• Мое избранное
Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 387 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 шілдеде № 11728 тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2015 жылғы № 1131 Бұйрығына сәйкес (31.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Редакция 10.12.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2015 жылғы № 1131 Бұйрығына сәйкес (31.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1 ), 2 ) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
______________ Е. Досаев 
2015 жылғы 10 маусым
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму министрінің
 2015 жылғы 31 наурыздағы
 № 387 бұйрығымен
 бекітілген
Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2015 жылғы № 1131 Бұйрығына сәйкес (31.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 жылғы № 922 Бұйрығымен (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.11.2019 жылғы № 873 Бұйрығымен (28.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.11.2022 жылғы № 632 Бұйрығына сәйкес (22.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі ̶ Қағидалар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі ̶ Заң) 5-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бастапқы энергетикалық ресурстар – осы энергия көздеріндегі энергия өзгертілуінен бұрын, ілеспе тау жыныстарынан оларды бөлуді, тазалауды немесе сұрыптауды ескере отырып немесе ескертусіз өндіруді және түзілуді ғана қажет ететін энергиялық ресурстар;
2) жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) энергия сыйымдылығы – ЖІӨ бірлігіне келетін отын-энергетикалық ресурстарын тұтыну деңгейін сипаттайтын жалпылама көрсеткіш;
3) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар;
4) қайталама энергетикалық ресурстар − бастапқы энергетикалық ресурстарын өзгерту нәтижесі болып табылатын энергетикалық ресурстар;
5) Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi жүргiзу – ұлттық институт қызметі процесінде сақтайтын, Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру үшін қажетті барлық іс-қимылдар мен рәсімдер жиынтығы;
6) Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi қалыптастыру – Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері ұсынған деректер, жүргізілген талдаулар, ұлттық институттың қорытындылары мен есептері негізінде Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері туралы ақпаратты жинақтау үшін материалдар дайындау;
7) Мемлекеттік энергетикалық тізілім (бұдан әрі ̶ МЭТ) – Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері туралы ақпараттың жүйеленген жиынтығы;
8) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері (бұдан әрі ̶ МЭТ субъектілері) – энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор және табиғи монополиялар субъектілері;
9) МЭТ субъектісінің энергетикалық ресурстарды жылдық тұтынуы – бұл Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері өндірген және басқа заңды және жеке тұлғаларға берілген қайталама энергетикалық ресурстарда қоспағанда, бұл барлық ілеспе техникалық болмай қоймайтын, оның ішінде қолданылатын технологиялар мен жабдықтардың ерекшелігінен туындайтын шығындарды, сондай-ақ энергетикалық ресурстарды тасымалдау қызметін көрсеткен кезде туындайтын шығындарды қоса алғанда, күнтізбелік жыл ішінде технологиялық және энергетикалық мақсаттарда, МЭТ субъектілерінің бастапқы және қайталама энергетикалық ресурстарды жалпы шығындауы;
10) шартты отын – техникалық-экономикалық есептеулер кезінде қабылданған, органикалық отынның алуан түрлерінің жылу құндылығын салыстыру үшін қызмет ететін, нормативтер мен стандарттарда регламенттелетін бірлік;
11) экспресс-энергия аудиті – қысқартылған бағдарлама бойынша және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент жүйесі шеңберінде жүзеге асырылатын энергетикалық талдаудың және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі алдыңғы қорытындының нәтижелерін растау мақсатында жүргізілетін энергия аудиті;
12) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі ̶ ұлттық даму институты) ̶ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға;
13) энергетикалық аудит (бұдан әрі ̶ энергия аудиті) – энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыны дайындау мақсатында энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;
14) энергетикалық ресурстар – запастағы энергиясы қазіргі уақытта шаруашылық және өзге де қызмет түрлеріне пайдаланылатын немесе перспективада пайдаланылуы мүмкін табиғи және өндірілген энергия көздерінің жиынтығы, сондай-ақ энергия түрлері (атом, электр, химия, электрлі-магнитті, жылу және энергияның басқа түрлері);
15) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
16) энергия-сервистік компания – меншікті және (немесе) тартылған қаражат есебінен энергия–сервистік шарт шеңберінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді), оның ішінде мердігер ұйымдарды тарта отырып орындайтын заңды тұлға.
2-тарау. Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібі
3. МЭТ-ті қалыптастыру үшін жыл сайын 10 қарашаға дейінгі мерзімде:
1) Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың, сондай-ақ жарғылық капиталына Мемлекеттік қатысатын заңды тұлғалардың тізілімнен мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілердін, олардың атауын, бизнес сәйкестендіру нөмірін және заңды мекенжайын көрсете отырып тізбені ұлттық институтқа жібереді.
2) табиғи монополиялардың тиісті салаларындағы уәкілетті орган Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізілімнен реттелетін қызметтерді, олардың атауын, бизнес-сәйкестендіру нөмірін және заңды мекенжайын көрсете отырып, табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесін ұлттық институтқа жібереді.
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұлттық институтқа энергетикалық ресурстарды жылына мың бес жүз және одан да көп тонна шартты отынға барабар көлемде тұтынатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар туралы ақпарат жібереді.
4. Ұлттық институты:
1) осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес ұсынылған ақпараттың негізінде МЭТ субъектілерінің тізбесін 10 жұмыс күні ішінде қалыптастырады және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
2) МЭТ субъектілеріне Тізбеге енгізілген күнінен бастап 15 жұмыс күн ішінде Тізбеге енгізілгені туралы хабарламаны жібереді;
3) Тізбеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
5. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, МЭТ субъектілері жыл сайын 1 сәуірге дейінгі мерзімде ұлттық институтқа есепті кезең ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша ақпаратты ұсынады.
Жылына бір мың бес жүз тоннадан аз шартты отынға барабар көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын МЭТ субъектілері Заңның 9-бабы 1-тармағының 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты болған кезде ұсынады.
6. Мемлекеттік мекемелер болып табылатын МЭТ субъектілері жыл сайын 1 сәуірге дейінгі мерзімде ұлттық институтқа есепті кезеңге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша ақпаратты ұсынады.
Меншік құқығында жылжымайтын мүлкі жоқ мемлекеттік мекемелер көрсетілген ақпаратты беруден босатылады.
7. Осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген ақпарат қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынылады.
8. Ұлттық институты жыл сайын 10 сәуірге дейінгі мерзімде уәкілетті органға ақпаратты ұсынудан бас тартқан МЭТ субъектілері туралы ақпаратты береді.
9. Ұлттық институты 1 маусымға дейінгі мерзімде МЭТ субъектілері ұсынған ақпараттың толықтығын және анық екенін тексереді.