• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 26 қаулысына 3-қосымша

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру туралы ереже
Осы Ереже күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 жылғы № 198 Қаулысына сәйкес
Редакция 24.12.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Осы Ереже «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру тәртібі мен шарттарын белгілейді.
2. Қордың акцияларын сатып алу үшін сақтандыру міндетті түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығын алуға ниет ететін, Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру жөніндегі заңнамалық актісінде Қорға міндетті қатысуы көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға не сақтандыру ұйымы (бұдан әрі - өтініш беруші) Қорға Заңның 9-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және Заңның 5-бабының 3-тармағында белгіленген шектеуді ескере отырып, Қордың акцияларын сатып алу туралы өтінішті (бұдан әрі - өтініш) ұсынады.
Қор акцияларының сатып алу туралы өтініште мынадай ақпарат қамтылады:
1) өтініштің күні мен шығыс нөмірі;
2) өтініш беруші сатып алғысы келетін акциялардың саны;
3) өтініш берушінің атауы, орналасқан жері, мөрі, бірінші басшының не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мүдделерін білдіруге өкілетті өзге тұлғаның қолы.
3. Өтінішті алғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде Қор құжаттарды табыс ету электронды құралдары (факс, электронды пошта) арқылы сұрату жіберу жолымен, міндетті түрде қағаз тасымалдауышта растауымен Қор акционерлеріне Қор акцияларын өтініш берушіге сату туралы ұсынысты, өтініш беруші сатып алғысы келетін акциялардың санын көрсете отырып, жібереді.
Қордың сұратуын құжаттарды табыс ету электронды құралдарын (факс, электронды пошта) пайдалана отырып, алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қор акционері сатуға жоспарланған акциялардың санын көрсете отырып, өзінің акцияларды сату туралы ниетін не өтініш берушіге акцияларды сатудан бас тартуын білдіреді.
Қордың сұратуына жауаптың болмауы Қор акционерінің өтініш берушіге акцияларды сатудан бас тартуы деп танылады.
4. Қор акционерінің өтініш берушіге акцияларды сату ниетін, сатуға арналған акциялардың санын көрсете отырып, растағаннан кейін Қор екі жұмыс күн ішінде осы шешімді өтініш берушіге мәлімет үшін жеткізеді.
Қор акцияларын сатып алу – сату шартын жасасу күні туралы шешім, Қор акционерімен және өтініш берушімен келісу бойынша Қор акционерінің Қор акцияларын өтініш берушіге сату туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күннен аспайтын мерзімде Қормен қабылданады.
5. Жарияланған акцияларды орналастыру, сондай-ақ бұрын сатып алынған акцияларды сату Қордың барлық акционерлерінен Қор акцияларын өтініш берушіге сатудан бас тартуды алған жағдайда Қормен жүзеге асырылады.
6. Қор акцияларын оның жарияланған акцияларының саны шегінде орналастыру туралы шешім, егер Қор жарғысында осы мәселе оның құзырына жатқызылған болса, өтініш беруші сатып алуға ниеттенген акциялар санын ескере отырып, Қордың директорлар кеңесімен немесе акционерлерінің жалпы жиналысымен (бұдан әрі - Қордың уәкілетті органы) қабылданады.
7. Қор акцияларының, оларды орналастырған кездегі құны Қор акцияларының құнын анықтау әдістемесіне сәйкес анықталады.
8. Орналастырылатын (сатылатын) акцияларды басымдықпен сатып алу құқығы бар акционерлердің тізімі, қордың жазбаша өкіміне сәйкес, Қор акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің Қордың уәкілетті органының Қор акцияларын орналастыру (сату) туралы шешім қабылдау күнінің басындағы (00 сағат 00 минуттағы) деректері негізінде тіркеушімен жасалады.
9. Қор акционерлеріне орналастырылатын (сатылатын) акцияларды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес сатып алу туралы ұсынысты өз акционерлеріне мәлімет үшін, осы Ереженің 8-тармағына сәйкес тіркеушімен Қорға ұсынылған тізім бойынша, көрсетілген ұсынысы бар жеке хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) құжаттарды табыс ету электронды құралдарын (факс, электронды пошта) пайдалана отырып, міндетті түрде қағаз тасымалдауышта растаумен әрбір Қор акционеріне жіберу арқылы жеткізіледі.
Хабарламада мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) хабарламаның күні мен шығыс нөмірі;
2) орналастырылатын (сатылатын) акциялардың саны;
3) орналастырылған (Қормен сатып алынғандарды шегергендегі) акциялар саны мен орналастырылатын (сатылатын) акциялар санының ара қатынасы;
4) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 16-бабының 1-тармағының талаптарын ескергендегі орналастырылатын (сатылатын) акцияларды сатып алу шарттары;
5) Қор акцияларының құнын анықтау әдістемесіне сәйкес анықталатын орналастырылатын (сатылатын) акцияларының орналастыру (сату) бағасы;
6) акционер тегін, атын, (бар болса - әкесінің атын), әрбір осындай пошта адресі бойынша Қор акционерлерімен Қор акцияларын басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес олар орналастыратын (сататын) акцияларды сатып алу мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыратын тұлғалардың байланыс деректемелерін көрсетіп, орналастырылатын (сатылатын) акцияларын сатып алуға өтінімін бере алатын пошта адрестері.
Хабарламалар Қор акционерлеріне Қордың уәкілетті органы Қор акцияларын орналастыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде жіберіледі.
10. Акционер орналастырылатын (сатылатын) акцияларды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес сатып алуға өтінімін бере алатын мерзім осы Ереженің 8-тармағына сәйкес Қордың тіркеушісі жасаған тізімде көрсетілген акционердің Қордың хабарламасын құжаттарды табыс ету электронды құралдарын (факс, электронды пошта) пайдалану арқылы алған күннен бастап отыз күнді құрайды.
11. Қор акционерінің өтінімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) өтінімнің күні мен шығыс нөмірі;
2) Қор акционері сатып алуға ниеттенген акциялардың саны;
3) Қор акционері оларға қатысты басымдықпен сатып алу құқығын іске асырудан бас тартқан акциялардың саны;
4) Қордың қатысушы ұйымының атауы, орналасқан жері және мөрі, оның бірінші басшысының не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мүдделерін білдіруге уәкілетті тұлғаның қолы.
12. Қағаз тасымалдауышта жасалған, Қор акционерінің орналастырылатын (сатылатын) акцияларды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес сатып алуға өтінімі құжаттарды табыс ету электронды құралдарын (факс, электронды пошта) пайдалану арқылы міндетті түрде қағаз тасымалдауышта растаумен жіберіледі немесе қордың хабарламасында көрсетілген адрес бойынша акционердің өзі немесе оның уәкілетті өкілі ұсынады. Акционердің өзі немесе оның уәкілетті өкілі ұсынған жағдайда өтінім екі данада жасалады да өтінімнің екінші данасында оны алу туралы, алған күнін және уақытын, оны алған адамның тегін, атын (бар болса - әкесінің атын) көрсете отырып, белгі қойылады.
Егер Қор акционері ұсынған өтінім осы Ереженің талаптарын бұзып ресімделген болса, Қор анықталған кемшіліктерді жойып, осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген мерзім шегінде өтінімді қайта жіберу үшін осындай өтінімді акционерге бір жұмыс күні ішінде қайтарады.
13. Осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген мерзімі аяқталғанға дейін Қор акционерлерінің орналастырылатын (сатылатын) акцияларды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес сатып алуға өтінімдері келіп түскеннен кейін Қор осы өтінімдерді орындайды, сондай-ақ Қор акционерлері басымдықпен сатып алу құқығын іске асырудан бас тартқан акцияларды өтініш берушіге орналастырады (сатады).
14. Егер Қор акционерлері өтінімдерді осы ереженің 10-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынбаған жағдайда Қор акцияларды көрсетілген мерзімі өткеннен кейін орналастырады (сатады).
15. Қор акционерлерінің жалпы жиналысы жарияланған акциялар санының шегінде акцияларды орналастыру (сату) туралы шешім қабылдаған жағдайда, осы жалпы жиналыста орналастырылатын акцияларды басымдықпен сатып алу құқығынан жазбаша бас тарту ұсынылуы мүмкін.
16. Қор хабарлама дубликаттарын, хабарламаны, құжаттарды табыс ету электронды құралдарын (факс, электрондық пошта) пайдалана отырып, жібергенін және оның жеткізілгенін растайтын құжаттарын, акционерлердің орналастырылатын (сатылатын) акцияларды сатып алуға өтінімдерін қамтыған, акционерлер жіберген хабарламалардың есебін жүргізеді.
17. Осы Ереженің 8-тармағына сәйкес тіркеуші тізімді жасаған күннен бастап осы акционерге акцияларды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес сатып алуға өтінімді беру үшін берілген отыз күнтізбелік күн өткенге дейінгі кезеңде Қор акционері акцияларды иелігінен шығарған кезде, егер бұрынғы акциялар иегері осындай өтінімді бермеген жағдайда, осы құқық жаңа иегерімен жүзеге асырылады.
18. Қордың жарияланған орналастырылмаған немесе сатып алынған акцияларын сатып алу-сату туралы шарты өтініш берушімен осы Ереженің 13-тармағында көзделген іс-шаралар жүргізілгеннен кейін бес жұмыс күн ішінде жасалады.
19. Қорда орналастырылмаған жарияланған акциялары болмаған жағдайда Қор жарияланған акцияларды сатып алған (иеленген) күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға акциялар шығарылымының проспектісіне тиісті өзгерістер енгізу жолымен жарияланған акциялар санын ұлғайту жөніндегі құжаттар пакетін ұсынады.
19-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 жылғы № 261 Қаулысымен (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.02.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
20. Қор ай сайын Қор акцияларының құнын анықтау әдістемесіне сәйкес анықталатын бір Қор акциясының құны туралы ақпаратты Қордың интернет-ресурсында орналастырады.