Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 276 бұйрығына
5-қосымша
Toggle Dropdown
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
Редакция 28.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік).
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет облыстардың, республикалық маңызы қалалардың, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларға аттестат беру (бұдан әрі – аттестат), не осы стандарттың 10 – тармағына көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электронды.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет алушы) тегін негізде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс кестесі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
Toggle Dropdown
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады).
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Toggle Dropdown
осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес, көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
Toggle Dropdown
жеке басын куәландыратын құжат - мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады;
Toggle Dropdown
кәсіптік жоғары білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі (ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы болған жағдайда, тиісті құжаттардың электрондық көшірмелері);
Toggle Dropdown
еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы еңбек кітапшасын дәйекті себептер бойынша ұсынбаған жағдайда, ол еңбек қызметін растайтын мынадай құжаттардың бірін тапсырады:
Toggle Dropdown
жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау және оны тоқтату негіздері туралы белгісі бар еңбек шартының электрондық көшірмесі;
Toggle Dropdown
жұмыс берушінің еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын актілерінен үзінділерінің электрондық көшірмесі;
Toggle Dropdown
қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтаманың электрондық көшірмесі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызмет алушыға тиісті құжаттардың қабылдау туралы қолхат беріледі.
Toggle Dropdown
Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылдағаны туралы мәртебе жіберіледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Toggle Dropdown
10. Егер:
Toggle Dropdown
1) өтініш беруші ұсынылған құжаттардың талаптарға сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша тестілеуге жіберілмеген;
Toggle Dropdown
2) өтініш беруші тестілеуден өту кезінде шекті деңгейде төмен баға алған жағдайларда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тартылады.
Toggle Dropdown
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның
лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Toggle Dropdown
11. Көрсетілетін қызметті берушінің не (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының не Министірліктің атына, Министірліктің: www. miid.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған мекенжайлар бойынша беріледі.
Toggle Dropdown
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Toggle Dropdown
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, шағымды көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министірліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Toggle Dropdown
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы;
Toggle Dropdown
2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушіге, Министрлікке келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Toggle Dropdown
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Toggle Dropdown
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым береді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Toggle Dropdown
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
Toggle Dropdown
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
Toggle Dropdown
Министрліктің www.miid.gov.kz.
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті берушінің.
Toggle Dropdown
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
15. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
16. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің: www.miid.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).
Toggle Dropdown
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
салаларында сарапшылық жұмыстарды
және инжинирингтік көрсетілетін
қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды
аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Toggle Dropdown
|
[Жергілікті уәкілетті органның мемлекеттік тілдегі атауы]
|

|
[Жергілікті уәкілетті органның орыс тілдегі атауы]
|
|
[Жергілікті уәкілетті органның мемлекеттік тілдегі деректемелері]
|
[Жергілікті уәкілетті органның орыс тілдегі деректемелері]
|
Toggle Dropdown
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшының
Toggle Dropdown
АТТЕСТАТЫ
Toggle Dropdown
№ [Нөмірі]
Toggle Dropdown
Осы құжатпен
Toggle Dropdown
[ТЕГІ] [АТЫ] [ӘКЕСІНІҢ АТЫ]
Toggle Dropdown
түр бойынша: [Сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік көрсетілетін қызметтер түрі]
Toggle Dropdown
мамандану бойынша: [Мамандану]
Toggle Dropdown
осы қызметті жүзеге асыру құқығымен сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік көрсетілетін қызметтер бойынша сарапшы мәртебесі берілгені куәландырылады.
Toggle Dropdown
Жергілікті уәкілетті орган басшысының бұйрығы
Toggle Dropdown
[бұйрықтың күні] № [бұйрықтың нөмірі]
Toggle Dropdown
[берілген күні]
Toggle Dropdown
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты]
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.
Toggle Dropdown
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды
және инжинирингтік көрсетілетін
қызметтерді жүзеге асыратын
сарапшыларды аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Toggle Dropdown
___________________________________________________________________
(жергілік атқарушы органның толық атауы)
___________________________________________________________________
(жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Toggle Dropdown
ӨТІНІШ
___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________
(сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк көрсетілетін қызмет түрін көрсету)
_______________________________________________ мамандануы бойынша (сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк көрсетілетін қызмет түрінің мамандануын көрсету)
Toggle Dropdown
жүзеге асыру жөніндегі сарапшы ретінде аттестаттауды сұраймын.
Toggle Dropdown
Жеке тұлға туралы мәліметтер:
Toggle Dropdown
1. Мекенжайы, телефоны:_____________________________________________
Toggle Dropdown
2. Жұмыс орны: _____________________________________________________
(ұйымның атауы, мекенжайы)
Toggle Dropdown
3. Тестілеу тілі: __________________________________________________
Toggle Dropdown
4. Қоса берілген қосымша құжаттар: _________________________________
Toggle Dropdown
ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректерді пайдалануға келісімін беремін
Toggle Dropdown
____________ _____________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)