Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 10 сәуірдегі
№ 221 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы»Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес әзірленді және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуға және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге бағытталған шаралар тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және қаражат шегінде:
Toggle Dropdown
1) кәсіптік бағдарлану, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультация, психологиялық бейімдеу жөніндегі қызмет көрсету;
Toggle Dropdown
2) стипендия төлей отырып, біліктілікті арттырудың, кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың (бұдан әрі – кәсіптік оқыту) тегін курстарына, сондай-ақ практикалық дағдылар алу үшін қысқа мерзімді курстарға (бұдан әрі – оқыту шеберлік сыныптары) жіберу;
Toggle Dropdown
3) практикалық дағдылар алуға арналған қысқа мерзімді курстарды қоспағанда, оқып жүргендерге субсидия (оқу орнына дейін және кері жол жүруге, жатақханада тұруға немесе тұрғын үйді жалдауға (жалға беруге) байланысты шығындарды өтеуге) (бұдан әрі – материалдық көмек) беру;
Toggle Dropdown
4) лайықты бос жұмыс орындарын іздеуге және жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына орналастыруға жәрдемдесу;
Toggle Dropdown
5) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау;
Toggle Dropdown
6) жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбегіне ақы төлеу жолымен іске асырылады.
Toggle Dropdown
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) әлеуметтік демалыс – ана болу, балалардың күтімі үшін, өндірістен қол үзбей білім алу және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату;
Toggle Dropdown
2) Бағдарламаға қатысушылар – жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ оралмандар және қатысу басымдығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары;
Toggle Dropdown
3) Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Toggle Dropdown
4) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
Toggle Dropdown
5) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсетуді басқару функцияларын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері;
Toggle Dropdown
6) жалдамалы (ақы төленетін) қызметкерлер – еңбегі үшін ақыны, оның ішінде лауазымдық жалақы, сыйлықақы, үстеме ақы немесе заттай түрдегі еңбекақыны (сыйақыны) көздейтін еңбек шарты бойынша (жал шарты) жұмыс істейтін жеке тұлғалар;
Toggle Dropdown
7) жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының бір айдағы жиынтық табысының отбасының әр мүшесіне шаққандағы үлесі;
Toggle Dropdown
8) жеке қосалқы шаруашылық – ауылдық жерде және қалаға іргелес аймақты орналасқан жер учаскесінде өзінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған қызмет түрі;
Toggle Dropdown
9) жұмыссыздар – кіріс әкелетiн еңбек қызметiмен айналыспайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге әзiр, еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғалар;
Toggle Dropdown
10) жұмыссыздық деңгейі – экономикалық белсенді халық санындағы жұмыссыздар санының пайызбен өлшенген үлес салмағы;
Toggle Dropdown
11) «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «ЖЖК 2020» ААЖ) – автоматтандырылған режимде Бағдарламаға қатысушылардың деректер қорын қалыптастыруды, жүргізуді және пайдалануды қамтамасыз ететін жүйе;
Toggle Dropdown
12) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – мемлекет іске асыратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды мемлекеттік қолдау шаралары;
Toggle Dropdown
13) жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлер – толық емес жұмыс уақыты немесе жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы жағдайында немесе қызметкерлер әлеуметтік демалыста немесе өндірістің тоқтатылуына байланысты еріксіз бос жүрген жағдайларда еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлер;
Toggle Dropdown
14) Қазақстан Республикасының табысы аз азаматтары (отбасылары) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтiк көмек және (немесе) он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар, еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғалар;
Toggle Dropdown
15) кәсіптік оқыту – Бағдарламаға қатысушыларды білім беру ұйымдарында не жұмыс берушілердің өндірістік кәсіпорындары мен ұйымдарының жанындағы оқу орталықтарында (бұдан әрі – оқытатын ұйымдар) оқыту, кәсіптік оқыту:
Toggle Dropdown
мамандығы (кәсібі) жоқ, мамандық (кәсіп) игеруді және сол мамандығы (кәсібі) бойынша жұмыс істеуді қалайтын адамдарды; еңбек нарығында сұранысқа ие емес мамандығы (кәсібі) бар, жаңа мамандық (кәсіп) игеруді және сол мамандығы (кәсібі) бойынша жұмыс істеуді қалайтын адамдарды кәсіптік даярлауды;
Toggle Dropdown
егер Бағдарламаға қатысушыларға мамандығы (кәсібі) бойынша лайықты жұмыс ұсына алмаған немесе олардың белгілі бір мамандықтар (кәсіптер) бойынша жұмысты орындауға қабілеттілігі жойылған жағдайда, жаңа мамандықтар (кәсіптер) меңгеру мақсатында қайта даярлауды;
Toggle Dropdown
біліктілігін арттыруды – анағұрлым жоғары разряд (сынып, санат) алу, озық техника мен технологияны зерттеу және игеру мақсатында өндірістік қажеттілікке қарай, кәсіби шеберлігін жетілдіруді қамтиды;
Toggle Dropdown
16) кооператив мүшелері – өндірістік кооперативтің мүшелері болып табылатын жеке тұлғалар;
Toggle Dropdown
17) оқуға материалдық көмек – кәсіптік оқудан өтіп жатқан Бағдарламаға қатысушыға жол жүруге және тұруға арналған шығындарды ішінара өтеуге төленетін ақшалай қаражат;
Toggle Dropdown
18) отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) жалақы төленбейтін қызметкерлері – туыс адам басқаратын кәсіпорында (шаруашылықта) сыйақысыз жұмыс істейтін жеке тұлғалар;
Toggle Dropdown
19) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – жеке тұтынуға арналған өндірісті қоса алғанда, табыс алу үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндірумен (өткізумен) дара айналысатын жеке тұлғалар, өндірістік кооператив мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін қызметкерлері және жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілер;
Toggle Dropdown
20) өңір – республиканың бiрнеше елдi мекендерiн қамтитын, оның мүддесi үшiн құрылатын және басқарылатын республика аумағының бiр бөлiгi. Республикалық әкiмшiлiк-аумақтық құрылыстың негiзгi буындары ретiнде облыс, аудан және ауылдық округ өңірлер болып табылады;
Toggle Dropdown
21) өңірлік комиссия – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының жанындағы жергілікті өкілді органдар, жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар өкілдерінің қатысуымен Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
Toggle Dropdown
22) уәкілетті орган – өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;
Toggle Dropdown
23) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын мемлекеттік мекеме;
Toggle Dropdown
24) халықтың механикалық қозғалысы – тұрғылықты жерін ауыстыру мақсатында елдің шекарасы немесе қандай да бір аумақ (көші-қон) арқылы халықтың жүріп-тұруы.
Toggle Dropdown
25) экономикалық белсенді емес (енжар, бейғам) халық – қаралып отырған есепті кезеңде жұмыспен қамтылғандар немесе жұмыссыздар болып табылмайтын, халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы (15 жастағы және одан жоғары) жеке тұлғалар;
Toggle Dropdown
26) экономикалық тұрғыдан белсендi халық (жұмыс күшi) – тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін, халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы халықтың бөлігі (экономикада жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар);
Toggle Dropdown
2. Оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар тәртібі
Toggle Dropdown
4. Оқытуға қажеттілікті, еңбекке қабілетті халықтың саны мен құрылымын, жұмысқа орналасуға мұқтаж адамдардың санын, іске асырылатын жобалар шеңберінде құрылып жатқан жұмыс орындарының санын айқындау мақсатында жергілікті атқарушы органдар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өңірлердің жұмыспен қамту картасын қалыптастырады.
Toggle Dropdown
5. Жұмыспен қамту карталары ортамерзімдік перспективаға (үш жылдық кезеңге, әр жылға жеке) мынадай өңірлер бойынша жасалады:
Toggle Dropdown
1) ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан;
Toggle Dropdown
2) аудан;
Toggle Dropdown
3) облыстық маңызы бар қала;
Toggle Dropdown
4) облыс;
Toggle Dropdown
5) республикалық маңызы бар қала, астана.
Toggle Dropdown
6. Ауылдың, кенттің, ауылдық округтің, қаладағы ауданның жұмыспен қамту карталары үй аралап халыққа сауалнама жүргізу, сондай-ақ бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің, қызметін көрсетілген аумақта жүзеге асыратын кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің мәліметтері арқылы жасалады, ол әрбір есепті жылдың 15 ақпанына дейін қалыптастырылады және жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органға беріледі.