• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына 2-қосымша

2-қосымша күшін жойды 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023 жылғы № 263 Бұйрығына сәйкес
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 13.05.2019 жылғы № 238 Бұйрығына сәйкес (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
Редакция 31.01.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.12.2021 жылғы № 488 Бұйрығына сәйкес (16.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 
2. Осы Стандарт тәуліктің күндізгі уақытында ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) болуға арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда (бұдан әрі – жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және шарттарын белгілейді, мыналарға:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға (бұдан әрі – балалар);
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге (бұдан әрі – мүгедектер);
5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (бұдан әрі – қарттар) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну, тоқтату (тоқтата тұру) шарттарын айқындайды.
Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп қызметтерді алушылар деп аталады.
2-тарау. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну шарттары
3. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері) жолдамалары бойынша қызметтерді алушының тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.01.2022 жылғы № 9 Бұйрығына сәйкес (23.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 
4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік емес меншік нысанындағы жартылай стационарлық үлгідегі ұйым қызметтерді алушыларды қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады.
Қызметтерді алушыларға әзірленген мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) бойынша бір уақытта екі жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер алуға жол берілмейді.
5. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөліміне мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:
5-тармақ өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.12.2021 жылғы № 488 Бұйрығымен (16.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.01.2022 жылғы № 9 Бұйрығына сәйкес (23.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 
1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының немесе қорғаншының, асырап алушы, баланы қабылдайтын ата-ана, патронат тәрбиеші және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың, он сегіз жастан асқан адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын алмастырушы басқа да адамдардың) (бұдан әрі – заңды өкілі) өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;
2) сәйкестендіру үшін қызметтерді алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
3) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы;
Жұмыспен қамту бөлімі өтінішті қабылдау кезінде ЖСН бойынша «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мынадай:
1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;
2) мүгедектікті белгілеу туралы;
3) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында (бұдан әрі – ОЖБ) әзірленген іс-шаралар туралы;
4) он сегіз жастан асқан адамдар үшін - соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі (бар болса);
5) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы;
6) Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын мәліметтерді алу үшін сұрау салуды қалыптастырады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) он сегіз жастан асқан адамдар үшін - адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі (бар болса);
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.
Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін медициналық картадан басқасы өтініш берушіге қайтарылады.
6. Осы Стандарттың 5-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы сәйкес болған жағдайда жұмыспен қамту бөлімінің маманы «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Е-собес» ААЖ) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) өтінішіндегі деректерді енгізеді.
7. Жергілікті атқарушы орган арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қызметтер алушының тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөлімі қызметтер алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы және әлеуметтік қызметтер порталында (http://aleumet.egov.kz) (бұдан әрі – портал) авторизациялау және полустационарлық үлгідегі ұйымды таңдау қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.01.2022 жылғы № 9 Бұйрығына сәйкес (23.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 
Мобильдік азаматтар базасында қызметтерді алушының абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болған кезде қызметтерді алушыға СМС-хабарлама беру арқылы «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөміріне «Е-Собес» ААЖ-дан порталда авторизациялау және стационарлық үлгідегі ұйымды таңдау қажеттігі туралы хабарлама қосымша жіберіледі.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді тағайындау туралы хабарламаны алғаннан кейін қызметтерді алушы бес жұмыс күні ішінде ЭЦҚ арқылы порталында авторизацияланады және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымды таңдайды.
Қызметтер алушыда интернет-ресурсқа қолжетімділік болмаған жағдайда, қызметтер алушы жұмыспен қамту бөлімінің өзіне-өзі қызметтер көрсету секторына жүгінеді.
Бос орын болған кезде Қызметтерді алушы үш жұмыс күні ішінде жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға келеді. Қызмет алушының белгіленген мерзімде жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға келуге физикалық қабілеті (ауруы, емдеуге жатқызылуы) болмаған жағдайда, қызмет алушы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымды хабардар етеді және оған келу мерзімін қосымша күнтізбелік он төрт күнге дейін бір рет ауыстыру мүмкіндігі беріледі. Бұл ретте жартылай стационарлық үлгідегі ұйым ол болмаған уақытта кезекте тұрған келесі қызмет алушыны қабылдайды.
Қызмет алушы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға белгіленген мерзімде келмеген жағдайда кезек келесі қызметтер алушыға өтеді.
Таңдалған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда бос орын болмаған жағдайда, қызметті алушы ЭЦҚ арқылы порталда авторландыру жолымен өз бетінше кезекке тұрады.
ОЖБ мерзімі өткен порталда кезекте тұрған қызмет алушылар қайта куәландырудан өтеді және алдыңғы кезекті сақтай отырып (жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге ОЖБ болған кезде) порталда тіркеледі. 
8. Қызмет алушы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымды таңдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту бөлімі бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға мынадай құжаттарды жолдайды:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.01.2022 жылғы № 9 Бұйрығына сәйкес (23.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 
1) жұмыспен қамту бөлімінің арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешімі;
2) амбулаториялық картадан немесе сырқатнамадан үзінді көшірмесімен қоса осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы;
3) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда – осы Стандарттың 5-тармағының 3 абзацында көрсетілген құжаттар.
9. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және соларға теңестiрiлген адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда бірінші кезекте беріледі.
10. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуі кезінде:
1) қызметтерді алушылардың жеке басына қолсұғылмаушылық пен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) қолайлы моральдық психологиялық жағдай жасау;
3) қызметтерді алушыларға осы Стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсету сақталады.
11. Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын қызметтерді алушыларды бір жартылай стационарлық үлгідегі ұйымнан бір елді мекен шегіндегі басқасына ауыстыру облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті органдар) келісімі бойынша қызметтерді алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін заңды өкілінің жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады. Уәкілетті орган қызметтерді алушыны ауыстыру жүзеге асырылатын ұйымда бос орындар болған жағдайда, тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөлімі сұрау салу келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ауыстыруға келісім береді.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.01.2022 жылғы № 9 Бұйрығына сәйкес (23.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)