Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 165 бұйрығына 4-қосымша
Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
Редакция 31.01.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Стандарт тәулік бойы уақытша тұруына (бір жылға дейін) немесе уақытша болуына (тәуліктің түнгі уақытында) арналған уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдарда (бұдан әрі – уақытша болу ұйымдары) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға (бұдан әрі – қызметтерді алушылар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және шарттарын белгілейді, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну, көрсетуді тоқтату және ауыстыру шарттарын айқындайды.
2-тарау. Уақытша болу ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну шарттары
3. Уақытша болу ұйымдарында бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну қызметтерді алушылардың өтініші бойынша немесе аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің (бұдан әрі – уәкілетті органдар), денсаулық сақтау, ішкі істер саласындағы уәкілетті органдардың жазбаша жолдамасы негізінде қызметтерді алушының нақты тұрған жері бойынша жүзеге асырады. Өтініш осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Уақытша болу ұйымының маманы әлеуметтік қызметтер порталына осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес қызмет алушының уақытша болу ұйымындағы өтінішінен деректерді енгізеді.
4. Бұрын Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінің аумағында тұрған және өз баспанасынан айырылған адамдар, оның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдар уақытша болу ұйымына күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге қабылданады, одан кейін олар жергілікті бюджет қаражаты есебінен немесе бюджеттен тыс тартылған қаражат есебінен бұрынғы тұрған жері бойынша уақытша болу ұйымдарына жіберіледі.
5. Жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіргісі келетін қызметтерді алушылардың уақытша болу ұйымында тәулік бойы тұру ұзақтығы бір жылдан аспайды.
6. Уақытша болу ұйымына жүгінген, бірақ қаңғыбастық өмір салтын өзгерткісі келмейтін адамдарға тәуліктің түнгі уақытында (жылдың жазғы уақытында сағат 21.00-ден 9.00-ге дейін, қысқы уақытта сағат 18.00-ден 10.00-ге дейін) ыстық тамақпен қамтамасыз етілмей койка орын беріледі.
7. Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға олардың көшеде өмір сүру орындарында мобильді әлеуметтік патруль қызметі тәуліктің күндізгі уақытында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша мобильді әлеуметтік патруль қызметі тәуліктің түнгі уақытында ұсынылады.
8. Қызметтерді алушылардың жеке қажеттілігін бағалау негізінде уақытша болу ұйымының мамандары жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіргісі келетін әрбір қызметтерді алушыға ресоциализация туралы шарт (бұдан әрі – шарт) әзірлейді. Шарт осы Стандартқа 2-қосымшада көзделген нысан бойынша жасалады.
9. Шарт қызметтерді алушыны уақытша болу ұйымының мамандары ол түскен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бақылағаннан кейін әзірленеді және кейінгі екі жұмыс күні ішінде қызметтерді алушымен жасалады.
1) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілетін көлемі мен түрлері;
2) уақытша болу ұйымы мен қызметтерді алушының құқықтары мен міндеттемелері көрсетіледі.
11. Шартта көрсетілген оңалту іс-шараларын уақытша болу ұйымының мамандары шартта белгіленген мерзімде жүргізеді.
12. Шартта көрсетілген уақытша болу ұйымының міндеттемелері белгіленген мерзімде орындалмаса, болу мерзімі оларды орындау күніне дейін, бірақ алты айдан асырмай ұзартылады.
13. Уақытша болу ұйымынан қызметтерді алушыларды шығару:
1) қызметтерді алушының жазбаша өтініші;
2) қызметтерді алушылардың тұрғын үй аумағы және өмір сүруге қаражаты болған жағдайда;
3) шарт бұзылған немесе қолдалану мерзімі аяқталған жағдайда;
4) шарт талаптары мерзімінен бұрын орындалған жағдайда;
5) қызметтерді алушы қайтыс болған жағдайда жүзеге асырылады.
14. Қызметтерді алушыларды білім беру ұйымында оқыту үшін бір жылға дейінгі мерзімге жіберу туралы шешімді уақытша болу ұйымы тәртіпаралық комиссиясының қорытындысын есепке ала отырып және қабылдаушы тараптың қызметтерді алушыларға оқу кезеңінде тұрғын үй алаңын (жатақхана) беру туралы жазбаша міндеттемесі болған кезде уақытша болу ұйымының әкімшілігі қабылдайды.
Білім беру ұйымында оқуды табысты аяқтаған қызметтерді алушылар одан әрі әлеуметтік оңалту үшін уақытша болу ұйымына қайтарылады.
15. Егде тартқан жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігіне байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуі, қозғалуы қиын қызметтерді алушылар медициналық ұйымның және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – ОЖБ) сәйкес қарттарға, мүгедектерге және (немесе) он сегіз жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын стационарлық үлгідегі ұйымға қабылданады.
16. Уақытша болу ұйымында тұруға медициналық қарсы көрсетілімдері болған кезде қызметтерді алушылар денсаулық сақтаудың тиісті ұйымдарына жіберілуге жатады.
17. Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын қызметтерді алушыларды бір өңірде орналасқан уақытша болу ұйымынан елдің өзге өңірінде орналасқан уақытша болу ұйымына ауыстыру тиісті өңірлердің уақытша болу ұйымдарының келісімі бойынша жүзеге асырылады.
18. Қызметтерді алушылар:
1) стационарлық үлгідегі ұйымдарда Ішкі тәртіп қағидаларын тұрақты (үш реттен артық) түрде бұзған, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды әкелген және қабылдаған, тауарлық-материалдық құндылықтарды және өзге мүлікті бүлдірген, құқыққа қарсы әрекеттер жасаған, сондай-ақ қызметтер алушыда «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 7-2) тармақшасында көзделген құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға шектеу болған жағдайда;
2) уақытша болу ұйымында болуға медициналық қарсы көрсетілімдер анықталған кезде;
3) қызметтерді алушы уақытша болу ұйымы әкімшілігін хабардар етпей, уақытша болу ұйымы аумағынан өз бетімен шығып кетіп, үш тәуліктен астам уақыт бойы болмаған жағдайларда шығарылуға жатады.
Уақытша болу ұйымы аумағынан шығып кеткен адам осы Стандарттың 2-тарауына сәйкес жалпы негізде қайта қабылданады, ал дәлелді себептер (ішкі істер органдарының ұстауы, денсаулық сақтау ұйымында болу) бойынша ол жөнінде хабардар етуге мүмкіндігі болмаған адам дереу қайта қабылданады;
4) өзі туралы әдейі жалған ақпарат ұсынған жағдайда;
5) қызметтерді алушы шарт талаптарын орындамаған жағдайда шығарылуға жатады.
Шығаруға осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер куәгерлердің жазбаша айғақтамаларымен расталады.
Осы тармақтың 1), 3), 4), 5) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша уақытша болу ұйымынан шығарылған қызметтерді алушылармен осы Стандарттың 2-тарауында көзделген тәртіппен, бірақ олар шығарылғаннан кейін күнтізбелік бір жылдан соң ресоциализация туралы шарт жасалады.
19. Қызметтерді алушыларды шығару, шығарып жіберу немесе басқа уақытша болу ұйымына ауыстыру уақытша болу ұйымы басшысы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады және «Е-собес» ААЖ-да белгі қойылады.
20. Шығару немесе басқа уақытша болу ұйымына ауыстыру кезінде қызметтерді алушыларға жеке және маусым бойынша өзіне бекітілген киімі мен аяқкиімі, уақытша болу ұйымында сақталған құнды заттары (құжаттары) беріледі.
3-тарау. Уақытша болу ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету сапасы мен көлемі
21. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерге:
1) қызметтерді алушыларды қабылдау және уақытша орналастыру;
2) төсек орын, жиһаз беру, төсек-орын жабдықтарымен, жеке гигиена заттары және іш киіммен қамтамасыз ету осы Стандартқа 3-қосымшада көзделген нормативтерді сақтай отырып жүзеге асырылады.
Бір жыл ішінде уақытша болу ұйымына қайта түскен кезде қызметтерді алушылар қажеттігіне қарай іш киіммен қамтамасыз етіледі;
3) жеке басты куәландыратын құжаттарды қалпына келтіруге жәрдемдесу;
4) жүріп-тұруы қиын және өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіз қарттар мен мүгедектердің болуы үшін жағдай жасау;
5) санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес тұру жағдайларын сақтау жөнінде қызметтер көрсету;
6) іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау;
7) тұрмыстық өз-өзіне қызметтер көрсету үшін жағдай жасау (жеке іш киімдері мен киімдерін жуу, кептіру, үтіктеу);
8) санитариялық-гигиеналық рәсімдерді (душ немесе ванна бөлмелері, санитариялық тораптар) жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
9) жол жүру құжаттарын сатып алу және баратын жеріне дейін азық-түлікпен қамтамасыз ету арқылы бұрынғы тұрған жеріне жөнелтуге жәрдемдесу.
Жүріп-тұруы қиын адамдарға уақытша болу ұйымы баратын жеріне дейін ілесіп баруды қамтамасыз етеді;
10) тұратын жері бойынша тіркелу үшін құжаттарын рәсімдеуге жәрдемдесу;
12) емдеу, оқу үшін қызметтерді алушыларды тасымалдауға көлік қызметтерін ұсыну;
13) хат жазуға және оқуға көмек көрсету жатады.
Түнде болу үйлерінде (бөлімшелерінде) көрсетілетін әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерге:
1) қызметтерді алушыларды қабылдау және уақытша орналастыру;
2) койка-орын беру, төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз ету;
3) іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау;
4) санитариялық-гигиеналық рәсімдерді (душ немесе ванна бөлмелері, санитариялық тораптар) жүзеге асыру үшін жағдай жасау жатады.
22. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) берілетін тұрғын үй орынжайлары көлемі мен көрсеткіштері бойынша (ғимараттар мен орынжайлардың жай-күйі, олардың жайлылығы) санитариялық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарға сәйкес болады және қызметтерді алушылардың тұруына қолайлылықты қамтамасыз етеді.
Санитариялық-эпидемиялық нормалар мен қағидаларға, қауіпсіздік талаптарына, өртке қарсы талаптарға сай келетін барлық тұрғын, қызметтік және өндірістік орынжайлар персоналдың, қызметтерді алушылардың денсаулығына және ұсынылатын қызметтердің сапасына кері әсер ететін әр түрлі факторлардың әсерінен және қолайсыз жағдайлардан қорғалған болады.
Әлеуметтік-еңбек қызметтерін, мәдени және тұрмыстық қызметтер көрсетуді ұйымдастыру үшін ұсынылатын орынжайлар көлемі, орналасуы мен конфигурациясы бойынша қызметтер көрсетілетін қызметтерді алушылардың ерекшелігін ескере отырып, жоғарыда аталған барлық іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етеді;
2) уақытша болу ұйымы мамандарының кабинеттері қажетті жиһазбен және мамандандырылған жабдықтармен жабдықталады.
Әрбір мамандандырылған кабинетке еркін нысанда ресімделген паспорт толтырылады;
3) қызметтерді алушылардың пайдалануына берілетін жиһаз, жабдық, іш киім Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық реттеу саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес болады;
4) қызметтерді алушыларға берілетін іш киім киюге ыңғайлы, қызметтерді алушылардың жынысына, бойы мен өлшемдеріне сәйкес келеді, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық нормалар мен талаптарға жауап береді;
5) ыстық тамақ сапалы тағамдардан әзірленуге, теңгерімділік және калориялық талаптарға жауап береді, санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес болады және қызметтерді алушылардың денсаулық жағдайын ескеріп ұсынылады.
Уақытша болу ұйымдарының басшысы маусымға қарай (көктем-жаз, күз-қыс) ағымдағы апталық мәзірді және екінші аптаға перспективалық мәзірді бекітеді;
6) бақылаудағы, төсек режиміндегі және денсаулық жағдайына байланысты өзін-өзі күтудің қарапайым рәсімдерін орындай алмайтын қызметтерді алушыларға жеке қызметтер көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсету олардың денсаулығына қандай да бір зиян, физикалық немесе моральдық азап және қолайсыздық тудырмай орындалады (мұндай қызметті көрсету кезінде қызметтер көрсетуші персонал қызметтерді алушыларға ерекше сыпайылық танытуы қажет);
7) қызметтерді алушыларды емдеу, оқыту үшін автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде автокөлік құралдарын пайдалану нормативтері мен қағидалары, жол жүру қауіпсіздігінің талаптары сақталады;
8) тұрмыстық қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету (іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын жуу, кептіру, үтіктеу, дезинфекциялау) сапа талаптары мен оның уақтлығына жауап береді.
23. Әлеуметтік-медициналық қызметтерге:
1) алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитариялық тазалау жүргізу;
2) дәрігерге дейін медициналық көмек көрсету, емделуге мұқтаж қызметтерді алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға жәрдемдесу және ілесіп жүру;
3) медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін құжаттарды дайындауға жәрдемдесу;
4) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу;
5) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
6) ОЖБ-ға сәйкес техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге, санаторий-курорттық емделуді алуға жәрдемдесу;
7) профильді маманның, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымы маманының медициналық консультация беруіне жәрдемдесу;
8) емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес медициналық айла-шарғылар жасауды жүргізу жатады.
Түнде болу үйлерінде (бөлімшелерінде), сондай-ақ мобильді әлеуметтік патруль қызметтері мынадай әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсетеді:
1) алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитариялық тазалау жүргізу;
2) дәрігерге дейін көмек көрсету.
24. Әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу денсаулық сақтау саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерде көзделген шеңберде жүзеге асырылады;
2) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес емдік манипуляциялар жүргізу қызметтерді алушыларға қандай да бір зиян келтіріп алмай, барынша мұқияттылықпен және сақтықпен жүзеге асырылады;
3) дәрігерге дейін медициналық көмек көрсету денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады;
4) қызметтерді алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызу немесе жатқызуға жәрдемдесу жедел және уақтылы жүргізіледі;
5) медициналық ұйымдарда профилактикалық тексеруден, диспансерлеуден, иммундаудан өтуге жәрдемдесу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен стандарттарға сәйкес көрсетіледі;
6) салауатты өмір салтын насихаттау жүргізіледі.
Қызметтерді алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу жөніндегі жеке жұмыс зиянды әдеттердің (алкоголь ішу, есірткі пайдалану, темекі шегу) қауіптілігін, олар әкеп соғатын кері нәтижелерді түсіндіруге бағытталады және нақты жағдайға байланысты бұл әдеттердің алдын алу немесе олардан арылу бойынша қажетті ұсынымдар беріледі;
7) медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін құжаттарды дайындауға жәрдемдесу уақтылы және толық көлемде көрсетілуге тиіс;
8) ОЖБ-ға сәйкес техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар, міндетті гигиеналық құралдар, санаторий-курорттық емделуді, сондай-ақ күту және оңалту құралдарын алуға жәрдемдесу қызметтерді алушылардың практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады;
9) санитариялық-гигиеналық қызметтерді көрсету қызметтерді алушылардың денсаулық жағдайы мен хал-жайының жақсаруына жәрдемдеседі, жағымсыз қолайсыздық сезімін жоюға мүмкіндік береді;
10) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қызметтерді алушылардың ауруларының, жарақаттарының уақтылы алдын алуға және емдеуге ықпал етеді;
11) денсаулық сақтау ұйымдарының білікті мамандарынан консультация алуға жәрдемдесу қызметтерді алушылардың ауруларын уақтылы анықтауды және емдеуді қамтамасыз етеді.
25. Әлеуметтік-психологиялық қызметтерге:
1) психологиялық диагностика және тұлғалық зерттеу;
2) әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау);
3) қызмет алушылармен психологиялық алдын алу жұмыстары;
4) психологиялық консультация беру;
5) шұғыл психологиялық көмек;
6) қызметтерді алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде сөйлесу, әңгімелесу, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру;
7) психологиялық тренингтер;
8) қызметтерді алушыларды психологиялық түзету;
9) өзара қолдау топтарында және қарым-қатынас клубтарында сабақ өткізу жатады.
26. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) психологиялық консультация беру қызметтерді алушыларға жанжалдың алдын алу және жою үшін тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсарту бойынша білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
Психологиялық консультация беру қызметтерді алушыдан алынған ақпараттар мен туындаған әлеуметтік-психологиялық проблемаларды онымен талқылау негізінде ішкі ресурстарды ашуға және жұмылдыруға әрі проблемаларды шешуге көмектеседі;
2) қызметтерді алушылардың психологиялық диагностикасы уақытша болу ұйымының психологы әзірлеген психодиагностикалық пакет негізінде жүзеге асырылады.
Тұлғаны психологиялық диагностикалау және тексеру қызметтерді алушылардың мінез-құлқындағы және айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста ауытқушылықтарға әсер ететін олардың психикалық жай-күйін және жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау мен талдаудың нәтижесі бойынша түзету іс-шараларын жүргізудің болжамын жасау және ұсынымдарды әзірлеу үшін қажетті ақпарат береді;
3) белсенді психологиялық ықпал ретіндегі психологиялық түзету қызметтерді алушылардың мінез-құлқындағы, эмоционалдық жай-күйіндегі ауытқушылықтарды (оның ішінде жекелеген адамдардың эмоционалдық жауап қайтару және мінез стереотипінің жайсыз формалары, жайсыз қарым-қатынастар) жеңуді немесе бәсеңдетуді қамтамасыз етеді, бұл аталған көрсеткіштерді жас нормалары мен әлеуметтік орта талаптарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді;
4) белсенді психологиялық ықпал ретіндегі психологиялық тренингтердің психологиялық жара салу жағдайларының, нервтік-психологиялық шиеленістердің салдарын жоюда, тұрмыс-тіршіліктің бейәлеуметтік нысанын жеңуші адамдарды әлеуметтік құнды нормаларға дағдыландырудағы, өзгермелі жағдайларға бейімделу үшін тұлғалық алғышарттарды қалыптастырудағы тиімділігімен бағаланады;
5) әлеуметтік-психологиялық патронаж қызметтерді алушыларды жүйелі бақылау негізінде психикалық жайсыздық, тұлғалық (тұлғаішілік) немесе тұлғааралық жанжал және қызметтерді алушылардың өмірлік қиын жағдайын ауырлататын жағдайларды уақтылы анықтауды және оларға осы сәтте қажетті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
6) қызметтерді алушыларды өзара қолдау топтарында, қарым-қатынас клубтарында сабақ өткізуге тарту қызметтерді алушылардың жайсыздық жағдайынан шығуына, психикалық денсаулығын сақтауды және нығайтуды, стреске төзімділігін, ең алдымен тұлғааралық байланыс және қарым-қатынас саласында психологиялық мәдениет деңгейін арттыруға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
7) шұғыл психологиялық көмек қызметтерді алушыларға дереу психологиялық консультация беруді, дағдарыс жағдайынан шығу үшін олардың физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлік ресурстарын жұмылдыруды, туындаған проблемаларды өздігінен шешу және қиындықтарды жеңу, өзіне деген сенімін нығайту үшін қолдануға болатын құралдардың диапазонын кеңейтуге жәрдемдесуді қамтамасыз етеді;
8) психологиялық алдын алу жұмысы қызметтерді алушыларда психологиялық білімге және оларды өзін түзеу және өз проблемаларымен жұмыс жүргізу үшін пайдалану ықыласына қажеттілігін қалыптастыруға, тұлғаның әрбір жас кезеңінде толыққанды психикалық дамуы үшін жағдай жасауға, тұлғалық қалыптасуда және дамуда болатын бұзылушылықтарды уақтылы алдын алуға мүмкіндік тұғызады;
9) сөйлесу, әңгімелесу, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру, өмірлік тонусын психологиялық қолдау қызметтерді алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуды, олардың стреске төзімділігі мен психикалық қорғалуын қамтамасыз етеді.
27. Әлеуметтік-еңбек қызметтеріне:
1) қызметтерді алушылардың бойындағы еңбек дағдыларын зерттеп-тексеру жөнінде іс-шаралар жүргізу;
2) қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысу;
4) бейіні бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру;
5) қызметтерді алушыларды қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларды жүргізуге жәрдемдесу жатады.
28. Әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) еңбек дағдыларын, білім мен шеберлікті қалыптастыру мақсатында қызметтерді алушыларға, олардың жеке қажеттіліктеріне қарай қызметтерді алушылардың жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге жәрдемдесетін қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз ететін еңбек қызметтерінің түрлері тағайындалады;
2) қоғамдық пайдалы жұмыстар жүргізу уақытша болу ұйымының аумағында, арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде (шеберханаларда) жүзеге асырылады және қызметтерді алушыларды олардың денсаулық жағдайын ескеріп, тыныс-тіршіліктің әр түрлі нысандарына тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасауды қамтамасыз етеді;
3) қолжетімді кәсіптік дағдыларды оқыту, тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар арнайы жабдықталған кабинеттерде жүргізіледі;
4) кәсіптік білімі жоқ қызметтерді алушыларды кәсіптік бағдарлау оларға кәсіп таңдауға көмек көрсететін іс-шаралармен бірге жүргізіледі;
5) қызметтерді алушылардың еңбек дағдыларын зерттеп тексеру жөніндегі іс-шаралар олардың жеке ерекшеліктерін, мүмкіндіктерінің шектелу дәрежесін, қызметтерді алушылардың физикалық және психикалық жай-күйін ескеріп жүргізіледі.
29. Әлеуметтік-мәдени қызметтерге:
1) мерекелер мен тынығу іс-шараларын ұйымдастыру;
2) клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
3) қызметтерді алушыларды тынығу іс-шараларына, мәдени-патриоттық іс-шараларға қатысуға тарту жатады.
Түнде болу үйлерінде (бөлімшелерінде), мобильді әлеуметтік патруль қызметі қызметтерді алушылардың арасында ресоциализацияның орындылығы мен маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді.
30. Әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) мәдени-патриоттық және тынығу іс-шараларын өткізу уақытша болу ұйымының басшысы бекіткен тоқсандық жоспар бойынша жүзеге асырылады;
2) көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру қызметтерді алушылардың әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қарым-қатынас саласын кеңейтуге бағытталады;
3) қызметтерді алушыларды концерт бағдарламалары мен өткізілетін іс-шаралар сценарийлерінің жобасын әзірлеуге тарту қызметтерді алушылардың жалпы және мәдени ой-өрісінің кеңеюіне, шығармашылық белсенділігінің артуына ықпал етеді;
4) қызметтерді алушыларды тынығу іс-шараларына қатыстыру уақытша болу ұйымы ұжымының қоғамдық өміріне қатыстыру арқылы әлеуметтік және коммуникативтік байланыстарын жөнге салуға жәрдемдеседі.
31. Уақытша болу ұйымдарында көрсетілетін әлеуметтік-экономикалық қызметтерге:
«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, өтемақыларды, алименттер мен тиісті төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу жатады.
32. Әлеуметтік-экономикалық қызметтерді көрсету сапасына қойылатын талаптар:
қызметтерді алушыларға тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақылар мен тиісті төлемдерді алуға жәрдемдесу олар үшін қызығушылық тудыратын мәселелерді шешуде уақтылы, толық, білікті және тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
33. Әлеуметтік-құқықтық қызметтерге:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек алу құқығымен байланысты мәселелер бойынша заңгерлік консультация беру;
2) заңды мәні бар құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;
3) қарт адамдар мен мүгедектерді қарттарға, мүгедектерге және (немесе) он сегіз жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын стационар үлгідегі ұйымдарға орналастыруға қажетті құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу;
4) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін және қызметтерді алушылардың заңды құқығын бұзатын немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініш дайындауға және беруге көмек көрсету;
5) заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға заңгерлік көмек көрсету және жәрдемдесу жатады.
34. Әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) қызметтерді алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер алу және өздерінің мүддесін қорғау құқығымен байланысты мәселелер бойынша консультация беру заңнамада белгіленген құқықтар мен ықтимал заң бұзушылықтардан қорғау тәсілдері туралы толық түсінік береді;
2) қызметтерді алушыларға әлеуметтік-құқықтық мәселелер (азаматтық, тұрғын үй, отбасы, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнама) бойынша консультация беру оларды қызықтыратын заңнамалық актілер мен көтерілген мәселелердегі құқықтары туралы толық түсінік беруге, осы мәселелерді іс жүзінде шешу үшін қажетті құжаттарды дайындау және тиісті адресатқа жіберуде қажетті көмек көрсетеді;
3) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметтерді алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін лауазымды тұлғаларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым дайындауда көмек көрсету оларға шағымдарында шағымданатын әрекеттің мәнін, жол берілген заң бұзушылықты жою талабын заң тұрғысынан сауатты жазуға және шағымды адресатқа жіберуге көмек көрсетеді;
4) құжаттарды (жеке басын куәландыратын, заңнама бойынша тиісті жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді алуға, балаларды, ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға және отбасылық тәрбиенің өзге нысандарын алуға, мүгедектердің жұмысқа орналасуы үшін) рәсімдеуде құқықтық көмек көрсету, қызметтерді алушыларға мақсатына қарай қажетті құжаттардың мазмұнын түсіндіруді, құжат мәтінін баяндауды және жазып беруді (қажетіне қарай) немесе нысанды бланкілерді толтыруды, ілеспе хаттар жазуды қамтамасыз етеді;
35. Уақытша болу ұйымы мамандарының жұмыс сапасын уақытша болу ұйымының басшысы және уәкілетті орган оңалтылған және қалыпты өмір сүру салтына қайтып оралған қызметтерді алушылар санының алдыңғы жылғымен салыстырғанда көбеюі бойынша бағалайды.
36. Уақытша болу ұйымында қажетті мамандар болмаған жағдайда шарт негізінде қосымша мамандарды тартуға болады.
37. Уақытша болу ұйымында шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, ол уақытша болу ұйымының басшысында сақталады және қызмет алушылар мен келушілердің бірінші талабы бойынша беріледі.
Шағымдар мен ұсыныстар кітабын уақытша болу ұйымының басшысы апта сайын, ал ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – ай сайын қарайды.
Халықты әлеуметтік қорғау саласында
уақытша болу жағдайында арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсету стандартына
1-қосымша
_________________________________
(уақытша болу ұйымының атауы)
директорына _____________________
(директордың Т. А. Ә. (бар болса)
_________________________________
_________________________________
_________________________________
Мені әлеуметтік бейімдеу және оңалтудан өту үшін уақытша болу ұйымына қабылдауды сұраймын.
Өзім туралы мынадай ақпаратты хабарлаймын:
Туған күні «__» _________________ ____ ж.
Туған жері: ____________________________________________________
Жеке куәлік немесе паспорт (болған кезде):__________________________
____________________________________________________________________
Білімі: _________________________________________________________
____________ жылы тұрғын үйімнен айырылдым, айырылған тұрғын үйімнен мекенжайы
____________________________________________________________________
Тұрғын үйімнен айырылу себебім __________________________________
Тұрғылықты жері бойынша соңғы тіркелген мекенжайы:
____________________________________________________________________
Тіркелген мекенжайы, тұрғылықты жері бойынша тұрудың мүмкін болмауының себебі (егер баспанасынан айырылмаған болса) _____________
____________________________________________________________________
Жақын туыстары туралы деректер: _________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тұру және өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларымен таныстым және оларды сақтауға міндеттенемін.
Сондай-ақ, өзім туралы жалған ақпарат берген жағдайда, мен уақытша болу ұйымынан бірден шығарылатыным туралы ескертілдім.
________________ (қолы) «____» ___________ ______ ж.
Халықты әлеуметтік қорғау саласында
уақытша болу жағдайында арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсету стандартына
2-қосымша
Ресоциализация туралы үлгілік шарт
______________________________________________________________ атынан (уақытша болу ұйымының атауы) _____________________________________________, (бұдан әрі – Орталық) бір (басшының Т. А. Ә. (бар болса) тараптан және _______________________________ (бұдан әрі – қызметтерді (қызметтерді алушының Т. А. Ә. (бар болса)
алушы) екінші тараптан, бірлесіп Тараптар деп аталатындар, төмендегі туралы осы Шартты жасасты:
Қызметтерді алушыға Орталық ресоциализацияға (жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру) бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.
1) қызметтерді алушының оқуға және жұмыс орнына баруын бақылауды жүзеге асыру;
2) мүдделі адамдардан қызметтерді алушылардың оқу процесі, жұмыс орнына баруы және үлгерімі туралы қажетті ақпаратты сұрату;
3) қызметтерді алушы тарапынан міндеттемелерді орындамау немесе орындаудан жалтару жағдайында біржақты тәртіппен шартты бұзу;
4) одан әрі тұру мақсатында ұсынылған қолжетімді жалдамалы тұрғын үйде тұрудан бас тартқан жағдайда біржақты тәртіппен шартты бұзу.
3. Орталықтың міндеттері:
1) қызметтерді алушыларды арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету шарттарымен таныстыру;
2) белгіленген көлемде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
3) мамандығы бойынша кәсіптік оқытуды (даярлау, қайта даярлау) ұйымдастыру ______________________________;
4) тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыру;
5) келешекте тұру мақсатында қол жетімді жалдамалы тұрғын үй іздестіруді жүзеге асыру;
6) қызметтерді алушыға сыйластықпен қарау, дөрекілікке, өз міндеттемелеріне атүсті қарауға жол бермеу.
4. Қызметтерді алушының құқықтары:
1) ресоциализация процесі туралы ақпарат алу;
2) кәсіп және жұмыс орнын таңдауға қатысу.
5. Қызметтерді алушының міндеттемелері:
1) ресоциализация процесіне белсенді түрде қатысу;
2) _________________мамандығы бойынша оқу курсынан табысты өту;
3) ұсынылатын жұмыс орнына жұмысқа орналасу;
4) Орталық персоналына сыйластықпен қарау;
5) осы шарттың талаптарын сақтау.
Осы шарт мынадай негіздемелер:
1) қызметтерді алушы тарапынан міндеттемелерді (оқу, жұмысқа орналасу, тұрғын үй іздестіру) орындамау немесе орындаудан бас тарту;
2) қызметтерді алушының Орталық персоналына негізсіз дөрекілік таныту және айып тағу бойынша бұзуға жатады.
7. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету денсаулық сақтау ұйымында қызметтерді алушы болған кезеңінде тоқтатылады.
Шарт бірдей заң күшімен тараптардың әрқайсысы үшін екі данада жасалды және қол қойылды.
Орталық директоры _________________________ ______________ (Т. А. Ә. (бар болса) (қолы) Қызметтерді алушы _________________________ _______________ (Т. А. Ә. (бар болса) (қолы)
Ескертпе: осы Шарт үлгілік болып табылады.
Халықты әлеуметтік қорғау саласында
уақытша болу жағдайында арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсету стандартына
3-қосымша
Уақытша болу ұйымдарына арналған төсек-орын және ішкиім, жеке гигиеналық құралдар, сондай-ақ олардың тозу мерзімдерінің ең төмен нормалары
№
|
Атауы
|
Өлшем бірлігі
|
1 төсек-орынға
|
Норма
|
Мерзімі
(жыл)
|
1
|
Ақжайма
|
дана
|
3
|
1
|
2
|
Сейсеп
|
дана
|
3
|
1
|
3
|
Жастық тысы
|
дана
|
3
|
1
|
4
|
Сүлгі
|
дана
|
1
|
1
|
5
|
Матрац
|
дана
|
1
|
1
|
6
|
Жастық
|
дана
|
2
|
3
|
7
|
Көрпе
|
дана
|
2
|
3
|
8
|
Жамылғы
|
дана
|
1
|
2
|
9
|
Трусы
|
дана
|
3 – бір қызметтерді алушыға
|
1
|
10
|
Майка
|
дана
|
2 – бір ер адамға
|
1
|
11
|
Бюстгальтер
|
дана
|
2 – бір әйелге
|
1
|
12
|
Шұлық
|
дана
|
6 – бір қызметтерді алушыға
|
1
|
13
|
Тіс щеткасы
|
дана
|
1 – бір қызметтерді алушыға
|
3 ай
|
14
|
Тіс пастасы
|
миллилитр
|
900
|
1
|
15
|
Иіс сабын
|
грамм
|
1200
|
1
|
16
|
Резина клеенка
|
дана
|
қажеттілігіне қарай, бірақ бір төсек-орынға 1 данадан артық емес
|
1
|
17
|
Әйелдерге арналған сіңіргіш төсемелер
|
дана
|
қажеттілігіне қарай, бірақ бір әйелге айына 16 данадан артық емес
|
|
18
|
Жаялықтар
|
дана
|
уақытша болу ұйымы дәрігерінің қорытындысы бойынша, бірақ күніне ресоциализация туралы шарт жасаған бір қызметтерді алушыға 1 данадан артық емес
|
|