Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 200 бұйрығына
2-қосымша
Toggle Dropdown
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
Редакция 03.07.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті жатақханасы бар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
Toggle Dropdown
1) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушылар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 жұмыс күні;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жатақхана беру туралы жолдама.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Toggle Dropdown
Алдын ала жазу және жедел қызмет көрсету көзделмеген.
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Toggle Dropdown
1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйым басшысының атына жатақханадан орын беру туралы өтініш;
Toggle Dropdown
2) отбасы болған жағдайда, отбасының құрамы туралы анықтама;
Toggle Dropdown
3) ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін);
Toggle Dropdown
4) отбасында 4 немесе одан да көп баланың болуы туралы анықтама (көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін);
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 142-І бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9377 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігін растау туралы анықтама;
Toggle Dropdown
6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқықты растау туралы анықтама немесе жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жоқтығы туралы анықтама;
Toggle Dropdown
7) жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін).
Toggle Dropdown
Құжаттардың қабылданғанын растау құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ мөртаңба, кіріс нөмірі және күні көрсетіле отырып, қолхат беру болып табылады.
Toggle Dropdown
9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №13487 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларында белгіленген талаптарына сәйкес келмеуі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып жауап жібереді.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қайта жүгінуіне болады.
Toggle Dropdown
9-2. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым жазбаша түрде:
Toggle Dropdown
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы басшысының атына беріледі.
Toggle Dropdown
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Toggle Dropdown
Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің, жергілікті атқарушы органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Toggle Dropdown
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Toggle Dropdown
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
Toggle Dropdown
12. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
Toggle Dropdown
1) Министрліктің интернет-ресурсында: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, www.edu.gov.kz;
Toggle Dropdown
e-mail: pressa@edu.gov.kz;
Toggle Dropdown
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген тізімге сәйкес жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған.
Toggle Dropdown
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған және Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Toggle Dropdown
«Техникалық және кәсіптік білім беру
ұйымдарындағы білім алушыларға
жатақхана беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында
білім алушыларға жатақханалар беру туралы жолдама
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының атауы және мекенжайы)
Toggle Dropdown
Азамат (-ша) ________________________________________________________
Toggle Dropdown
/тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Toggle Dropdown
№ ___жатақханаға орналасуға жіберемін.
Toggle Dropdown
Жатақхананың мекенжайы ______________________________________________
Toggle Dropdown
20___ ж. «____» _________ cағатта ___ келуді ұсынамын.
Toggle Dropdown
Директор __________
Toggle Dropdown
20___ ж. «____» _________
Toggle Dropdown
«Техникалық және кәсіптік білім беру
ұйымдарындағы білім алушыларға
жатақхана беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Toggle Dropdown
______________________________ директоры
_________________________________________
(оқу орны директорының Т.А.Ә. (бар болса)
_______________________ мамандығы бойынша
_________________________________ тобының
студенті ________________________________
Т.А.Ә. (бар болса)
Toggle Dropdown
Маған жатақханадан бір орын бөлуіңізді сұраймын.
Toggle Dropdown
Келу орны____________________________________________________________
Toggle Dropdown
20 ж. « » _______ /қолы/
Toggle Dropdown
1
«Техникалық және кәсіптік білім беру
ұйымдарындағы білім алушыларға
жатақхана беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Toggle Dropdown
Облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының тізімі
Toggle Dropdown
|
№
|
Өңірдің атауы
|
Телефон
|
Мекен-жайы
|
Сайт
|
|
1.
|
Ақмола облысы
|
8(7162)401402
|
020000, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89А
|
www.akmo.kz
|
|
2.
|
Ақтөбе облысы
|
8(7132)560474
|
030010, Ақтөбе қаласы, Әбылқайыр хан көшесі, 40
|
www.akto.kz
|
|
3.
|
Атырау облысы
|
8(7122)354965
|
060010, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77
|
www.atyrauobl.kz
|
|
4.
|
Алматы облысы
|
8(7282)272731
|
040000, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26
|
www. almaty-reg.kz
|
|
5.
|
Шығыс Қазақстан облысы
|
8(7232)570151
|
070019, Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19
|
www. akimvko.gov.kz
|
|
6.
|
Жамбыл облысы
|
8(7262)431552
|
080008, Тараз қаласы,
Абай көшесі, 125
|
www. zhambyl.kz
|
|
7.
|
Батыс Қазақстан облысы
|
8(7112)260468
|
090000, Орал қаласы,
Почиталин көшесі, 72
|
www.western.kz
|
|
8.
|
Қарағанды облысы
|
8(7212)425443
|
100012, Қарағанды қаласы, Әлихан көшесі, 19
|
www.karaganda-region.kz
|
|
9.
|
Қызылорда облысы
|
8(7242)272934
|
120003, Қызылорда қаласы, Абай көшесі, 48
|
www.kyzylorda.kz
|
|
10.
|
Қостанай облысы
|
8(7142)575310
|
110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 56
|
www.kostanay.kz
|
|
11.
|
Маңғыстау облысы
|
8(7292)435100
|
130000, Ақтау қаласы, 13 шағын ауд. 47-ғимарат
|
www.mangystau.kz
|
|
12.
|
Павлодар облысы
|
8(7182)320965
|
140009, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32
|
www.pavlodar.kz
|
|
13.
|
Солтүстік Қазақстан облысы
|
8(7152)463288
|
150011, г. Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 58
|
www.
akimat-sko.kz
|
|
14.
|
Оңтүстік Қазақстан облысы
|
8(7252)563247
|
160007, Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12 А
|
www. ontustik.gov.kz
|
|
15.
|
Астана қаласы
|
8(7172)556851
|
010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11
|
www.astana.kz
|
|
16.
|
Алматы қаласы
|
8(727)2716509
|
050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4
|
www.almaty.kz
|
Toggle Dropdown
«Техникалық және кәсіптік, білім ұйымдарындағы
білім алушыларға жатақхана беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының
тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда) немесе көрсетілетін
қызметті алушы ұйымының атауы
___________________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)
Toggle Dropdown
Құжаттарды қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» филиалының № бөлімі (мекенжайы көрсетілетін)/ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы ___________________________________ (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес _________ толық құжаттар топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Toggle Dropdown
Жоқ құжаттардың атауы:
Toggle Dropdown
1) ____________________;
Toggle Dropdown
2) ____________________;
Toggle Dropdown
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің/
Toggle Dropdown
білім беру ұйымы қызметкерінің Т.А.Ә.
Toggle Dropdown
(бар болған жағдайда) _________ (қолы)
Toggle Dropdown
Орындаушының Т.А.Ә.
Toggle Dropdown
Телефоны __________
Toggle Dropdown
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
Toggle Dropdown
20 ___ ж. «___» ______________