• Мое избранное
«Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 24.05.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығына 1-қосымша

«Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 жылғы № 216 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға өтініш берген кезден бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алғаннан кейін екі жұмыс күнінің ішінде тапсырылған кұжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелденген бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес энергетикалық сараптама жүргізуге аккредиттеу туралы куәлік.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі. 
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет нәтижесін қағаз тасығышта алуға келген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамының мөрімен және қолымен куәландырылады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін келген кезде, Қазақстан Республикасы енбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:
1) порталға:
осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
заңды тұлға жарғысының электрондық көшірмесі;
осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес сарапшылар туралы мәліметтер;
электр энергетигінің немесе жылу энергетигінің жоғары инженерлік-техникалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе электр энергетигінің немесе жылу энергетигінің орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі, сондай-ақ, электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобы (IV және одан жоғары топтар) сарапшы ұйым қызметкері ретінде энергетикалық сараптаманы жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын сарапшылардың болуы туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
энергетикалық сараптама жүргізу саласындағы жұмыс тәжірибесінің болуы туралы құжаттың электрондық көшірмесі (1 санаттағы сарапшы ұйымдар үшін кемінде 3 жыл және 2 санаттағы сарапшы ұйымдар үшін кемінде 2 жыл).
меншік құқығындағы емес электр зертханасы бар 3 санаттағы сарапшы ұйым үшін – электр зертханаларының болуы туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
меншікті емес электр зертханасын пайдаланатын ұйымдар үшін – жоғары инженерлік-техникалық немесе орта техникалық және кәсіптік білімі, сондай-ақ электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобы (IV және одан жоғары топтар) бар электр зертханасына қызмет көрсететін персоналдың біліктілігі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес адамдар үшін – монополияға қарсы орган келісімінің болуы туралы құжаттардың электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын көрсетілетін қызметті алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, электр зертханаларын аккредиттеу туралы куәлікті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, Министрлікке Астана қаласы, «Министрліктер үйі», Орынбор көшесі, 8-үй мекенжайы бойынша беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы, не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. 
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасына қойылады). 
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның аты мекен-жайы шығыс нөмірі және күні көрсетіледі
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күнінің ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері дәлелденген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы электрондық өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
11. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.kaenk.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
12. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға құқығы бар.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға құқығы бар.
14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 02 38 74 12 91. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).
«Энергетикалық сараптама жүргізуге
ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

УО атауы



Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті

УО атауы



Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан

Энергетикалық сараптама жүргізуге Аккредиттеу Туралы Куәлік
Нөмірі: [РҚ нөмірі]
Берілген күні: [Берілген күні]
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, БСН   
берілді [Өтініш берушінің атауы [БСН]
Орналасқан жері: (Пошталық индексі), (КАТО), (көше атауы),
(үйдің нөмірі), (Пәтер/кеңсе нөмірі)______________________________
                                  (заңды тұлғаның пошталық мекенжайы) 
Сарапшы ұйымның санаты:  [Сарапшы ұйымның санаты]
Куәлік Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
(Қол қоюшының лауазымы)              (Қол қоюшының ТАӘ)
«Энергетикалық сараптама жүргізуге
ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
___________________________________
(уәкілетті органның атауы)
___________________________________
(заңды тұлға атауы)
___________________________________
Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу туралы өтініш
_____________________________________________________________________
                        (заңды тұлға атауы)
_____________________________________________________________________
(БСН), өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта
тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нөмірі мен күні*) санат
бойынша энергетикалық сараптама жүргізуге аккредиттеуді сұрайды.
Заңды тұлғаның орналасқан жері (болған жағдайда оның филиалдары,
өкілеттіктері):
Пошталық мекенжайы:____________________________________________
Телефон нөмірдері _____________________________________________
E-mail ________________________________________________________
Факс __________________________________________________________
Ұсынылған құжаттар тізбесі (парақ саны көрсетілген):
1._____________________________
2._____________________________
3._____________________________
4._____________________________
5._____________________________
6._____________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалған құпиядан
тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Ұйым басшысы (лауазымы)
________________________________
(қолы)      (Т.А.Ә.) 
20 ___ ж. "__"__________________
Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Заңы қолданысқа енгенге дейін берілген заңды тұлғаны
мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды
тұлғаның қызметін тоқтатқанына дейін жарамды болып табылады.
«Энергетикалық сараптама жүргізуге
ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан

р/с



Т.А.Ә.

Білімі, мамандығы, біліктілігі, диплом №

Электр энергетикасы саласындағы жұмыс өтілі

Мәлімделетін ұйымның жұмыс өтілі

Электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобы Білімді соңғы тексеру күні

1