш
Көрсетілетін қызметті алушының атауы:________________________________ Көрсетілетін қызметті алушының ведомстволық және мемлекеттік тиесілігі: __________________________________________________________________ (азаматтығын көрсету керек) Сұралып отырған «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар мәліметтер мен материалдардың тізбесі: _________________________________ _____________________________________________________________________ Мәліметтерді берудің қажеттілігі мен орындылығының негіздемесі _____________________________________________________________________ «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар материалдарды алу жоспарланып отырған мерзім___________________________________________ Жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенгендігі туралы мәліметтер бергені үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге хабарлама алатын мекенжай ____________________________________________________ (почта мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық почта мекенжайы) Күні ______ Өтініш беруші ________________________________________________ (жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы, мөрі (бар болса))
«Геодезиялық және картографиялық қызмет
субъектілеріне жоспарланып отырған жұмыс
учаскелерінде жергілікті жерлердің
геодезиялық және картографиялық жағынан
зерделенгендігі туралы тиісті мәліметтер
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша
Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер
ресурстарын басқару комитетінің төрағасы _________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)
___________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________ тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы)
___________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі), мекенжайы, байланыс телефоны (бар болса))
«Құпия» деген грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтінім
Көрсетілетін қызметті алушының атауы:_________________________________ ________________________________________________________________________ Көрсетілетін қызметті алушының ведомстволық және мемлекеттік тиесілігі:_______ ________________________________________________________________________ (азаматтығын көрсету керек) Сұралып отырған мәліметтердің тізбесі, олардың құпиялылық дәрежесі ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ Мәліметтерді берудің қажеттілігі мен орындылығының негіздемесі ________________________________________________________________________ Орындаушы ұйымның мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыстарды жүргізуіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті немесе оның органдары рұқсатының нөмірі мен күні: _____________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік құпияларға рұқсаты_____________ ______________________________________________________________________ (мемлекеттік құпияларға рұқсаттың нысаны, нөмірі мен күні) Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді алу жоспарланып отырған мерзім________________________________________________________ Жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенгендігі туралы мәліметтер бергені үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге хабарлама алатын мекенжай ______________________________________________________ (почта мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық почта мекенжайы)
Қосымша: көрсетілетін қызметті алушының тапсырыс беруші ұйымы мен көрсетілетін қызметті алушының арасындағы бірлескен және басқа жұмыстарды жүргізуге арналған шарт жобасы.
Күні ______ Өтініш беруші ___________________________________________ (жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы, мөрі (бар болса))