Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 276 бұйрығына
4-қосымша
Toggle Dropdown
«Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
Редакция 21.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет облыстардың, республикалық маңызы қаланың, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
Toggle Dropdown
3) «электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімдері:
Toggle Dropdown
1) Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап:
Toggle Dropdown
лицензия беру, заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру және заңды тұлға-лицензиатты бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресімдеу - 15 жұмыс күнін (құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
Toggle Dropdown
лицензияның телнұсқасын беру - 2 жұмыс күнін (құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
Toggle Dropdown
жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезінде қайта ресімдеу - 3 жұмыс күнін (құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) құрайды;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 15 минуттан аспайды;
Toggle Dropdown
3) жүгінген күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік Көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру, не осы стандарттың 10 тармағына көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
Toggle Dropdown
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Toggle Dropdown
болып табылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алуға, қайта ресімдеуге және лицензияның телнұсқасын қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде: жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес:
Toggle Dropdown
лицензия беру үшін - 10 айлық есептік көрсеткішті;
Toggle Dropdown
лицензияның телнұсқасын беру үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын;
Toggle Dropdown
лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
Toggle Dropdown
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады
Toggle Dropdown
Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқаларын беруге электрондық сұрау берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс кестесі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушінің – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартына 1-қосымшаға сәйкес.
Toggle Dropdown
2) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет операция залында «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен мемлекеттік қызметті алушының тіркелген орны бойынша көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға мүмкіндігі бар;
Toggle Dropdown
3) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады).
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы мынадай құжаттардың тізбесін ұсынады:
Toggle Dropdown
1) лицензияны бірінші кезеңде алу кезінде Мемлекеттік корпорацияға және көрсетілетін қызметті берушіге:
Toggle Dropdown
жеке тұлға үшін - осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Toggle Dropdown
заңды тұлға үшін - осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Toggle Dropdown
жеке басын куәландыратын құжат - мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады;
Toggle Dropdown
«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
Toggle Dropdown
құрылыстың нөлдік сатысындағы жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама қорытындысының көшірмесі;
Toggle Dropdown
агент-банкпен шарттың көшірмесі;
Toggle Dropdown
тұрғын ғимартты салу үшін агент-банктің тұрғын ғимаратты салу құнының кемінде он бес пайызы мөлшерінде немесе нөлдік циклдегі құрылыс құнына балама мөлшерде меншікті қаражатының бар екені туралы анықтамасының көшірмесі;
Toggle Dropdown
қол қойылған пайдалануға беру актілерінің, жобалау компаниясының жарғылық қорында елу пайыздан астам жарғылық капиталы бар құрылтайшының, оның ішінде тапсырыс беруші ретіндегі құрылтайшының тұрғын ғимараттарды тұрғызуда кемінде үш жыл тәжірибесінің бар екенін растайтын қосалқы мердігерлік шарттарының көшірмелері;
Toggle Dropdown
қол қойылған пайдалануға беру актілерінің көшірмелері, жобалау компаниясының жарғылық қорында елу пайыздан астам жарғылық капиталы бар құрылтайшының кемінде жүз пәтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде пайдалануға беру тәжірибесінің болуы;
Toggle Dropdown
жобалау компаниясының жарғылық қорында елу пайыздан астам жарғылық капиталы бар құрылтайшының кемінде жүз мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде меншікті капиталының бар екені туралы агент-банк анықтамасының көшірмесі;
Toggle Dropdown
2) лицензияны екінші кезеңде алу кезінде Мемлекеттік корпорацияға және көрсетілетін қызметті берушіге:
Toggle Dropdown
жеке тұлға үшін - осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;