• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 22.02.2021 г

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 276 бұйрығына 2-қосымша

«Жобалау қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2021 жылғы 22 ақпаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.02.2021 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес
Стандарт өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 жылғы № 25 Бұйрығымен (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Стандарт өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 953 Бұйрығымен (21.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.07.2019 жылғы № 499 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Жобалау қызметіне лицензия беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік).
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет облыстардың, республикалық маңызы қалалардың, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімдері порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап:
1) лицензия беру, заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру және заңды тұлға-лицензиатты бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде және санат бере отырып қайта ресімдеу - 5 жұмыс күнін (құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
2) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезінде қайта ресімдеу - 3 жұмыс күнін (құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) құрайды.
Қызмет беруші қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауы тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі іздестіру қызметіне лицензия беру, лицензияны және қайта ресімдеу, не осы стандарттың 10 тармағына көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде: жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.
Лицензияны беру және қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес:
лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Жобалау қызметіне лицензия алуға, қайта ресімдеуге, электрондық сұрау берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады).
9. Көрсетілетін қызметті өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
жеке тұлға үшін - осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
заңды тұлға үшін - осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны, штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін инженер-техник жұмыскердің болуын және ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуының болуын растайтын құжаттармен қоса беріледі;
лицензиаттың немесе шетелдік тұлғалар өтініш берген жағдайда, І немесе ІІ санаттағы лицензия алу қажет болғанда,– біліктілік талаптарына сәйкес іске асырылған объектілер туралы растайтын құжат, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі;
филиал арқылы шетелдік тұлға өтініш берген жағдайда, І немесе ІІ санаттағы лицензия алу қажет болғанда, лицензияның немесе шет мемлекеттің шетелдік тұлғалар үшін жобалау қызметіне тиісті растамасы бар тиісті рұқсат беру құжатының көшірмесі, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі;
2) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген, заңды тұлға-лицензиатты бірігу нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресімдеген кезде:
жеке тұлға үшін - осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған нысан бойынша өтініш;
заңды тұлға үшін - осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған, нысан бойынша өтініш;
3) санат берілуіне байланысты лицензияны қайта ресімдеген кезде порталға:
жеке тұлға үшін - осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
заңды тұлға үшін - осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
лицензияның және лицензияға қосымшаның электрондық көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда);
осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі;
4) заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде, лицензияны қайта ресімдеген кезде:
заңды тұлға үшін - осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық нысан бойынша өтініш;
осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген бөліп шығарған заңды тұлғаның лицензияны бөлініп шыққан заңды тұлғаға қайта ресімдеуге келіскені туралы шешімінің электрондық көшiрмесi;
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтері, лицензия туралы, лицензиялық алым туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзы арқылы беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Портал арқылы жүгіну кезінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге арналған сұрауды қабылдау туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып мәртебе жіберіледі.
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;
5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған жағдайларда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тартылады.
 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің не (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының не Министірліктің атына, Министірліктің: www. miid.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған мекенжайлар бойынша беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, шағымды көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министірліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым береді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
 4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, электрондық көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің: www.miid.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).
 «Жобалау қызметіне
 лицензия беру»
 мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет стандартына
 1-қосымша
 Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның 
өтiнiші
__________________________________________________________________ 
(лицензиардың толық атауы)
__________________________________________________________________ 
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда),
 жеке сәйкестендіру нөмірі) 
__________________________________________________________________ 
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтiң кіші түрінің
(-лері) толық атауы көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруiңiздi сұраймын
 ____________________________________________________________________ 
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
 көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Банк шоты _____________________________________________________ 
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің 
мекенжайы ____________________________________________________ 
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберіледі;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сотпен қойылған шектеуліттер жоқтығы;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
 Жеке тұлға __________ _____________________________________ 
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
 «Жобалау қызметіне
 лицензия беру»
 мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет стандартына
 2-қосымша
 Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның 
өтiнiші
 ___________________________________________________________________ 
(лицензиардың толық атауы) 
___________________________________________________________________ 
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, 
орналасқан орны, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды
тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік 
заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) 
__________________________________________________________________ 
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) 
толық атауы көрсетiлсiн)
_____________________________________жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруiңiздi сұраймын
Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________ 
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы,
ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-
жайлар) нөмірі)
Банк шоты _____________________________________________________ 
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) 
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің 
мекенжайы _____________________________________________________ 
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберіледі;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сотпен қойылған шектеуліттер жоқтығы;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
Басшы ____________ ________________________________________ 
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
 «Жобалау қызметіне
 лицензия беру»
 мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет стандартына
 3-қосымша
 Инженер-техник жұмыскерлер туралы мәліметтер
 (сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны 
алған кезде, сондай-ақ лицензияны І санатқа қайта ресімдеген кезде толтырылады)
4) Инженер-техник жұмыскердің аттестатының болуы ______________
 _______________________________________________________________ (аттестаттың нөмірі мен берілген күнін көрсету)
Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы мәліметтер (сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны алған кезде, сондай-ақ санат бере отырып, лицензияны қайта ресімдеген кезде толтырылады)
5) Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар ораналасқан объектінің мекенжайы
7) Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәліктің нөмірі _________
9) Жалға алу туралы шарттың нөмірі мыналармен жарақталған:
(болған жағдайда, «Х» белгісін қою қажет) Өтініш берілген жұмыс
түрлерін, лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін орындау үшін қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен және үй-жайлармен ________
Еңбек шарттарына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен _____
 Өзге талаптар (лицензия алған және лицензияны І және ІІ қайта ресімдеген кезде толтырылады)
12) Пайдалануға беру актілерінің және орындалған жұмыстар актілерінің деректемелері ___________________________________________
 Материалдық-техникалық жарақтандырылуы
 туралы мәліметтер (сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/ 
немесе лицензияға қосымшаны алған кезде толтырылады)
 «Жобалау қызметіне
 лицензия беру»
 мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет стандартына
 4-қосымша
 Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның 
өтiнiші
 ___________________________________________________________________ 
(лицензиардың толық атауы) ___________________________________________________________________ 
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), 
жеке сәйкестендіру нөмірі) 
___________________________________________________________________ 
(қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы)
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні,
 лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы)
 лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын)
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі _______
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______
3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгеруі _______
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ________
5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _______
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _______
8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
___________________________________________________________________ 
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат нөмірі)
Банк шоты _____________________________________________________ 
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің 
мекенжайы ____________________________________________________ 
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
 үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар нөмірі)
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберіледі;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сотпен қойылған шектеуліттер жоқтығы;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
Жеке тұлға ___________ ____________________________________ 
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
 «Жобалау қызметіне
 лицензия беру»
 мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет стандартына
 5-қосымша
 Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның 
өтiнiші
 ___________________________________________________________________ 
(лицензиардың толық атауы) 
___________________________________________________________________ 
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, 
орналасқан орны, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес- 
сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға 
филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) 
_____________________________________________________ жүзеге асыруға 
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің 
(-лері) толық атауы)
 (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), 
берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) 
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын)
1) заңды тұлға-лицензиат «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____
5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ____
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ____
8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы ______________________________________
 ____________________________________________________________________ 
(шетелдік заңды тұлға үшін - елі, пошталық индексі, облысы, қаласы, 
ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі (стационарлық үй-жайлар))
 Банк шоты _____________________________________________________ 
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) 
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
_____________________________________________________ 
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
 көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберіледі;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сотпен қойылған шектеуліттер жоқтығы;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
Басшы ______________ _____________________________________ 
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)