Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы
1 наурыздағы № 26 қаулысына
5-қосымша
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына қатысушы сақтандыру ұйымдарына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану ережесі
Редакция 24.12.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы Ереже «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Қор) қатысушы сақтандыру ұйымдарына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібін белгілейді.
2. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қордың қаржылық жай-күйін нашарлатқан Қорға қатысушы сақтандыру ұйымдарының бұзушылықтарын, Қорға қатысушы сақтандыру ұйымдары лауазымды тұлғаларының немесе қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін анықтаған жағдайларда, уәкілетті орган Қорға қатысушы сақтандыру ұйымына мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолданады:
3. Уәкілетті орган Қорға қатысушы сақтандыру ұйымына, бұрын оған ықпал ету шараларының қолданылғанына қарамастан, осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген кез келген шектеулі ықпал ету шарасының біреуін қолданады.
4. Уәкілетті орган қолданылған шектеулі ықпал ету шаралардың есебін жүргізеді.
5. Қорға қатысушы сақтандыру ұйымдарына, анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарын, сондай-ақ шарттық міндеттемелерін бұзушылықтарын қатаң түрде белгіленген мерзімдерде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдау туралы және келешекте Қазақстан Республикасының заңнама бұзушылықтарына жол бермеу туралы нұсқау жазбаша ұйғарым болып табылады.
Уәкілетті орган Қорға қатысушы сақтандыру ұйымдарының атына анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдау туралы жазбаша ұйғарым шығарады.
Түзету шаралары жазбаша ұйғарымда көрсетіледі және орындалуы міндетті мынадай шаралар болып табылады:
1) Қор алдындағы міндеттемелерді орындау бойынша;
2) анықталған уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтарын жою бойынша;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қорға қатысушы сақтандыру ұйымдарына қойылатын басқа талаптарды орындау бойынша.
Қорға қатысушы сақтандыру ұйымы уәкілетті органды жазбаша ұйғарымды, онда көрсетілген мерзімде орындағаны туралы хабардар етеді.
Уәкілетті органның жазбаша ұйғарымы бойынша сотқа шағымдану, оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
6. Уәкілетті орган мен Қорға қатысушы сақтандыру ұйымы арасындағы анықталған жөнсіздіктерді және (немесе) кемшіліктерді жою қажеттілігі туралы және осы жөнсіздіктерді және (немесе) кемшіліктерді жою бойынша бірінші кезектегі шараларды бекіту туралы келісім – жазбаша келісім болып табылады. Жазбаша келісім екі тарап орын алған жөнсіздіктерді және (немесе) кемшіліктерді жою үшін оларды уәкілетті орган анықтаған сәттен бастап екі айдан артық уақыт қажет болады деген қорытындыға келген жағдайда жасалады.
Уәкілетті орган Қорға қатысушы сақтандыру ұйымымен анықталған кемшіліктерді дереу жою қажеттілігі туралы және осыған байланысты бірінші кезектегі шараларды бекіту туралы жазбаша келісім жасасады.
Жазбаша келісім Қорға қатысушы сақтандыру ұйымының басқару органының және (немесе) атқару органының бірінші басшысымен немесе оның орнындағы тұлғамен жасалады.
Жазбаша келісімде Қорға қатысушы сақтандыру ұйымының басқару органы және (немесе) атқару органының кемшіліктерді жою, қаржылық жағдайын жақсарту бойынша жасалуы тиіс іс-әрекеттері мен оларды орындау мерзімдері көрсетіледі. Жазбаша келісімге сәйкес, Қорға қатысушы сақтандыру ұйымы оның талаптарын орындау бойынша өзіне міндеттеме қабылдайды.
Жазбаша келісім мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады.