1-тарау. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығына 2-қосымша
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
Талаптар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.11.2015 жылғы № 18-04/1030 Бұйрығымен (19.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Талаптар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.06.2016 жылғы № 258 Бұйрығымен (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.09.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 26.07.2017 жылғы № 312 Бұйрығына сәйкес (13.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 29.12.2020 жылғы № 342 Бұйрығына сәйкес (26.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 14.06.2021 жылғы № 196 Бұйрығына сәйкес (29.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.06.2023 жылғы № 176 Бұйрығына сәйкес (14.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
1. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру кезінде қатысушыларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
2) конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
3) аумақтық бөлімшелерден алынатын аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер (аңшылық алқаптары бұрын бекітіліп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) (электрондық көшірмесі).
4) жануарлар дүниесін қорғауға арналған меншік немесе жалға алу құқығында материалдық-техникалық құралдарының болуы туралы анықтама.
2-тарау. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
2. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру кезінде қатысушыларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
кәсіпшілік балық аулауды және (немесе) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша берешегінің болмауы туралы мәліметтер;
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес меншік құқығында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын өндіру мен қайта өңдеу бойынша негізгі құралдардың, технологиялық жабдықтардың және басқа да материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды және жергілікті балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қоспағанда);
3) аумақтық бөлімшелерден алынатын балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер (балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұрын бекітіліп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) (электрондық көшірмесі).
Ескертпе* қайта өңдеу балық шикізатын өңдеуді білдіреді, ол мына процестерді, не олардың бір бөлігін: бөлшектеуді (қабыршығынан аршуды, бөлшектеп бөлуді, сүбе етін алуды, басын кесіп алуды, терісін сыпыруды, етін тартуды, ішек-қарнынан тазартуды), қақтауды, суықтай және ыстықтай ыстауды, балық ұнын (майын, бар болса) консервілер мен пресервілер өндіруді қамтиды.
ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша берешегінің болмауы туралы мәліметтер;
2) аумақтық бөлімшелерден (бұрын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) алынатын балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелерді орындау туралы мәліметтер (түпнұсқа);
3) өтініш берушіде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ведомствоның ғылыми ұйымының қорытындысымен расталған Артемия цисталарын терең өңдеу бойынша технологиялар мен өндірістік қуаттардың болуы.
Ескертпе* артемия цисталарын терең өңдеу деп ылғалдылығы 8%-дан аспайтын, науплий мөлшері кемінде 160 000 дана/грамм, жарып шығуы кемінде 80% құрғақ артемия цисталарын өндіру жөніндегі процесті қамтиды.
шарбақтық және (немесе) көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарын жүргізу мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша берешегінің болмауы туралы мәліметтер.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |