• Мое избранное
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 шілдеде № 11702 тіркелді

Редакция 07.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.07.2020 жылғы № 233 Бұйрығына сәйкес (29.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 жылғы № 49 Бұйрығына сәйкес (21.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және-жол құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Инвестициялар және даму министрі 
__________ Ә. Исекешев 
2015 жылғы 19 маусым
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
__________ Б. Сұлтанов 
2015 жылғы 28 мамыр
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
__________ Е. Досаев 
2015 жылғы 8 маусым
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ішкі істер министрі 
__________ Қ. Қасымов 
2015 жылғы 16 маусым
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 4-3/267 бұйрығымен
бекітілген
  • 2
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.10.2018 жылғы № 438 Бұйрығымен (30.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.07.2020 жылғы № 233 Бұйрығына сәйкес (29.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 16) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзiрленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 жылғы № 49 Бұйрығына сәйкес (21.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалар тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды (бұдан әрi – машиналар) мемлекеттік тіркеу тәртібін және «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
  • 1
3. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 жылғы № 49 Бұйрығына сәйкес (21.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ақпараттық жүйе – «Е-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі» ақпараттық жүйесінің «Ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеу» кіші жүйесінде машиналар және оларды иеленушілер туралы мәліметтерді орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;
1-1) көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесі (бұдан әрі – электрондық паспорттар жүйесі) – есептеуіш және коммуникациялық жабдықты, бағдарламалық қамтылымды, лингвистикалық құралдарды, ақпараттық ресурстарды, жүйелік персоналды және осы жүйеде белгіленген қағидалар бойынша өзара іс-қимыл жасайтын қатысушылар мен пайдаланушыларды қамтитын, сондай-ақ осы жүйенің белгіленген функцияларын орындаудың ақпараттық технологиясын іске асыратын құрылымдалған кешен;
3-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 21.05.2024 жылғы № 170 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 07.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
 2) машина иесі – өзіне тиесілі автокөлікті өз қалауы бойынша иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
 3) машиналарды есептен шығару – машиналарды жоғалтуға, басқа адамға иеліктен шығаруға, сондай-ақ кәдеге жаратуға немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты болуға әкетуге байланысты машиналарды мемлекеттік тіркеуді тоқтатуға байланысты іс-қимылдар;
 4) машиналарды иеленушi – өзінің меншік құқығы немесе уақытша иелену және пайдалану құқығы негізінде ағымдағы уақыт кезеңінде машинаны нақты иеленуді жүзеге асыратын жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
 5) машиналарды қайта тiркеу – тиiстi құқықтық негiздер болған кезде машинаның тiркеу деректеріне және тіркеу құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
 6) машиналарды мемлекеттiк тiркеу – құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн тексергеннен кейiн машиналарды тiркеу жөнiндегi тiркеу пункттерi жүзеге асыратын ақпараттық жүйеге машина деректерін енгізу және тіркеу құжаттарын беру (бұдан әрі – машиналарды тіркеу) арқылы машиналарды мемлекеттiк тiркеу және есепке алу тәртiбiнің рәсімі.
 Машинаны тіркеу олардың Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде пайдалануға болатынын растайды;
 7) машиналарды тіркеудің электрондық тізілімі – ақпараттық жүйеде көрініс тапқан машина, меншік иесі, иеленуші, мемлекеттік тіркелетін нөмірлік белгі (бұдан әрі – нөмірлік белгі), техникалық паспорт, машиналарды тіркеу есебінен шығару туралы мәліметтер жиынтығы;
 8) нөмiрлiк агрегат – зауыттық тiркеу нөмiрi бар машинаның негiзгi құрамдас торабы (шасси, қаңқа);
8-1) өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспорты – жұмыс көлемі елу текше сантиметрден жоғары іштен жану қозғалтқышы немесе ең жоғары (жиынтық) қуаты төрт киловаттан асатын электрлі қозғалтқышы (электрлі қозғалтқыштары) бар тракторларға, өздігінен жүретін жол-құрылыс, коммуналдық, ауыл шаруашылығы машиналары мен жер үстінде рельссіз жүретін басқа да механикалық көлік құралдарына (жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жол жүруге арналған, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден асатын автомотокөлік құралдарын қоспағанда) және олардың тіркемелеріне берілетін паспорт;
3-тармақ 8-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 21.05.2024 жылғы № 170 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 07.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-2) өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорты – өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінде ресімделген өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспорты;
3-тармақ 8-2-тармақшамен толықтырылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 21.05.2024 жылғы № 170 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 07.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
 9) өтімділігі жоғары арнайы машиналар – ең жоғары конструктивті жылдамдығы сағатына елу және елу километрден аз квадроциклдер және қаршаналар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының СТ РК В 1029 «Конверсиялық техника» әскери ұлттық стандартының талаптарына сәйкес жасалған конверсиялық техника;
 10) сәйкестік сертификаты – техникалық реттеу объектілерінің техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;
 11) сәйкестік туралы декларация – өндіруші, импорттаушы, өндіруші немесе сатушы уәкілеттік берген тұлға айналысқа шығарылатын өнімнің, процестер мен қызметтердің техникалық регламенттер мен стандарттау құжаттарының талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;
 12) тiркеу құжаты – көрсетілетін қызметті беруші беретін, машинаға арналған ресми құжат болып табылатын, машинаның жол қозғалысына қатысуына және пайдаланылуына рұқсат етілгенін растайтын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық паспорт;
 13) тіркеу іс-қимылдары – тіркеу пунктерінің ақпараттық жүйеге өзгерістер енгізе отырып, машиналарды тіркеуді, уақытша тіркеуді, қайта тіркеуді, есептен шығаруды жүзеге асыруға байланысты қызметі;
 14) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жасалған және электрондық құжаттың түпнұсқалығын, оның меншік құқығын және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы. 
4. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – тіркеу пункті (көрсетілетін қызметті беруші)) көрсетеді.
5. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 жылғы № 49 Бұйрығына сәйкес (21.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Машиналарды тіркеу іс-қимылдары туралы мәліметтер жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тіркеу құжаттарын бергенге дейін ақпараттық жүйеге енгізіледі, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналарды тіркеудің электрондық тізілімі қалыптасады.
7. Машиналарды иеленушілер машиналар өздерінің меншiгіне (иелігіне) түскен, өздерінің меншiгiнен (иелiгінен) шығарылған не машиналарды тiркеу (қайта тіркеу), тіркеу (қайта тiркеу) немесе тіркеу есебінен алу қажеттігіне әкеп соқтыратын міндеттемелер туындаған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн iшiнде машиналарды тiркеу (қайта тiркеу) немесе тіркеуден шығару үшiн осы Қағидаларда белгіленген iс-қимылдарды жасайды.
8. Осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген, басқа тiлдерде толтырылған құжаттар тiркеу іс-қимылдарын жүргiзу үшiн мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiне аударылған және бiр тiлден екiншi тiлге аударманың дұрыстығын нотариустың не аударманың дұрыстығын куәландыру жөніндегі іс-қимылдарды жасауға құқығы бар басқа лауазымды адамның қолымен расталған күйінде ұсынылады.
9. Машиналарды тіркеу (қайта тіркеу) үшін берілген құжаттар:
1) олардың толтырылған күнін;
2) олардың толтырылған орнын;
3) машина туралы мәліметтерді (маркасы, моделі, шығарылған жылы, машинаның зауыттық нөмірлері);
4) өкілеттілігі мөрмен расталатын уәкілетті адамдардың (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда) қолын қамтиды.
10. Қазақстан Республикасына әкелiнетін, шетелдік тауар болып табылатын машиналар кедендiк декларациялаудан және кедендік тазартудан өткеннен кейiн тiркеледi.