• Мое избранное
Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына 1-қосымша

1-қосымша күшін жойды 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023 жылғы № 263 Бұйрығына сәйкес 
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 13.05.2019 жылғы № 238 Бұйрығына сәйкес (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
Редакция 31.01.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.12.2021 жылғы № 488 Бұйрығына сәйкес (16.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Стандарт стационарлық жағдайда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруға арналған, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында стационарлық үлгідегі ұйымдарда (бұдан әрі – стационарлық үлгідегі ұйымдар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және шарттарын белгілейді, стационарлық үлгідегі ұйымдарға:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды (бұдан әрі – балалар);
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерді (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектерді (бұдан әрі – мүгедектер);
5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарды (бұдан әрі – қарттар) қабылдау, ұстау, шығару (шығарып жіберу), уақытша шығу және ауыстыру шарттарын айқындайды.
Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп қызметтерді алушылар болып аталады.
2-тарау. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну шарттары
3. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну қызметтерді алушының тұрғылықты жері бойынша аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері) жолдамалары бойынша жүзеге асырылады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.01.2022 жылғы № 9 Бұйрығына сәйкес (23.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік емес меншік нысанындағы стационарлық үлгідегі ұйымдар қызметтерді алушыларды қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады.
5. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөліміне мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:
5-тармақ өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.12.2021 жылғы № 488 Бұйрығымен (16.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.01.2022 жылғы № 9 Бұйрығына сәйкес (23.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуі, қамқоршының немесе қорғаншының, асырап алушының, баланы қабылдайтын ата-ананың, патронат тәрбиешінің және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың, он сегіз жастан асқан адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын алмастырушы басқа да адамдардың) (бұдан әрі – заңды өкілі) өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;
2) сәйкестендіру үшін қызметтерді алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
3) амбулаториялық картадан немесе сырқатнамадан үзінді көшірмесімен қоса осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы.
Жұмыспен қамту бөлімі өтінішті қабылдау кезінде ЖСН бойынша «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мынадай:
1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;
2) мүгедектікті белгілеу туралы;
3) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында (бұдан әрі – ОЖБ) әзірленген іс-шаралар туралы;
4) он сегіз жастан асқан адамдар үшін - соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі (бар болса);
5) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін зейнетақы жасы туралы;
6) Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын мәліметтерді алу үшін сұрау салуды қалыптастырады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) он сегіз жастан асқан адамдар үшін - адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі (бар болса);
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.
Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін медициналық картадан басқасы өтініш берушіге қайтарылады.
6. Осы Стандарттың 5-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы сәйкес болған жағдайда жұмыспен қамту бөлімінің маманы «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Е-собес» ААЖ) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) өтінішіндегі деректерді енгізеді.
7. Жергілікті атқарушы орган арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қызметтер алушының тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөлімі қызметтер алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы және әлеуметтік қызметтер порталында (http://aleumet.egov.kz) (бұдан әрі – портал) авторизациялау және стационарлық үлгідегі ұйымды таңдау қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.01.2022 жылғы № 9 Бұйрығына сәйкес (23.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мобильдік азаматтар базасында қызметтерді алушының абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болған кезде қызметтерді алушыға СМС-хабарлама беру арқылы «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөміріне «Е-Собес» ААЖ-дан порталда авторизациялау және стационарлық үлгідегі ұйымды таңдау қажеттігі туралы хабарлама қосымша жіберіледі.
Хабарламаны алғаннан кейін қызметтерді алушы он жұмыс күні ішінде ЭЦҚ арқылы порталда авторизацияланады және стационарлық үлгідегі ұйымды таңдайды.
Қызмет алушыда интернет-ресурсқа қолжетімділік болмаған жағдайда, қызметтер алушы жұмыспен қамту бөлімінің өзіне-өзі қызметтер көрсету секторына жүгінеді.
Бос орын болған кезде қызметтерді алушы он жұмыс күні ішінде стационарлық үлгідегі ұйымға келеді. Қызметтер алушының белгіленген мерзімде стационарлық үлгідегі ұйымға келуге физикалық қабілеті (ауруы, емдеуге жатқызылуы) болмаған жағдайда, қызметтер алушы стационарлық үлгідегі ұйымды хабардар етеді және оған келу мерзімін қосымша күнтізбелік отыз күнге дейін бір рет ауыстыру мүмкіндігі беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының сырқаттануына, ауруханаға жатқызылуына байланысты белгіленген мерзімде стационарлық үлгідегі ұйымға келуге физикалық қабілетсіздігі туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілінің (кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз адамдар үшін) ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы стационарлық үлгідегі ұйымға жіберіледі.
Қызметтер алушы стационарлық үлгідегі ұйымға белгіленген мерзімде келмеген жағдайда кезек келесі қызметтер алушыға өтеді.
Таңдалған стационарлық үлгідегі ұйымда бос орын болмаған жағдайда, қызметті алушы ЭЦҚ арқылы порталда авторизациялау жолымен өз бетінше кезекке тұрады.
Стационарлық үлгідегі ұйымда орын босаған кезде кезекте бірінші тұрған қызмет алушыға стационарлық үлгідегі ұйымға он жұмыс күні ішінде келу қажеттігі туралы смс-хабарлама жіберіледі.
ОЖБ мерзімі өткен порталда кезекте тұрған қызмет алушылар қайта куәландырудан өтеді және алдыңғы кезекті сақтай отырып (стационарлық үлгідегі ұйымда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге ОЖБ болған кезде) порталда тіркеледі.
Он сегіз жасқа толған және стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қарттарға, мүгедектерге және (немесе) он сегіз жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін стационарлық үлгідегі ұйымға кезектен тыс қабылданады.
Егер кезекке қойылған күннен бастап бір айдан астам уақыт өтсе, онда қызметтерді алушыны стационарлық үлгідегі ұйымға ресімдеу кезінде қызметтерді алушы осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтадан медициналық тексеруден өтуі қажет. Қызметтерді алушыда медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда, жұмыспен қамту бөлімінің арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну туралы шешімі қызметтерді алушы онда медициналық қарсы көрсетілімнің жоқ екені туралы куәландыратын осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картаны ұсынғанға дейін тоқтатыла тұрады.
8. Қызметтер алушы стационарлық үлгідегі ұйымды таңдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту бөлімі бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын стационарлық үлгідегі ұйымға мынадай құжаттарды жолдайды:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.01.2022 жылғы № 9 Бұйрығына сәйкес (23.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешімі;
2) амбулаториялық картадан немесе сырқатнамадан үзінді көшірмесімен қоса осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы;
3) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, осы Стандарттың 5-тармағының 3 абзацында көрсетілген құжаттар.
9. Стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаж балаларды және (немесе) ТҚА бұзылған балаларды және (немесе) он сегіз жастан асқан адамдарды стационарлық үлгідегі ұйымның әкімшілігіне тапсырған кезде заңды өкілі мынадай құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.01.2022 жылғы № 9 Бұйрығына сәйкес (23.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
он сегіз жастан асқан адамдар үшін – ЖСН-і бар жеке басын куәландыратын құжат, соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі (бар болса);
балалар үшін – ЖСН-і бар туу туралы куәлік және «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарына сәйкес нысан бойынша профилактикалық егу картасы.