• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2016 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 221 бұйрығына 4-қосымша

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидалары
Қағидалар күшін жойды 2016 жылғы 8 тамыздан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 14.06.2016 жылғы № 516 Бұйрығына сәйкес
Редакция 08.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі, «Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы, «Халықты жұмыспен қамту туралы»2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес әзірленді.
Қағидалар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесуге, өз еркімен қоныс аударуға, көшуді ұйымдастыруға, оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсетуге арналған нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға бағытталған шаралар:
1) көшуге байланысты шығыстарды өтейтін субсидия беруді;
2) қызметтік тұрғын үй беру;
3) еңбекші жастарға жатақханалардан бөлмелер беру;
4) кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқыту (қажет болған кезде);
5) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жолымен іске асырылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 08.01.2016 жылғы № 8 Бұйрығына сәйкес (10.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) аудандық (қалалық) комиссия – ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
2) Бағдарламаға қатысушылар – жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен қоныс аударушылар және қатысу басымдығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары;
3) Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) жұмыс беруші – осы Қағидаларға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға бағытталған шараларға қатысатын жеке немесе занды тұлға;
5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекет жүзеге асыратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз халықтың қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды мемлекеттік қолдау шаралары;
6) көшуге субсидия беру жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
7) қызметтік тұрғын үй – мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындау кезеңіне Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимдегі тұрғын үй;
8) қызметтік тұрғын үйді жалдау (жалға беру) – қызметтік тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін жалдаушыға (жалға алушыға) тұрақты немесе уақытша пайдалануға және ақысын төлетіп пайдалануға беру;
9) өңірлік комиссия – жергілікті өкілді органдар, жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар өкілдерінің қатысуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
10) өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өңірлік даму саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) уәкілетті орган – өңірлік деңгейде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;
12) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында ауданның, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын мемлекеттік мекеме;
13) экономикалық өсу орталығы – соңғы 5-10 жыл бойы экономикалық көрсеткіштерінің тұрақты өсуімен және жоғары демографиялық әлеуетімен (көші-қон сальдосы оң) сипатталатын елді мекен;
14) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;
15) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылар отбасыларының шекті саны;
16) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандар отбасыларының шекті саны.
2. Көшуді ұйымдастыру және субсидия беру
4. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ оралмандардың көшуі жүзеге асырылады:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 08.01.2016 жылғы № 8 Бұйрығына сәйкес (10.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) бір ауданның ішінде;
2) бір облыс шегінде бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға);
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен қоныс аударушыларды.
Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен қоныс аударушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге көшіріледі.
5. Бағдарламаға қатысушылардың басқа облысқа көшуі республикалық маңызы бар қалалар мен астананы қоспағанда, уәкілетті органдар ұсынған жұмыс берушілер өтінімдерінің негізінде, тиісті өңірлік комиссияның ұсынымы бойынша жүзеге асырылады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 08.01.2016 жылғы № 8 Бұйрығына сәйкес (10.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
6. Өңірлік комиссия шешімінің негізінде республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыс орталықтарының шегінде тұратын адамдар қатарындағы Бағдарламаға қатысушыларды 2013 жылғы 1 шілдеде құрылысы басталған қызметтік тұрғын үйлерге көшіруге жол беріледі.
7. Бағдарламаға қатысушылар мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:
1) өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз, халықтың еңбекке қабілетті табысы аз санатына жатуға;
2) жұмыс берушілер жаңа тұрғылықты жері бойынша мәлімдеген қолданыстағы дерекқордағы жұмыс орындарына сәйкес келетін кәсіптік білімі не Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасу туралы жазбаша міндеттемесі болуға;
3) соңғы үш жылда бекітілген тізбеге сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұрақты тұруға тиіс.
8. Бағдарламаға қатысушылардың көшуі қызметтік тұрғын үйдің берілуімен, сондай-ақ көшуге субсидияның төленуімен өз бетінше жүзеге асырылады.
Бұл ретте Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің жаңа тұрғылықты жері бойынша меншік құқығында тұрғын үйі не тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйі болған жағдайда жаңа тұрғылықты жері бойынша қызметтік тұрғын үй берілмейді.
9. Қызметтік тұрғын үй беру және көшуге субсидия тағайындау үшін Бағдарламаға қатысушы отбасының құрамын және көшуге субсидия беру жөніндегі уәкілетті ұйымда алдын ала ашылған жеке шотын көрсете отырып, келген жерінің халықты жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш береді.
Өтінішке Бағдарламаға қатысушы мен оның көшіп келген отбасы мүшелерінің мынадай құжаттары қоса беріледі:
1) халықты жұмыспен қамту орталығының (шыққан жерінің) жолдамасы;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) әлеуметтік келісімшарт;
4) Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне келген жері бойынша тұрғын үйі жоқ (бар) екені туралы анықтама.
10. Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне көшуге берілетін субсидиялар олар жаңа тұрғылықты жерге келгеннен және қызметтік тұрғын үйді жалдау (жалға алу) шартын жасағаннан кейін не тұрғын үй мәселесін дербес шешкен кезде келген жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі негізінде беріледі.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 08.01.2016 жылғы № 8 Бұйрығына сәйкес (10.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды