Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 3-2/378 бұйрығына
3-қосымша
Toggle Dropdown
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
Редакция 11.02.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімді қарастыру нәтижелері туралы хабарлама не көрсетілетін қызметті берушінің осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша бас тарту туралы уәжді жауабы.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама жолданады.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы еңбек заңына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мал шаруашылығын дамытуға, оның ішінде мыналарға арналған өтінім ұсынады:
Toggle Dropdown
1) тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басымен, сондай-ақ балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге, табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға жұмсалатын шығындарды арзандату – ағымдағы жылғы 15 сәуірден 1 қазанға дейін;
Toggle Dropdown
2) қойлардың, маралдардың (бұғылардың) аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге, тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды күтіп-бағуға жұмсалатын шығындарды арзандату – ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін;
Toggle Dropdown
3) асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтардың шаруа (фермер) қожалықтары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерінің сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малының, сондай-ақ қойларының аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерін субсидиялау, эмбриондарды телу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау – ағымдағы жылғы 1 мамырдан 1 желтоқсанға дейін;
Toggle Dropdown
4) өтінім беруге негіздер туындаған сәттен бастап алты айдан аспаған отандық және шетелдік шаруашылықтардан асыл тұқымды немесе таза тұқымды жануарларды сатып алу құнын арзандату, отандық және шетелдік шаруашылықтардан құстардың етті бағыттағы ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын сатып алуға және жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын сатып алуға жұмсалған шығындарын арзандату, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларының сатып алынған бір жынысты және қос жынысты ұрығының құнын арзандату – ағымдағы жылғы 25 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін;
Toggle Dropdown
5) ірі қара малдың, шошқалардың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу – ағымдағы жылғы 25 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін.
Toggle Dropdown
20 қаңтардан бастап 20 желтоқсанына дейінгі мерзімде мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiм сапасын арттыруға, оның ішінде мыналарға арналған өтінім ұсынады:
Toggle Dropdown
сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген бұқашықтардың құнын арзандату;
Toggle Dropdown
сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарының бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату;
Toggle Dropdown
ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандату;
Toggle Dropdown
өткізілген қозылар құнын арзандату;
Toggle Dropdown
құс етiн (бройлер тауығының етін, күркетауық, суда жүзетін құс етін), тағамдық жұмыртқа (тауық жұмыртқасы), сүт (сиырдың, биенің, түйенің сүті), биязы және жартылай биязы жүн өндіру құнын арзандату;
Toggle Dropdown
сүтті бағыттағы аналық мал басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Toggle Dropdown
Порталда өтінімнің қабылдағанын растау – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрініс табады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Премьер –Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 256 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17306 болып тіркелген) бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келмеуі.
Toggle Dropdown
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Toggle Dropdown
11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Toggle Dropdown
Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жазбаша нысанда почтамен немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
Toggle Dropdown
Мыналардың:
Toggle Dropdown
1) жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы көрсетіледі;
Toggle Dropdown
2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Арызға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының шағымды қабылдағанын шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) растайды.
Toggle Dropdown
Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.
Toggle Dropdown
Портал арқылы электрондық арыз жіберілген кезде, көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетінен» арыз туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің арызды өңдеуі (шағымның жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады немесе сотқа жүгінеді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Toggle Dropdown
4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
Toggle Dropdown
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
Toggle Dropdown
1) Министрліктің www.mоа.gov.kz интернет-ресурсында;