«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі өңдеу өнеркәсібі саласында көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылы 18 маусымдағы № 229 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 шілдеде № 9627 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 12 қыркүйектен бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 жылғы № 638 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Тауарларды кеден аумағында/аумағынан тыс өңдеу және өнеркәсіптің ішкі тұтыну үшін жеңіл, тау-кен металлургиясы, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу салаларында, сондай-ақ машина жасауда және құрылыс индустриясында өңдеу шарттары туралы құжат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына кірмейтін елдерге экспорты лицензия негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкету кезінде мемлекеттік бақылау және құнын бағалау актісін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына кiрмейтiн елдерден экспорты лицензия негiзiнде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металл сынықтары мен қалдықтарын әкелу кезiнде мемлекеттiк бақылау актiсiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын өңдеудің экономикалық орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) мен экономикалық орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Өнеркәсiп комитетi (Б.Ә. Қасымбеков) заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жiберiлуiн;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бiрiншi вице-министрi А.П. Рауға жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрi Ә. Исекешев
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |