Toggle Dropdown
Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 шілдеде № 11779 тіркелді
Редакция 25.04.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-7) және 23-12) тармақшаларына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1)644679028]], 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________ Е. Досаев
2015 жылғы 26 маусым
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_________________ Қ. Қасымов
2015 жылғы 27 сәуір
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460
1-қосымша
Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидалары
1. Осы «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-7) тармақшасы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау, 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат, көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлікті беру тәртібін анықтайды, сондай-ақ «1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру» және «Көлік құралына халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібін анықтайды.
2. Қағидалардың қолданысы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүктерді тасымалдаумен байланысты жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен халықаралық тасымалдау Қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы Еуропалық келісімнің (ҚЖХЖТ), Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарын сақтаумен жүзеге асырылады.
3. Тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде оларға тән қасиеттерге қарай техникалық құралдардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылуына, өртенуіне немесе бүлiнуiне, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiм-жiтiмiне, жарақат алуына және ауруына себеп болуы, қоршаған табиғи ортаға зиян келтiруi мүмкiн кез келген заттар, материалдар, бұйымдар, өндiрiстік және өзге де қызмет қалдықтары қауiптi жүктер деп танылады.
4. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) автомобиль көлігі құралы (бұдан әрі – автокөлік құралы) – автобустарды, шағын автобустарды, жеңіл және жүк автомобильдерін, троллейбустарды, автомобиль тіркемелерін, ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелерді, сондай-ақ арнайы бейімделген автомобильдерді (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) және арнаулы автомобильдерді (әртүрлі, көбінесе көлікке арналмаған жұмыстарды орындауға арналған) қамтитын, автомобиль көлігі жылжымалы құрамының бірлігі;
2) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрi - тасымалдаушы) - меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде автокөлік құралдарына иелiк етушi, жолаушыларды, багажды, жүктердi немесе поштаны тасымалдауда ақыға немесе жалға қызметтер көрсететiн заңды немесе жеке тұлға;
3) БҰҰ нөмірі – заттың немесе бұйымның төрт сандық сәйкестендіру нөмірі;
4) жүк алушы - жүкті автомобильмен тасымалдау шарты негізінде немесе өзге де заңды негіздерде жүк алуға уәкілетті жеке немесе заңды тұлға;
5) жүк жөнелтуші - оның атынан жүк жөнелту ресімделетін жеке немесе заңды тұлға;
6) 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат – 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүкті тасымалдауға құқық беретін уәкілетті орган берген электрондық рұқсат беру құжаты.
5. Қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде «Қауіпті жүктер. Сыныптау» 19433.1-2010 – МемСТ, «Қауіпті жүктер. Сынау әдістері» 19433.2-2010 – МемСТ және «Қауіпті жүктер. Таңбалау» 19433.3-2010 – МемСТ, және Қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы Еуропалық келісімнің (ҚЖХЖТ) қолданыстағы стандарттарына, сондай-ақ автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілген қауіпті жүктердің тізбесіне сәйкес қауiптi жүктердiң сыныптамасы қолданылады.
2-тарау. Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру тәртібі
6. Қауіпті жүктерді Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдарының жүргізушілері және қауіпті жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын автокөлік құралдары осы Қағидалардың 3 және 4-тарауында жазылған белгілі бір талаптарға сәйкес келуге міндетті
7. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүктерді тасымалдау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат негiзiнде, арнайы бейімделген автомобильмен немесе осы мақсаттар үшін арнайы қайта жабдықталған басқа да автокөлік құралдарымен жүзеге асырылады.
8. Жүк жөнелтуші (жүк алушы) мен тасымалдаушы арасында «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12463 болып тіркелген) (бұдан әрі – Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидалары) қауiптi жүк тасымалын жүзеге асыруға арналған шарт жасалады.
Қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған шарт өзiндiк ерекшелiктерiне байланысты, сондай-ақ мынадай:
1) автокөлiк құралдарын арнайы өңдеу жөнiндегi iс-шаралар туралы;
2) iлесiп жүрудi ұйымдастыру (қажет болған жағдайда) туралы;
3) жүргiзушiлердi жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету тәртiбi туралы;
4) қауiп және қауiптi жүктi бейтараптандыру туралы ақпарат жүйесiнiң элементтерiмен қамтамасыз ету тәртiбi туралы;
5) 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде – жүк жөнелтушіні (жүк алушыны) және тасымалдаушыны жүктің нақты атауы мен мөлшерін, сондай-ақ осы жүкті жөнелту уақыты (болжамды жеткізу мерзімі) және алғаны туралы өзара хабарландыру тәртібі туралы мәлiметтердi қамтуы тиіс.
9. Жүк қабылдаушы жүктер алынбаған немесе оның жеткіліксіздігі анықталған, атауы сәйкес келмеген жағдайда жүк жөнелтушіні жедел ден қою шараларын қабылдау үшін қауіпті жүкті тасымалдауға рұқсат берген уәкілетті органды күнтізбелік үш күн ішінде хабардар етеді.
10. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
11. Тауар-көлік жүкқұжатының толтыруға арналған мәліметтер, оны жасау және қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында айқындалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12463 болып тіркелген).
12. Жүк жөнелтушi тасымалдаушыға қауiптi жүктердi тасымалдауға жасалған шартпен бiрге мыналарды:
1) әрбір автокөлік құралына арналған «Қауіпті жүк» айырым белгісі;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауiптi жүктiң әрбiр түрiне жүргiзушiге арналған нұсқаулықты ұсынады.
13. 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүктi тасымалдауға Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілген қауіпті жүктердің тізбесі Заңға сәйкес тасымалдаушы қауiптi жүкті тасымалдау маршрутын әзiрлейдi.
Тасымалдау маршрутын әзiрлеген кезде тасымалдаушы мынадай негiзгi талаптарды басшылыққа алады:
1) маршрут маңында iрi өнеркәсiп объектілері болмауы тиiс;