Bestprofi Logo

Бұйрық № 248 от 2015-03-27г./Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 05.09.2019 г.

Документ на казахском языке

Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 248 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 сәуірде № 10926 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 5 қыркүйектен бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.02.2019 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның мемлекеттік кәсіпорындарды басқаруды, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетіне және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарына мемлекеттік қатысу үлестеріне иелік ету және оны пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы М.Құсайынов

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _______________ Б. Султанов 2015 жылғы 1 сәуір

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 248 бұйрығымен бекітілген

Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидалары

Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 жылғы № 330 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2018 жылдан бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)

1. Осы Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) атқарушы орган – атауы ұйымның жарғысымен айқындалатын атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын алқалы орган немесе тұлға;

2) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар – акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлестерін, мемлекеттік заңды тұлғалар құқығы субъектілерін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыруға, оның ішінде шешімдер қабылдауға өкілеттіктер берілген басқармалар (бөлімдер);

4) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған, мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру мен есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру бойынша міндеттер жүктелген заңды тұлға;

5) тиісті саланың уәкілетті органы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін орталық атқарушы орган;

6) ұйымдар (бұдан әрі – ұйымдар) – мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және мемлекеттік кәсіпорындар.

2-тарау. Ұйымның даму жоспарын әзірлеу, бекіту және оны орындау бойынша есеп беру тәртібі

3. Ұйымның даму жоспарын орындау жөніндегі есепті (бұдан әрі – Есеп) бірыңғай оператор әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланумен, әрбір күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша ұйымның атқарушы органы әзірлейді және ұсынады.

4. Есепті әзірлеу осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 28-1, 29, 30, 31-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша бөлімдердің құрылымына, нысандарға, көрсеткіштер тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 23.02.2018 жылғы № 73 Бұйрығына сәйкес (15.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

5. Есеп жобасын директорлар кеңесіне, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бақылау кеңесіне, мемлекеттік кәсіпорынның бақылау кеңесіне (бар болған жағдайда), тиісті саланың уәкілетті органына немесе жергілікті атқарушы органға (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратына:

міндетті немесе бастамашылық аудит жүргізбейтін ұйымның атқарушы органы – есепті кезеңнен кейінгі үшінші айдың отызыншы күнінен кешіктірмей;

міндетті немесе бастамашылық аудит жүргізетін ұйымның атқарушы органы аудиттелген қаржы есептілігін бекіткеннен кейін – он бес жұмыс күннің ішінде, бірақ есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші қыркүйегінен кешіктірмей қарауға енгізеді.

Директорлар кеңесі, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бақылау кеңесі, мемлекеттік кәсіпорынның бақылау кеңесі (бар болған жағдайда), тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты он бес жұмыс күнінің ішінде Есеп жобасын қарайды.

лер болған жағдайда, атқарушы орган он бес жұмыс күнінің ішінде Есеп жобасын пысықтайды және оны директорлар кеңесіне, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бақылау кеңесіне, мемлекеттік кәсіпорынның бақылау кеңесіне (бар болған жағдайда) тиісті саланың уәкілетті органына немесе жергілікті атқарушы органға (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына қайтадан қарауға ұсынады.

Директорлар кеңесі, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бақылау кеңесі, мемлекеттік кәсіпорындардың бақылау кеңесі (бар болған жағдайда), тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты пысықталған Есептің жобасын он жұмыс күнінің ішінде қарайды.

6. Есепті директорлар кеңесі, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бақылау кеңесі, тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты:

міндетті немесе бастамашылық аудит жүргізбейтін ұйымдар бойынша – есепті кезеңнен кейінгі бесінші айдың он бесінші күнінен кешіктірмей;

міндетті немесе бастамашылық аудит жүргізетін ұйымдар бойынша аудиттелген қаржылық есептілік бекітілгеннен кейін – ол қарауға енгізілген күннен бастап жиырма жұмыс күнінің ішінде бекітеді.

Есепті бекіту мерзімі директорлар кеңесінің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бақылау кеңесінің, тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның) не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімі негізінде осы тармақшада белгіленген мерзімнен он жұмыс күнінен аспайтын кезеңге ұзартылуы мүмкін.

7. Есеп бекітілген күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде ұйым мемлекеттік мүліктің тізіліміне енгізу үшін директорлар кеңесінің, бақылау кеңесінің, тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның) не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының сканерленген шешімін бекіте отырып, электронды түрде бірыңғай операторға жібереді.

8. Бірыңғай оператор Есеп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұйымның электрондық мекенжайына Есепті мемлекеттік мүлік тізіліміне қосқаны не Есепті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.

1) осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген басқару органының есепке қоса бекітілген, даму жоспарын бекіту туралы сканерленген шешімінің болмауы;

2) есепке ұйымға тиесілі емес электрондық цифрлық қолтаңбаның қойылуы Есепті қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Бас тартылған жағдайда ұйым лерді жояды және Есепті қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде директорлар кеңесінің, жауапкершілігі шектеулі серіктестің бақылау кеңесінің, мемлекеттік кәсіпорынның бақылау кеңесінің (бар болған жағдайда), тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның) не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының қарауына қайта шығармай, Есепті қайта енгізеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 27 наурыздағы № 248 бұйрығымен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларына 1-қосымша Нысан

1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 23.02.2018 жылғы № 73 Бұйрығына сәйкес (15.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

1.

Титулдық парағы

2.

Ұйымның паспорты

3.

Ұйымдық құрылымы

4.

Корпоративтік құрылымы

5.

«Даму көрсеткіштері» бөлімі

Тараулар

Мақсаттар, міндеттер және түйінді көрсеткіштер

Іске асыру бағдарламасы

6.

«Біріктірілген көрсеткіштер» бөлімі

Тараулар

Қаржы-шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштері

Шығыстар

Инвестициялық (инновациялық) жоспар

Үлестік құралдарды сатып алу

7.

«Есептік кезеңнің көрсеткіштері» бөлімі

Тараулар

Активтер

Қаржыландыру көздері

Персонал

Талаптар

Міндеттемелер

Ақшаның түсуі

Ақшаның кетуі

Активтерді сатып алу (құру)

Дайын өнімнің қалдықтары

Өндіріс жоспары

Негізгі өндірістің шығындары


 


 


 

Қосымша өндіріс


 


 


 

Қосымша шығыстар

Кірістер

Әкімшілік шығыстар

Сыйақылар бойынша шығыстар

Өзге шығыстар

Салық және бюджетке төленетін өзге де төлемдер

Орналасқан жердің алаңы және автокөлік

8.

«Түсіндірме жазба» бөлімі

Тараулар

Есепті кезеңді шолу

Құжаттар

Мақсаттар, міндеттер және түйінді көрсеткіштер

Іске асыру бағдарламасы

Дивидендтер (таза табыстың бір бөлігін тарату)

Қызметтің көрсеткіштері

Инвестициялық (инновациялық) жоспар

Персонал

Ақша

Дайын өнімнің қалдығы

Өндіріс жоспары

Өндіріске арналған шығындар

Кірістер

Әкімшілік шығындар

Сыйақылар бойынша шығындар

Өзге шығындар

Салықтар және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер

9.

Айналым балансы

Есеп есептік кезеңдегі қызметтің қорытындыларын ашу үшін мұндай толықтыру орынды болған кезде басқа бөлімдермен, тараулармен, параграфтармен және қосымшалармен толықтырылуы мүмкін.

Есеп бөлімдермен, бөлімдер тараулармен, ал тараулар параграфтармен толықтырылған жағдайда, әрбір қосымша ұсынылатын бөлімнің және (немесе) тараудың және (немесе) параграфтың тиісті белгісі («бөлім», «тарау», «параграф»), сондай-ақ атауы болуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 27 наурыздағы № 248 бұйрығымен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларына 2-қосымша Нысан

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание