• Мое избранное
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесі қабылдайтын шешімдерді келісу ережесі

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 26 қаулысына 6-қосымша

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесі қабылдайтын шешімдерді келісу ережесі
Редакция 24.12.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Осы Ереже «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) акционерлерінің жалпы жиналысы және директорлар кеңесі қабылдайтын шешімдерді қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісу тәртібін белгілейді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 жылғы № 261 Қаулысымен (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.02.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Қордың акционерлерінің жалпы жиналысымен және директорлар кеңесімен Заңның 4-бабының 2-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша қабылданатын шешімдері Заңның 4-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті органмен келісуге жатады.
3. Акционерлердің жалпы жиналысымен немесе директорлар кеңесімен қабылданған шешімдерін келісуден бас тартылған жағдайда уәкілетті орган осындай шешімдерге қатысты тыйым салады, тыйым салудың дәлелді негіздемесі қоса ұсынылады.
4. Уәкілетті органның келісуі туралы немесе келісуден бас тарту және тыйым салу туралы шешім жазбаша ресімделеді және оған уәкілетті органның басшысы не оның орнындағы тұлға қол қояды.
5. Заңның 4-бабының 2-тармағында көрсетілген, қабылданған шешімдерді уәкілетті органмен келіспей Қормен жасалған мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарамсыз болып саналады.
6. Шешімді келісу үшін Қор акционерлердің жалпы жиналысының немесе директорлар кеңесі отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде оны уәкілетті органға, мынадай құжаттарды қоса бере отырып, ұсынады:
1) дауыс беру қорытындысы туралы хаттама;
2) негізінде хаттама жасалған, тікелей құпия және сырттай дауыс беру үшін толтырылған бюллетеньдер (оның ішінде жарамсыз деп танылған бюллетеньдер);
3) жалпы жиналысқа қатысу және дауыс беру, сондай-ақ хаттамаға қол қою құқығына сенімхат;
4) хаттамаға қол қоюдан бас тартудың себептерінің жазбаша түсініктемелері;
5) күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар.
7. Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған не толық көлемде ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган үш жұмыс күн ішінде Қорды жетіспейтін құжаттар туралы хабардар етеді.
8. Қор уәкілетті органның жетіспейтін құжаттар туралы хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде жетіспейтін құжаттарды ұсынады.
9. Уәкілетті орган Қормен соңғы құжат тапсырылған күнінен бастап он жұмыс күн ішінде шешімді келіседі не бас тартудың негіздемесін көрсете отырып, тыйым салу туралы шешім қабылдайды.
10. Уәкілетті органның Қордың акционерлерінің жалпы жиналысының және директорлар кеңесінің шешіміне тыйым салу туралы шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес шағым жасалуы мүмкін. Бұл ретте көрсетілген шешім бойынша шағымдану тыйым салудың қолданылуын тоқтата тұрмайды.