• Мое избранное
Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 25.10.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 11

Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 673 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 шілдеде № 11712 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 25 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 жылғы № 515 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 21.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Кеме экипажының аз құрамы туралы куәлікті беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 15.02.2016 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
  • 1
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.10.2019 жылғы № 790 Бұйрығына сәйкес (06.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 21.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.10.2019 жылғы № 790 Бұйрығына сәйкес (06.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 21.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді, «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. «Ішкі су және теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 239 бұйрығының 1-тармағының 11), 12) тармақшаларын қоспағанда күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9374 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 30 сәуірде № 9374 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 5 наурыздағы № 43 (28521) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
  • 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  • 1
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
  • 1
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев