Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 165 бұйрығына 3-қосымша
Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты
Редакция 31.01.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Стандарт қызметтерді алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында үйде қызметтер көрсету ұйымдарда (бұдан әрі – үйде қызметтер көрсету ұйымдары) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және тәртібін белгілейді, мыналарға:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға (бұдан әрі – балалар);
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге (бұдан әрі – мүгедектер);
5) егде жасына байланысты өзіне қызметтер көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (бұдан әрі – қарттар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, тоқтату және тоқтата тұру шарттарын айқындайды.
Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп қызметтерді алушылар болып аталады.
2-тарау. Үйде қызметтер көрсететін ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну шарттары
3. Үйде қызметтер көрсету ұйымдарда бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну қызметтерді алушының тұрғылықты жері бойынша аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің немесе аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің (бұдан әрі – уәкілетті органдар) жолдамалары бойынша жүзеге асырылады.
4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік емес меншік нысанындағы үйде қызметтер көрсететін ұйым қызметтерді алушыларды қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады.
5. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:
1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуі, қамқоршының немесе қорғаншының, асырап алушының, баланы қабылдайтын ата-ананың, патронат тәрбиешінің және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың, он сегіз жастан асқан адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын оларды алмастырушы басқа да адамдардың) (бұдан әрі – заңды өкілі) өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;
2) сәйкестендіру үшін қызметтерді алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
3) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы;
4) балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі.
Уәкілетті орган өтінішті қабылдау кезінде ЖСН бойынша «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мынадай:
1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;
2) тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы;
3) мүгедектікті белгілеу туралы;
4) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында (бұдан әрі – ОЖБ) әзірленген іс-шаралар туралы;
5) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін зейнетақы жасы туралы;
6) Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын мәліметтерді алу үшін сұрау салуды қалыптастырады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі өтінішке қоса беріледі.
Құжаттың көшірмесі түпнұсқасымен бірге ұсынылады, медициналық картадан басқа, салыстырып тексерілгеннен кейін өтініш берушіге қайтарылады.
6. Осы Стандарттың 5-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы сәйкес болған жағдайда жұмыспен қамту бөлімінің маманы «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Е-собес» ААЖ) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) өтінішіндегі деректерді енгізеді.
7. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8. Өтінішті және осы Стандарттың 5-тармағында көзделген құжаттарды қабылдағаннан кейін уәкілетті органның маманы бес жұмыс күні ішінде мүгедектің және қарт адамның тұратын жеріне барады және осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеп-тексеру актісін жасайды.
Тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеп-тексеру актісі тексеру жүргізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жасалады.
Тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылданады.
Жергілікті атқарушы орган арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығарған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қызметтер алушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган қызметтер алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы және әлеуметтік қызметтер порталында (http://aleumet.egov.kz) (бұдан әрі – портал) авторизациялау және үйде қызмет көрсету ұйымын таңдау қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Мобильдік азаматтар базасында қызметтерді алушының абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болған кезде қызметтерді алушыға СМС-хабарлама беру арқылы «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөміріне «Е-Собес» ААЖ-дан порталда стационарлық үлгідегі ұйымды авторизациялау және таңдау қажеттігі туралы хабарлама қосымша жіберіледі.
Хабарламаны алғаннан кейін қызметтерді алушы бес жұмыс күні ішінде порталда ЭЦҚ арқылы авторизацияланады және үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыруды таңдайды.
Қызмет алушыда интернет-ресурсқа қолжетімділік болмаған жағдайда, қызмет алушы жұмыспен қамту бөлімінің өзіне-өзі қызмет көрсету секторына жүгінеді.
Таңдалған стационарлық үлгідегі ұйымда бос орын болмаған жағдайда, қызметті алушы ЭЦҚ арқылы порталда авторландыру жолымен өз бетінше кезекке тұрады.
ОЖБ мерзімі өтіп кеткен порталда кезекте тұрған қызмет алушылар қайта куәландырудан өтеді және алдыңғы кезекті сақтай отырып (үйде қызмет көрсету ұйымында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге ОЖБ болған кезде) порталда тіркеледі.
9. Қызмет алушы үйде қызмет көрсету үлгідегі ұйымды таңдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту бөлімі бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын үйде қызмет көрсету үлгідегі ұйымға мынадай құжаттарды жолдайды:
1) уәкілетті органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешімі;
2) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы;
3) балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі;
4) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, осы Стандарттың 5-тармағының 3-абзацында көрсетілген құжаттар.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын үйде қызметтер көрсету ұйымына жіберу туралы талап тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган үйде қызметтер көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсеткен жағдайларда қолданылмайды.
10. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер үйде қызметтер көрсету ұйымдарымен бірінші кезекте беріледі.
11. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж және бір отбасында тұратын балалар, ТҚА бұзылған балалар, он сегіз жастан асқан адамдар, мүгедектер мен қарттар жеке адам ретінде есептеледі.
12. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде қызметтерді алушының жасы мен денсаулық жағдайы, мүгедектің ОЖБ мазмұны, қозғалыс белсенділігінің төмендеу дәрежесі, тұру жағдайы ескеріледі.
13. Қызметтерді алушылар мүгедек деп танылған жағдайда уәкілетті органға өтініш ұсыну жолымен «Е-собес» ААЖ-да тіркелуге жатады.
14. Үйде қызметтер көрсететін ұйымдар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуі кезінде:
1) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру;
2) қалыпты әлеуметтік ортада қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасауға жәрдемдесу;
3) осы Стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын жүргізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы қызметтерді алушыларға жан-жақты көмек көрсету сақталады.
15. Үйде қызметтер көрсету ұйымында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді тоқтату:
1) қызметтерді алушылардың жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің жазбаша өтініші;
2) мүгедектік алынған немесе үшінші топ мүгедектігі белгіленген жағдайда;
3) стационарлық немесе жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілген кезде;
4) қызметтерді алушы басқа елді мекенге көшкен кезде;
5) қызметтерді алушы немесе оның отбасы мүшелері тарапынан күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерге негізсіз оның адами құндылықтарын кемсітетін сөздер айтылған және кінә тағылған, ол куәгерлердің жазбаша көрсеткіштерімен расталған кезде;
6) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шарт бұзылған кезде;
7) қызметтерді алушы қайтыс болған жағдайда;
8) білім беру ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтер алған жағдайда жүзеге асырылады.
16. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қалпына келтіру осы Стандарттың 2-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету осы Стандарттың 15-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылған қызметтерді алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді қалпына келтіру арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тоқтатылғаннан кейін бір күнтізбелік жыл асқаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
17. Қызметтерді алушыда жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілім пайда болған жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету уақытша тоқтатыла тұрады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қалпына келтіру қызметтерді алушы үйде қызметтер көрсету ұйымында болуға медициналық қарсы көрсетілім болып табылатын сырқаттың болмауын растайтын медициналық құжатты ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.
18. Үйде қызметтер көрсету ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді тоқтату, тоқтата тұру үйде қызметтер көрсету ұйымы басшысының шешімі негізінде жүзеге асырылады және «Е-собес» ААЖ-да белгі қойылады.
19. Бұл ретте, үйде қызметтер көрсету ұйымы мамандарының ұсынымдары ресімделеді, ол қызметтерді алушының не оның заңды өкілінің қолына беріледі.
3-тарау. Үйде қызметтер көрсету ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету сапасы мен көлемі
20. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерге:
1) денсаулық жағдайы байланысты өзін-өзі күтудің, оның ішінде, төсектен тұру, төсекке жату, киіну және шешіну, жуыну, тамақ ішу, сусын ішу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалып жүру, тісін немесе жағын күту, көзілдірік немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу, ер кісілерге – сақал-мұртын алу сияқты күнделікті қарапайым процедураларды орындауға қабілетсіз қызметтерді алушыларға жеке қызметтер көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету;
2) қызметтерді алушылардың отбасы мүшелеріне жеке қызметтер көрсетушінің және гигиеналық-санитариялық сипаттағы практикалық дағдыларды үйрету;
3) қарттар мен мүгедектер үшін қосымша:
үйден тыс жерде бір елді мекен шегінде ілесіп жүру;
хат жазу және оқуға көмек көрсету;
ыстық тамақ, азық-түлік және күнделікті қажетті азық-түліктік емес тауарларды сатып алу және үйге жеткізіп беруге жәрдемдесу;
пеш жағуға, отын, көмір және су әкелуге жәрдемдесу;
киімдерді жууға, химиялық тазалауға, жөндеуге тапсыру және оларды алып келуге жәрдемдесу;
тұрғын үй-жайларды жөндеуге және жинауға жәрдемдесу;
тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді төлеуге жәрдемдесу;
жерлеу қызметтерін ұйымдастыруға көмектесу (қайтыс болған қызметтерді алушының туыстары (заңды өкілдері) болмаған кезде) жатады.
21. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) бақылау, төсек режиміндегі және денсаулық жағдайы бойынша өзін-өзі күтудің қарапайым процедураларын орындай алмайтын қызметтерді алушыларға жеке қызметтер көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету олардың денсаулығына қандай да бір зиян, физикалық немесе моральдық азап және қолайсыздық тудырмай орындауды қамтамасыз етеді (мұндай қызметтерді көрсету кезінде қызметтер көрсетуші персонал қызметтерді алушыларға ерекше сыпайылылық танытуы қажет);
2) үйден тыс бір елді мекен шегінде, оның ішінде денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау объектілеріне және басқа да әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне барарда ілесіп жүру қызметтерді алушылардың жүріп-тұруы кезінде сақтық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
3) пеш жағуға, ағаш, көмір және су тасуға жәрдемдесу орталықтан жылытылмайтын және (немесе) сумен жабдықталмаған тұрғын үйлерде тұратын қарттар мен мүгедектерге көрсетіледі.
Бір келгенде 30 кг дейін ағаш пен көмір әкелінеді және 30 литрге дейін су тасылып, күл, су шығарылады.
4) ыстық тамақ, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пен азық-түлік емес тауарларды сатып алу және үйге жеткізу, ас әзірлеуге көмектесу, киімдерді жууға, химиялық тазалауға, жөндеуге тапсыру және оларды қайтып әкелу, іш киімдерді және төсек-орындарды жууға көмектесу, тұрғын жайларды жөндеуді және жинауды ұйымдастыруға жәрдемдесу, тұрғын үй және коммуналдық қызмет төлемдерін төлеу клиенттерге қалыпты өмір сүру жағдайын жасау мақсатында осы проблемаларды шешу үшін олардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін толық және уақытында қанаттандыруды қамтамасыз етеді;
5) жерлеу қызметін ұйымдастыру (қайтыс болған қарттардың және мүгедектердің туыстары немесе олардың оны жерлеумен айналысуға құлқы болмаған кезде) қайтыс болған қызмет алушының діни нанымы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
22. Әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсетуге:
1) дәрігерге дейін көмек көрсету;
2) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу;
3) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу;
4) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
5) ОЖБ-на сәйкес санаторий-курорттық емдеумен, техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
6) қызмет алушыларға техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды және міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету;
7) мүгедектердің ОЖБ-на сәйкес протездік-ортопедиялық және есту-протездік көмек алуына жәрдемдесу;
8) әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша, оның ішінде жасына қарай бейімделу мәселелері бойынша консультация беру;
9) профильді маманның, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымы маманының медициналық консультация беруіне жәрдемдесу;
10) денсаулыққа байланысты рәсімдерді жүргізу (дәрі-дәрмек қабылдау, дәрі тамшылату және емдеуші дәрігердің тағайындауына сәйкес рәсімдер);
11) емдік-физикалық жаттығулар жасауға көмек көрсету;
12) үйге дәрігер шақырту және денсаулық ұйымдарына дейін қызметтерді алушыларға ілесіп жүру;
13) балаларды, ТҚА бұзылған балаларды патронаждық бақылау;
14) мүгедектер мен қарттарға санитариялық-гигиеналық қызметтер көрсету (сүрту, жуу, гигиеналық шомылдыру);
15) оңалту іс-шараларын жүргізуге жәрдемдесу.
23. Әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) қызметтерді алушылардың әлеуметтік-медициналық қызметтер алуына көмек көрсету олардың ауруының сипатын, медициналық көрсетілімдерін, физикалық және психикалық жағдайын ескеріп, қызметтердің уақытылы және қажетті көлемде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық медициналық процедуралар мен іс-шаралардың толық, жоғары сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;
3) дәрігерге дейін көмек көрсетуді ұйымдастыру уақтылы көрсетіледі және алғашқы диагнозды айқындауға, дәрі-дәрмекті дұрыс таңдауды және алуды, шақыртылған дәрігер келгенше оларды қабылдау тәртібін айқындауды қамтамасыз етеді;
4) әлеуметтік-медициналық мәселелер жөнінде консультация беру қызметтерді алушыларға, олардың алдында тұрған нақты әлеуметтік медициналық проблемаларды (тамақтану және тұрғын үй гигиенасы, артық салмақтан, зиянды әдеттерден арылу, әр түрлі аурулардың алдын алу, психосексуалдық консультация беру, жасына байланысты бейімделу, жасына байланысты өзгерістер және медициналық сипаттағы сұрақтары) дұрыс түсінуге және шешуге білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
Қызметтерді алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу, мүгедектерді отбасы құруға және баланың туылуына дайындау жөніндегі жеке жұмыс зиянды әдеттердің (алкоголь ішу, есірткі пайдалану, темекі шегу және т.б.) қауіптілігін, олар әкеп соғатын кері нәтижелерді түсіндіруге бағытталады және нақты жағдайға байланысты бұл әдеттердің алдын алу немесе олардан құтылу бойынша қажетті ұсынымдар беріледі;
5) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу, қызметтерді алушыларға «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметті к қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін тәртіппен организм функциясының тұрақты бұзылуын тудырған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау негізінде әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілікті айқындау мақсатында куәландырудан өту үшін құжаттарды дайындауда көмек көрсету;
6) дене шынықтыру жаттығуларын орындауға көмек көрсету қамқорлықтағы адамдардың денсаулығын нығайту үшін жүйелі орындау мақсатында олардың қолжетімді және денсаулыққа қауіпсіз дене шынықтыру жаттығулары кешенін меңгеруін қамтамасыз етеді;
7) техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, сондай-ақ күту және оңалту құралдарын алуға жәрдемдесу қызметтерді алушылардың практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады;
8) техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету қызметтерді алушылардың осы құралдарды өздігінен пайдалана алу практикалық дағдыларын дамытады;
9) үйге дәрігер шақыру және қызметтері алушыны денсаулық сақтау ұйымына апару қызметтері уақтылы көрсетіледі, және де қызметтерді алушылардың жүріп-тұруы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
10) отбасы мүшелеріне үй жағдайында оңалту жүргізілетін медициналық күтім негіздеріне үйрету отбасы мүшелеріне қызметтерді алушыға өздігінше медициналық күтім көрсетуге бағытталған білімнің қажетті көлемін қамтамасыз етеді;
11) балаларды, ТҚА бұзылған балаларды патронаждық бақылау қызметтерді алушыларды жүйелі бақылау негізінде қызметтерді алушылардың денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды уақтылы анықтауды қамтамасыз етеді және сол сәтте қажетті әлеуметтік-медициналық көмек көрсетеді;
12) санитариялық-гигиеналық қызметтерді көрсету қызметтерді алушылардың денсаулық жағдайы мен көңіл күйінің жақсаруына жәрдемдеседі, жағымсыз қолайсыздық сезімін жояды;
13) денсаулыққа байланысты процедураларды (дәрі қабылдау, дәрі тамызу және емдеуші дәрігердің тағайындауына сәйкес рәсімдер) жүргізу қызметтерді алушыларға қандай да бір зиян келтірмей аса ұқыптылықпен және сақтықпен жүзеге асырылады;
14) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қызметтерді алушылардын ауруларын уақтылы алдын алуға және жоюға мүмкіндік береді;
15) профильді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының медициналық консультация беруіне жәрдемдесу қызметтерді алушыларға алдын ала диагноз қоюды қамтамасыз етуге көмектеседі.
24. Әлеуметтік-психологиялық қызметтерге:
1) әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау);
2) қызметтерді алушыларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру;
3) қолайлы психологиялық климатты қамтамасыз ету, келіспеушілік жағдайлардың алдын алу және жою үшін қызметтерді алушылармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету жатады.
25. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) әлеуметтік-психологиялық патронаж қызметтерді алушыларды жүйелі бақылау негізінде психикалық қолайсыздық жағдайын және тұлғалық (тұлғаішілік) немесе тұлғааралық жанжалды және қызметтерді алушылардың өмірлік қиын жағдайын ауырлататын жағдайларды уақытында анықтауды әрі оларға сол кезде қажетті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
2) әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру, өмірлік тонусын психологиялық қолдау қызметтерді алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуды, олардың стреске төзімділігін арттыруды және психикалық қорғауды қамтамасыз етеді;
3) балаларды, ТҚА бұзылған балаларды тәрбиелеп отырған және он сегіз жастан асқан адамдарға күтім көрсететін отбасы мүшелеріне әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету отбасында қызметтерді алушылардың денсаулығы мен психикасына кері әсер ететін жанжалдардың және стресс жағдайларын алдын алуға бағытталуға тиіс.
26. Үйде қызметтер көрсету жағдайында балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға көрсетілетін әлеуметтік-педагогикалық қызметтер көрсетуге:
1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру;
2) балалардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуына жәрдемдесу;
3) ТҚА бұзылған балалардың жалпы білім беретін мектептерде, техникалық және кәсіптік ұйымдарда білім алуына жәрдемдесу;
4) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды тұрмыстық бағдарлау және қол еңбегі машығына негіздеріне үйрету;
5) өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыста және қоғамдық орындарында өзін-өзі ұстауды, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;
6) балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеуге және олардың арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуына жағдай жасау мәселелері жөнінде отбасы мүшелеріне консультация беру;
7) кәсіптік білім алуға жәрдемдесу;
8) ата-аналарына және отбасы мүшелеріне үй жағдайында оңалтудың негіздерін үйрету;
9) отбасы мүшелеріне балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға қажетті өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды үйрету жатады.
27. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру қызметтерді алушыларға олардың алдында тұрған әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды шешуде білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
2) балаларда, ТҚА бұзылған балаларда, он сегіз жастан асқан адамдарда өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена дағдыларын, сенсорлық және когнитивтік дағдыларды қалыптастыру бойынша практикалық көмек көрсету олардың әлеуметтік-педагогикалық бейімсіздену дәрежесі, білім деңгейі, физикалық және психикалық жай-күйі ескеріліп жүзеге асырылады;
3) тұрмыстық бағдарлану негіздеріне үйрету көрнекі және тиімді болып табылады, оның нәтижесінде қызметтерді алушылар тамақ пісіру, киім жөндеу, тұрғын жайды күту, аумақты жинау және жабдықтау сияқты тұрмыстық рәсімдерді толық көлемде игереді;
4) отбасы мүшелерін қызметтерді алушыларда қажетті өмірлік дағдыларды оңалту және қалыптастыру негіздеріне үйрету отбасы мүшелеріне үй жағдайында оңалту іс-шараларын көрсетуге бағытталған білімдердің қажетті көлемін қамтамасыз етеді.
Отбасы мүшелерін үйрету кезінде балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, он сегіз жастан асқан адамдардың жеке ерекшеліктері, сондай-ақ отбасы мүшелерінің осы рәсімдерге дайындық дәрежесі ескеріледі;
5) отбасы мүшелеріне балаларды ТҚА бұзылған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және олардың арнаулы оқу бағдарламалары бойынша білім алуы үшін жағдайлар жасау мәселелері жөнінде консультация беру тәрбиелік жұмыстар мен оқытудың табысты және нәтижелі жүргізілуіне мүмкіндік береді;
6) кәсіптік білім алуға жәрдемдесу ТҚА бұзылған балалардың жеке физикалық және ақыл-ой қабілетін, олардың таңдаған кәсіптері бойынша жұмыс істеуге ықыласын ескере отырып жүзеге асырылады.
7) үйде қызметтер көрсету жағдайларында балаларға, ТҚО бұзылған балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға сабақ өткізу ұзақтығы осы Стандартқа 4-қосышада көрсетілген.
28. Он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектер мен қарттарға үйде қызметтер көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсетуге:
1) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау;
2) қызметтерді алушылар мен олардың отбасы мүшелерін үй еңбегін ұйымдастыруда консультация беру;
3) мүгедектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу жатады.
29. Әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау оларға кәсіп таңдауға көмектесе алатын іс-шаралармен жалғастырылады;
2) қызметтерді алушылар мен олардың отбасы мүшелеріне үйдегі еңбекті ұйымдастыру мәселесі жөнінде консультация беру қызметтерді алушыларға өзінің материалдық жағдайын және отбасының өмір сүру деңгейін қолдау және жақсарту мәселелерін шешуде көмегін тигізеді;
3) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу кезінде қызметтерді алушының жеке физикалық және ақыл-ой қабілеттері, оның таңдаған кәсібі бойынша жұмыс істеу мүмкіндігі ескеріледі.
30. Әлеуметтік-мәдени қызметтерге:
1) мерекелер мен тынығу іс-шараларын ұйымдастыру;
2) клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
3) қызметтерді алушыларды тынығу іс-шараларына, мәдени іс-шараларға қатысуға тарту жатады.
31. Әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) мерекелер, мерейтойлар, туған күндер өткізу, экскурсияларға, театрларға, кинотеатрларға, көрмелерге, концерттерге бару және әр түрлі мәдени, тынығу іс-шараларын өткізу медициналық-әлеуметтік ұйымның басшысы бекіткен тоқсандық жоспар бойынша өткізіледі;
2) көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру қызметтерді алушылардың әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, қарым-қатынас аясының кеңеюіне бағытталады;
3) қызметтерді алушыларды концерттік бағдарламалар мен өткізілетін іс-шаралардың сценарийлерін әзірлеуге қатыстыру қызметтерді алушылардың жалпы және мәдени ой-өрісінің кеңеюіне, шығармашылық белсенділігінің артуына мүмкіндік береді;
4) қызметтерді алушыларды тынығу іс-шараларына қатыстыру ұжымның қоғамдық өміріне қатысу арқылы әлеуметтік және коммуникативтік байланыстарды дұрыстауға мүмкіндік береді.
32. Үйде қызмет көрсететін ұйым жағдайларынада әлеуметтік-экономикалық қызметтерге:
1) «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, өтемақыларды, алименттер мен тиісті төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу;
2) қарттар мен мүгедектерге, сондай-ақ балаларды тәрбиелеп отырған және он сегіз жастан асқан адамдарды күтуді жүзеге асыратын отбасыларға өзін-өзі қамтамасыз ету және аботбасының материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша консультация беру жатады.
33. Әлеуметтік-экономикалық қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) қызметтерді алушыларға тиесілі жеңілдіктер, жәрдемақылар, өтемақылар мен тиісті төлемдерді алуға жәрдемдесу қызметтерді алушылар үшін мүдделі мәселелерді шешуде уақтылы, толық, білікті және тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
2) өзін-өзі қамтамасыз ету және материалдық жағдайын жақсарту жөнінде консультация беру қызметтерді алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне отбасылық кәсіпкерлікті, үй кәсіпшілігін дамытуда олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіреді және өзінің материалдық жағдайын және отбасының өмір сүру деңгейін қолдау және жақсарту мәселелерін шешуде білікті көмек көрсетеді.
34. Әлеуметтік-құқықтық қызметтерге:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек алу құқығымен байланысты мәселелер бойынша заңгерлік консультация беру;
2) заңды мәні бар құжаттарды ресімдеуге көмек;
3) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін және қызметтерді алушылардың заңды құқығын бұзатын немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініш дайындауға және беруге көмек көрсету;
4) заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға заңгерлік көмек көрсету және жәрдемдесу;
5) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен тиісті жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді сенімхат бойынша алу;
6) қызметтерді алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне жасалған дене және психологиялық зорлыққа кінәлі адамдарды қылмыстық жауапқа тартуға жәрдемдесу;
7) Кодекске сәйкес қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға, қорғаншылыққа, патронатқа, қамқоршылыққа алуға жәрдемдесу;
8) қызметтерді алушыларды арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекемелерге, ұйымдарға орналастыруға, сондай-ақ стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға құжаттарды ресімдеуге көмектесу;
9) кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға балаларының, оның ішінде ТҚА бұзылған балалардың тәрбиесінен жалтарған ата-аналардың үстінен ұсынымдар ресімдеу;
10) қызметтерді алушыларға жұмысқа орналасу, жеке басын куәландыратын құжат және заңды мәні бар басқа да құжаттар алу үшін құжаттарды ресімдеуде заңгерлік көмек көрсетуге жәрдемдесу;
11) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен адвокаттың тегін заңгерлік көмегін алуға жәрдемдесу жатады.
35. Әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) қызметтерді алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер алу және өз мүдделерін қорғау құқығымен байланысты мәселелер жөнінде консультация беру заңнамамен белгіленген құқықтарды және пайда болуы мүмкін бұзушылықтардан қорғау тәсілдерін толық түсіндіреді;
2) қызметтерді алушыларға әлеуметтік-құқықтық мәселелер (азаматтық, тұрғын үй, отбасылық, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнамалар) жөнінде консультация беру олар білгісі келетін заңнама актілері және көтеріліп отырған мәселелердегі құқықтары туралы толық түсінік береді, осы мәселелерді шешу үшін қажетті құжаттарды дайындауда және тиісті мекенжайларға жіберуде қажетті көмек көрсетеді;
3) қызметтерді алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымдық тұлғаларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым дайындауда көмек көрсету оларға шағымдарда шағым жасалған іс-әрекеттің мәнін заңды түрде сауатты жазуға көмектесуге негізделеді;
4) құжаттарды (жеке басын куәландыратын, заңнама бойынша тиісті жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді алуға, балаларды, ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға және отбасылық тәрбиенің өзге нысандарын алуға, мүгедектердің жұмысқа орналасуы үшін) рәсімдеуде құқықтық көмек көрсету, қызметтерді алушыларға мақсатына қарай қажетті құжаттардың мазмұнын түсіндіруді, құжат мәтінін баяндауды және жазып беруді (қажетіне қарай) немесе нысанды бланкілерді толтыруды, ілеспе хаттар жазуды қамтамасыз етеді;
5) құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін адвокаттың тегін көмегін алуға жәрдемдесу қызметтерді алушыларға заңды құқықтарын заңды түрде қорғауға және оның мәселесі бойынша объективті шешім қабылдау мақсатында заңды көмекке кепілдік береді;
6) отбасында қызметтерді алушыға немесе олардың отбасы мүшелеріне жасалған физикалық және психикалық зорлық-зомбылыққа кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға жәрдемдесу сотқа жүгіну үшін зардап шеккен адамдардың қажетті құжаттарын дайындауға, жәбірленушінің құқын қорғау сот процесіне қатысуға негізделеді;
7) жауапкершілікке тартумен, балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаумен байланысты мәселелерді шешу үшін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға балаларын, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларын тәрбиелеуден жалтарған ата-анаға ұсынымдар ресімдеу.
36. Үйде қызметтер көрсету ұйымында мамандардың жұмыс сапасы үйде қызметтер көрсету ұйымының басшысы немесе уәкілетті орган:
1) жеке даму деңгейі жоғарылаған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдар;
2) білім берудің арнайы түзету ұйымдарына ауыстырылған балалар;
3) өзін-өзі күту дағдылары қалыптасқан ТҚА бұзылған балалар санының алдыңғы жылмен салыстырғанда көбеюі бойынша бағаланады.
37. Үйде қызметтер көрсету ұйымында қажетті мамандар болмаған жағдайда жеке жоспарды әзірлеу, оңалту іс-шараларының немесе консультациялардың нәтижелігін бағалау үшін келісімшарт негізінде қосымша мамандарды тартуға болады.
38. Үйде қызметтер көрсету ұйымының мамандары қызметтерді алушыларға баруды үйде қызметтер көрсету ұйымның басшысы бекітетін қызметтерді алушыларға бару кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қызметтерді алушыға барған күні үйде қызметтер көрсету ұйымының мамандары нысаны осы Стандартқа 5-қосымшада көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтерді есепке алу журналына тиісті белгі қояды. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді есепке алу журналы қызметтерді алушыда (заңды өкілінде) болады және ай аяқталған соң күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерге беріледі.
39. Уәкілетті орган немесе құрылтайшы немесе үйде қызметтер көрсету ұйымының басшысы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін жағдайлар жасайды, оның ішінде:
1) қажетті техникамен және байланыспен, оңалту іс-шараларын жүргізуге қажетті диагностикалық, дидактикалық, дамытушы және өзге де материалдармен жабдықталған орынжайлар;
2) персоналды қызметтерді алушыларға күтім көрсету жөніндегі білімін, іскерлігін және дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізетін әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету;
3) персоналды қажет болған кезде көлік құралымен, жол жүру билеттерімен немесе жол жүру билетінің құны мөлшерінде ақшалай өтемақымен қамтамасыз ету;
4) қарттар мен мүгедектердің күтімі жөніндегі әлеуметтік қызметкерді арнайы киіммен,жеке қорғаныш құралдарымен (бір рет қолданылатын маскалар мен қолғаптар)қамтамасыз ету.
40. Үйде қызметтер көрсету ұйымында шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, ол үйде қызметтер көрсету ұйымының басшысында сақталады және қызметтерді алушылар немесе олардың заңды өкілдерінің бірінші талабы бойынша беріледі.
Шағымдар мен ұсыныстар кітабын үйде қызметтер көрсету ұйымының басшысы апта сайын, ал уәкілетті орган және (немесе) құрылайшы ай сайын қарайды.
Халықты әлеуметтік қорғау
саласында үйде қызметтер
көрсету жағдайында арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсету стандартына
1-қосымша
Аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшысы немесе аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне
__________________________________________________________________________ (аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының немесе аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімінің Т.А.Ә. (бар болса) аты
ӨТІНІШ
____________________________________________________________________ (қызметтерді алушының Т.А.Ә. (бар болса) көрсету керек) үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін есепке алуыңызды сұраймын. Туған күні ______ жылы «____» __________________ Тұратын жері _________________________________________________ Телефон нөмірі (үйдің, ұялы)____________________________________ Мүгедектік санаты (бар болса)__________________________________ Бірге тұратын отбасы мүшелері (Т.А.Ә. (бар болса), туыстығын көрсету керек) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды рәсімдеуге қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін. Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тәртібімен және шарттарымен таныстым. Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Т.А.Ә. (бар болса) және қолы __________ күні 20__ жылғы «___» _____________ _____________________________________ өтінішті қабылдады. (Т.А.Ә. (бар болса) және лауазымын көрсету) Қолы _____________ Күні 20__ жылғы «___» ______________________
Халықты әлеуметтік қорғау саласында
үйде қызметтер көрсету жағдайында
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
стандартына 2-қосымша
__________________________________________________________________ (медициналық ұйымның атауы) Т.А.Ә. (бар болса) ___________________________________________________ Туған күні«____» _________ _____ жыл Үйінің мекенжайы ____________________________________________ Қысқаша анамнез (бастан өткерген аурулар жөнінде, дәрілік препараттарды, азық-түлікті көтере алмаушылық және тағы басқа): ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Медициналық тексеру: (негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығын, бұрын болған аурулар туралы мәліметтерді көрсету қажет): невропатолог ________________________________________________________ ____________________________________________________________________ психиатр ____________________________________________________________ ____________________________________________________________________ дерматовенеролог ____________________________________________________ ____________________________________________________________________ фтизиатр (флюорография мәліметтерінің болуы міндетті) __________________ ___________________________________________________________________ терапевт/педиатр_____________________________________________________ ____________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ эпидемиологиялық ортасы туралы қорытынды ____________________________ ____________________________________________________________________ Зертханалық зерттеулердің нәтижелері: қанның жалпы анализі_________________________________________________ (мерзімі, нәтижесі) зәрдің жалпы анализі ________________________________________________ (мерзімі, нәтижесі) нәжіс жұғындарын ішектаяқшасына бактериологиялық зерттеу ____________________________________________________________________ (мерзімі, нәтижесі) Дәрігерлік-консультациялық комиссия төрағасының қорытындысы: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (үйде қызмет көрсету ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілімдер бар ма) М.О. Медициналық ұйымның басшысы: ________________________________ (Т.А.Ә. (бар болса), қолы) 20___ жылғы«___» ___________
Халықты әлеуметтік қорғау саласында
үйде қызметтер көрсету жағдайында
арнаулы әлеуметтік қызметер
көрсету стандартына
3-қосымша
Тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеу актісі * № _____
1. Қызметтерді алушының Т.А.Ә. (бар болса) _____________________________ ___________________________________________________________________ 2. Туған күні _____ жылғы «___» _____________________________________ 3. Тұрғылықты мекенжайы_____________________________________________ 4. Телефон нөмірі____________________________________________________ 5. Жәрдемақының (зейнетақының) түрі және мөлшері_____________________ 6. Отбасылық жағдайы_________________________________________________ 7. Соңғы жұмыс орны ________________________________________________ 8. Балалары және жақын туыстары туралы мәліметтер (Т.А.Ә. (бар болса), тұратын жері, жұмыс орны, байланыс телефондары) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 9. Тұрмыс жағдайы____________________________________________________ (жақсы жабдықталған / жабдықталмаған тұрғын үй) ____________________________________________________________________ (пәтер, жеке үй, жатақханадағы бөлме және басқа) ____________________________________________________________________ (нешінші қабат екенін, бөлме санын, сантораптардың болуын, орталықтан жылытыла ма екендігін, лифтінің болуын және басқаны көрсету) ____________________________________________________________________ (басқа да жағдайлар) 10. Аулалық учаскенің болуы__________________________________________ Актіні жасаған адам ______________ __________________________________ (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы) Күні 20___ жылғы «___»_________ Ескертпе: Қарттар мен мүгедектер үшін толтырылады.
Халықты әлеуметтік қорғау саласында
үйде қызметтер көрсету жағдайында
арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсету стандартына
4-қосымша
Балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды үйде қызмет көрсету жағдайында оқыту ұзақтығы
Балаларды, ТҚА бұзылған балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды оқыту ұзақтығы барлық үлгідегі ұйымдарда олардың дағды деңгейiне, танымдық қызметi мен жас ерекшелiктерiне қарай құрылады:
1) балалардың әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi ең төмен деңгейде болғанда сабақтың ұзақтығы 15 минутқа дейiн созылады;
2) әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi төмен деңгейде болғанда – 20 минутқа дейiн;
3) әлеуметтiк дағдылары, әлеуметтену және танымдық қызметi қалыпты деңгейде болғанда – сабақ 30 минутқа дейiн;
4) әлеуметтiк дағдыларының, әлеуметтену және танымдық қызметiнің деңгейі айтарлықтай төмендемеген жағдайда – 45 минутқа созылады.
Академиялық сағаттың (45 минут) қалған уақытында балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға оқу жоспарының бағдарламасына және әр сабаққа әзiрленген тақырыптық жоспарларға сәйкес дидактикалық және дамытушы ойындар өткiзіледi.
Халықты әлеуметтік қорғау саласында
үйде қызметтер көрсету жағдайында
арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсету стандартына
5-қосымша
20__ жылға Ұсынылған арнаулы әлеуметтік қызметтерді есепке алу журналы
Үйде қызмет көрсету ұйымының атауы ____________________________
__________________________________________________________
Қызметтерді алушының Т.А.Ә. (бар болса)___________________________
Тіркелген күні 20___ жылғы «____» ____________
Күні
|
Көрсетілген қызметтерді көрсету белгісі Т.А.Ә. (бар болса) және арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың лауазымы
|
Сапа белгісі (түсініктемелер мен ұсыныстар, қызметтерді алушы немесе заңды өкілдер толтырады)
|
1
|
2
|
3
|
|
|
|
|
|
|
Ескерту: Журнал нөмірленген, тігілген және мөрмен бекітілген. Әрбір қызмет алушы үшін әрбір күнтізбелік ай үшін толтырылатын жеке журнал жасалады.