• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2016 г

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 221 бұйрығына 3-қосымша

Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру қағидалары
Қағидалар күшін жойды 2016 жылғы 8 тамыздан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 14.06.2016 жылғы № 516 Бұйрығына сәйкес
1. Осы Микроқаржы ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібін, кредиттік ресурстарды іріктеу және микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары мен кредиттік серіктестіктерге беру, сондай-ақ олардың бөлінген кредиттік ресурстарды мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізу шарттарын айқындайды.
1) бағалаушы – бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар және міндетті түрде бағалау палатасының бірінің мүшесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
2) Бағдарлама Операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) өңірлік комиссия – жергілікті өкілді органдардың, жұмыс берушілердің, кәсіптік одақтар өкілдерінің қатысуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
5) қарыз алушы – Бағдарлама шеңберінде соңғы қарыз алушыларға микрокредит беру жөніндегі конкурста жеңген кредиттік ұйым;
6) кредит бойынша сыйақы ставкасы – берілген кредиттік ресурстарға кредит сомасында пайызбен көрсетіліп белгіленген төлем мөлшері;
7) кредиттік ресурстар – қамтамасыздық және мақсатты пайдалану шарттарында кредитті пайдаланғаны үшін қарыз алушының сыйақы төлеуімен, уәкілетті өңірлік ұйым кредиттік ұйымдарға белгілі бір кезеңге беретін ақшалай қаражат;
8) кредиттік серіктестік (бұдан әрі – КС) – жеке және (немесе) заңды тұлғалар оған қатысушылардың кредитке және басқа қаржыға, оның ішінде банк қызметтеріне қажеттіліктерін олардың ақшаларын шоғырландыру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа көздердің есебінен қанағаттандыру үшін құрған заңды тұлға;
9) кредиттік ұйымдар (бұдан әрі – КҰ) – Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қызметін жүзеге асыратын микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары және кредиттік серіктестіктер;
10) КС үшін соңғы қарыз алушылар – КС мүшелері, жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ оралмандар және қатысу басымдығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары;
11) микрокредиттік ұйым – (бұдан әрі – МКҰ) – микрокредит беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
12) микроқаржы ұйымы – (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтумен айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
13) соңғы қарыз алушылар – жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ оралмандар және қатысу басымдығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары;
14) техникалық сарапшылар – кредиттік ұйымдар ұсынатын қызметтердің конкурс құжаттамасы талаптарына сәйкестігі туралы сараптау қорытындысын әзірлеуге қатысу үшін тартылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып белгіленген сараптау комиссиясы;
15) тіркеуші органдар – кепілдік мүлікке Кепіл шартын және/немесе құқық белгілейтін құжаттарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеуге уәкілетті органдар;
16) уәкілетті өңірлік ұйым – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлға, сондай-ақ банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйым және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар;
3. Республикалық бюджеттен облыстың жергілікті атқарушы органдарына қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында жылдық 0,01 % сыйақы ставкасымен бюджеттік кредит беріледі.
4. Облыстың жергілікті атқарушы органы уәкілетті өңірлік ұйымды айқындайды және 5 жылдан аспайтын мерзімге кредит береді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес онымен келісім жасайды.
1) қаржы агенттігі мәртебесі бар уәкілетті өңірлік ұйым үшін жылдық сыйақы ставкасы 0,01% мөлшерінде белгіленеді;
2) басқа заңды тұлғалар үшін кредит бойынша жылдық сыйақы ставкасы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитеттеген, тиісті мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялардың нәтижелері бойынша өткен тоқсанда қалыптасқан мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістің орташа мөлшерлік ставкасы деңгейінде белгіленеді.
5. Уәкілетті өңірлік ұйым осы Қағидаларда белгіленген шарттарда КҰ-ға конкурстық негізде кредиттік ресурстар ұсынады.
6. КҰ кредит беруді жүзеге асыру мақсатында уәкілетті өңірлік ұйым:
1) конкурсқа қатысатын КҰ-ға қойылатын талаптарды, оларға кредиттік ресурстар беру және соңғы қарыз алушыларға кредит беру шарттарын айқындайды;
2) өтініштерді бағалау және КҰ-ды іріктеу арқылы конкурс өткізеді;
4) кредиттік ресурстардың мақсатты пайдаланылуына және олардың уақтылы өтелуіне мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.
7. КҰ ұйымдары арасында конкурс өткізбей соңғы қарыз алушыларға кредит беруді қаржы агенттігі мәртебесі бар уәкілетті өңірлік ұйымның өзі жүргізе алады.
Соңғы қарыз алушылар бұрын берілген микрокредиттер және мини кредиттер есебінен қайтарған қаражаттын шоғырландыру кезінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуды мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру Қағидаларының шарттарына сәйкес қайтадан кредит беруді жүзеге асыруға жол беріледі.
8. КҰ-ға кредиттік ресурстар жеделділік, қайтарымдылық, ақылылық, қамтамасыздық және мақсатты пайдалану шарттарында ұсынылады.
1) кейіннен соңғы қарыз алушыларға кредит беру үшін КҰ-ның айналым қаражатын толықтыруды;
4) уәкілетті өңірлік ұйымның ұсынатын кредиттері бойынша жылдық сыйақы ставкасын ол өңірлік комиссиямен келісім бойынша уәкілетті өңірлік ұйым үшін белгіленген кредиттер бойынша сыйақы ставкасына және оның кредит беруді ұйымдастырумен байланысты жоспарланған шығыстарына қарай белгілейді;
5) негізгі берешекті бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезеңді;
6) кредит және сыйақы бойынша қайтарылған қаражат сомасына пропорционал КҰ-ның кепілін алып тастауды;
7) өңірлік комиссиялардың келісімі бойынша транш түрінде кредит қаражатын бөлу мүмкіндігін көздейді.
1) кредиттік серіктестіктерге КС барлық мүшелерінің немесе қаржылық жай-күйі уәкілетті өңірлік ұйымның талаптарына жауап беретін үшінші тұлғалардың кепілдіктерінің негізінде кепілсіз;
2) МҚҰ-ға (МКҰ-ға) міндетті кепілдік қамтамасыз ету негізінде беріледі. Бұл ретте, бюджеттік кредиттің қайтарылуын қамтамасыз ету құны сыйақы сомасын ескергенде, бюджеттік кредит мөлшерінен кем болмауға тиіс.
МҚҰ-ны (МКҰ-ны) кепілдік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.
10. МҚҰ-ның (МКҰ-ның) кепілдікті қамтамасыз етілуін бағалауды уәкілетті өңірлік ұйым конкурстық негізде айқындаған бағалаушы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізуге тиіс.
Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді бағалау жөніндегі қызметтерге ақы төлеуді қарыз алушы жүргізеді.