1. «Электрлік зертханаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығына 2-қосымша
«Электрлік зертханаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 жылғы № 216 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Электрлік зертханаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алғаннан кейін екі жұмыс күнінің ішінде тапсырылған кұжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелденген бас тартады.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут;
3) қызметті көрсетуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрлік зертханаларды аккредиттеу туралы куәлік.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет нәтижесін қағаз тасығышта алуға келген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамының мөрімен және қолымен куәландырылады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру түскі асқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін келген кезде, Қазақстан Республикасы енбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы электрлік зертхананы аккредиттеу туралы өтініш;
заңды тұлға жарғысының нотариалды куәландырылған не басшының қолымен куәландырылған көшірмесі;
электрлік зертханаға құқық белгілейтін құжаттардың нотариалды куәландырылған не басшының қолымен куәландырылған көшірмесі;
қызмет (сынақтар мен өлшеулер) түрлері, жабдықпен және сынау, өлшеу аспаптарымен және қорғаныс құралдарымен жабдықталуы көрсетілген электрлік зертхана туралы ереженің нотариалды куәландырылған не басшының қолымен куәландырылған көшірмесі;
жоғары инженерлік-техникалық немесе орта техникалық және кәсіптік білімі, сондай-ақ электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобы (IV және одан жоғары топтар) бар электрлік зертханаға қызмет көрсететін персоналдың біліктілігі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған не басшының қолымен көшірмесі.
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес меншік құқығында өлшеу құралдарының болуы туралы құжаттардың электрондық көшірмесі.
2) порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы электрлік зертхананы аккредиттеу туралы өтініш;
заңды тұлға жарғысының электрондық көшірмелері;
электрлік зертханаға құқық белгілейтін құжаттардың электрондық көшірмелері;
қызмет (сынақтар мен өлшеулер) түрлері, жабдықпен және сынау, өлшеу аспаптарымен және қорғаныс құралдарымен жабдықталуы көрсетілген электрлік зертхана туралы ереженің электрондық көшірмесі;
жоғары инженерлік-техникалық немесе орта техникалық және кәсіптік білімі, сондай-ақ электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобы (IV және одан жоғары топтар) бар электрлік зертханаға қызмет көрсететін персоналдың біліктілігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес меншік құқығында өлшеу құралдарының болуы, оларды аттестаттау және тексеру туралы құжаттардың электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, көрсетілетін қызметті алушыны дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы тиісті ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
Порталда электрондық сұрауды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
көрсетілетін қызмет берушіге (қолма-қол не пошталық байланыс арқылы) берген кезде – қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдаудың растамасы оның көшірмесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады;
портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрауды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, Министрлікке Астана қаласы, «Министрліктер үйі», Орынбор көшесі, 8-үй мекенжайы бойынша беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы, не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасына қойылады).
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның аты мекен-жайы шығыс нөмірі және күні көрсетіледі
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күнінің ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері дәлелденген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы электрондық өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
11. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.kaenk.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
12. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға құқығы бар.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға құқығы бар.
14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 02 38 74 12 91. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).
«Электрлік зертханаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
|
УО атауы |
УО атауы |
Электрлік зертханаларды Аккредиттеу Туралы Куәлік
Нөмірі: [РҚ нөмірі]
Берілген күні: [Берілген күні]
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, БСН
берілді [Өтініш берушінің атауы [БСН] Орналасқан жері: (Пошталық индексі), (КАТО), (көше атауы),
(заңды тұлғаның пошталық мекенжайы)
Куәлік Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
(Қол қоюшының лауазымы) (Қол қоюшының ТАӘ)
«Электрлік зертханаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Нысан ___________________________________ (уәкілетті органның атауы) ___________________________________ (заңды тұлға атауы) ___________________________________
Электрлік зертханаларды аккредиттеу туралы өтініш
_____________________________________________________________________
(электрлік зертхана меншік иесінің атауы)
_____________________________________________________________________
(БСН), өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта
тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нөмірі мен күні*) санат
бойынша энергетикалық сараптама жүргізуге аккредиттеуді сұрайды.
Заңды тұлғаның орналасқан жері (болған жағдайда оның филиалдары,
өкілеттіктері):
Пошталық мекенжайы:____________________________________________
Телефон нөмірдері _____________________________________________
E-mail ________________________________________________________
Факс __________________________________________________________
Ұсынылған құжаттар тізбесі (парақ саны көрсетілген):
1._____________________________
2._____________________________
3._____________________________
4._____________________________
5._____________________________
6._____________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалған құпиядан
тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Ұйым басшысы (лауазымы)
________________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
20 ___ ж. "__"__________________
Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен
Республикасының Заңы қолданысқа енгенге дейін берілген заңды тұлғаны
мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды
тұлғаның қызметін тоқтатқанына дейін жарамды болып табылады.
«Электрлік зертханаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша
Аккредиттелетін электрлік зертханаларға арналған ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар құрамының тізбесі
электрлік зерттеулер мен өлшеулер үшін
1. Тоқ тістеуіктері
2. Мегаомметр
3. Микроомметр
4. Электр энергиясы сапасын талдағыш
5. Жерге қосу құрылғыларының кедергісін өлшеу аспабы
6. Жоғары кернеумен сынау аспабы
7. «Фаза-ноль» тізбегінің бір фазалы қысқа тұйықталу тоғын өлшеу аспабы
Жылу зерттеулері мен өлшеулер үшін
1. Жылу көргіш
2. Сұйық шығынын ультрадыбысты өлшегіш
3. Контактысыз (инфрақызыл) термометр
4. Контактылы термометр
5. Газ анализаторы