• Мое избранное
«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 12.05.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығына 3-қосымша

  • 1
«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.06.2017 жылғы № 192 Бұйрығына сәйкес (14.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 5 Бұйрығына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 12 мамырдан бастап ҚР Энергетика министрінің 15.04.2020 жылғы № 143 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 06.09.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 5 Бұйрығына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
1) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МегаВатт (бұдан әрі - МВт) астам, сондай-ақ өз теңгерімінде 110 килоВольт (бұдан әрі - кВ) және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспорттарын (бұдан әрі - әзірлік паспорты) Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) береді;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 5 Бұйрығына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) барлық қуаттардың және жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) жылыту қазандықтарына күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорттарын Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) береді;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 5 Бұйрығына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 05.08.2019 жылғы № 270 Бұйрығына сәйкес (18.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен электр желілері бар энергия беруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен энергия өндіруші ұйымдарға әзірлік паспорттарын Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) береді;
Өтініштерді қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету қорытындысы портал арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді жыл сайын 15 тамыздан бастап 30 қыркүйекті қоса алғанда жүзеге асырады, жүйелік оператор үшін 25 қазанды қоса алғанда жүзеге асырады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 18.02.2019 жылғы № 55 Бұйрығына сәйкес (05.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 25.04.2019 жылдан бастап)
1) көрсетілетін қызметті берушілерге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде.
Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың толық болмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызметті көрсетуге рұқсат етілетін ең көп уақыт - 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 5 Бұйрығына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру, энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын ескертулермен беру, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 5 Бұйрығына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 5 Бұйрығына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру түскі асқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру мен өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
  • 1
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушілерге:
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 5 Бұйрығына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік паспортын алуға    өтініші;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік актісі (бұдан әрі - әзірлік актісі);
әзірлік актісіне осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса  беріледі;
станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйі, сондай-ақ тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың әзірлігі туралы энергетикалық  сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.
Жіберілетін құжаттар нөмірленеді, тігіледі;
2) порталға:
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 5 Бұйрығына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік паспортын алуға өтініші;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлік актінің электрондық көшірмесі;
әзірлік актісіне осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа энергия  өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік паспортын алуға   арналған шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса беріледі;
станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және  қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың дайындығы      туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.
Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген барлық құжаттарды көрсетілетін қызмет берушілерге қолма-қол берген кезде - қағаз жеткізгіште өтінішті қабылдаудың  растамасы оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні   мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады.
  • 1
10.  Көрсетілетін қызметті беруші мына негіздер бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бас тартады:  
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 болып тіркелді) сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, немесе осы стандарттың 17-тармағында көрсетілген Министрліктің басшысы атына беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасына қойылады).
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты біріңғай байланыс орталығының 1414 және 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Шағымда заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
11-тармақтың алтыншы бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 5 Бұйрығына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелденген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы электрондық өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға қызмет алушының шағымы түскенде, тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастырылады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Мүмкіндігі шектеулі қызмет алушыларға (олардың өкілдеріне сенімхат бойынша) олардың қызмет көрсетушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету ерекшелігі: мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бөлек есік жабдықталған.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы:
1) Министрліктің www.energo.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
2) көрсетілетін қызметті берушінің kaenk.energo.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 5 Бұйрығына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
15. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан қол жеткізу рәсімінде, мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы, сондай-ақ ақпаратты осы стандарттың 17-тармағында көрсетілген қызмет берушінің байланыс телефондары бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтердің байланыс телефондары қызмет берушінің интернет-ресурсында көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414 және 8 800 080 7777.
  • 1
«Энергия өндіруші және энергия беруші 
ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі 
жұмысқа әзірлік паспортын беру» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
стандартына 1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Энергетика министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 5 Бұйрығына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 18.02.2019 жылғы № 55 Бұйрығына сәйкес (05.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 25.04.2019 жылдан бастап)
Нысан
 (кімге) __________________________
 (органның атауы)
 ________________________________
 (заңды тұлғаның атауы)
Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініш
 ____________________________________________________________________
 (заңды тұлғаның атауы)
 ____________________________________________________________________
 (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)
туралы анықтаманың нөмірі және күні)
 Заңды тұлғаның және оның энергия объектісінің орналасқан жері: Пошталық мекенжайы:____________________________________________ Телефон нөмірлері _______________________________________________ E-mail __________________________________________________________ Факс ___________________________________________________________ Қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі: 1.___________________________ парақта, беттің реттік № 2.___________________________ парақта, беттің реттік № 3.___________________________ парақта, беттің реттік № 4.___________________________ парақта, беттің реттік № 5.___________________________ парақта, беттің реттік № 6.___________________________ парақта, беттің реттік № Ұйымның басшысы _______________________________________________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы) 20__ жылғы «__» ________
  • 1
«Энергия өндіруші және энергия беруші 
ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі 
жұмысқа әзірлік паспортын беру» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
стандартына 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 5 Бұйрығына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 18.02.2019 жылғы № 55 Бұйрығына сәйкес (05.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 25.04.2019 жылдан бастап)
Нысан
 Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың ________ жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі актісі
   __________________________________ ___________________________ Акт жасалған жер (күні) ____________________________________ (ұйым атауы) _______ №___ бұйрығымен тағайындалған комиссия _________________________________________________________________ энергия өндіруші және энергия беруші _________________________________________________________________ ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін _________________________________________________________________ шарттардың орындалғаны/орындалмағаны көрсетіледі Тұжырым:______________________________________________________ (ұйым күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзір/ әзір емес)

Комиссия төрағасы:

__________

__________

__________

(лауазымы)

_______________

(ұйым басшысының қолы)

_____________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Комиссия төрағасының орынбасары:

__________

__________

__________

(лауазымы)

_______________

(қолы және мемлекеттік органның мөрі)

_____________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Комиссия мүшелері:

__________

__________

__________

(лауазымы)

_______________

(қолы)

_____________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))


 

__________

__________

__________

(лауазымы)

_______________

(қолы)

_____________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))


 

__________

__________

__________

(лауазымы)

_______________

(қолы)

_____________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

  • 1
«Энергия өндіруші және энергия беруші 
ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі 
жұмысқа әзірлік паспортын беру» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
стандартына 3-қосымша
3-қосымша өзгертілді ҚР Энергетика министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 5 Бұйрығына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 18.02.2019 жылғы № 55 Бұйрығына сәйкес (05.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 25.04.2019 жылдан бастап)
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 05.08.2019 жылғы № 270 Бұйрығына сәйкес (18.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу шарттары
1. Энергия өндіруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алу үшін келесі құжаттар беріледі:
1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 73 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10451 болып тіркелді) Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеуден өткен негізгі жабдықтардың техникалық жай-күйінің параметрі ведомосының көшірмелері;
2) алдағы күзгі-қысқы кезеңге отын жеткізуге арналған шарттардың көшірмелері;
3) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар мен құрылыстардың ақауларының алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы туралы акт;
4) энергия өндіруші ұйымның жүктемелер кестесін орындауға әзірлік актісі, яғни жұмыс пен резервте қажетті жабдық құрамының болуы;
5) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 172 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14033 болып тіркелген) Энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормаларына сәйкес, белгіленген қоймада талаптарға сәйкес негізгі және резервтік (авариялық) отын қорының болуы туралы анықтама;
6) жұмысқа өрт сөндіру және өрт дабылы жүйелерінің күзгі-қысқы кезеңдегі әзірлік актісі;
7) автоматика және релелік қорғаныс құрылғыларының, ғимараттар мен құрылыстардың, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;
8) гидроқұрылыстарды (бар болған жағдайда) және күл үйінділерінің қалған сыйымдылығын күзгі комиссиялық қарап тексеру жүргізу туралы актісі;
2. Энергия беруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алу үшін келесі құжаттар беріледі:
1) Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеуден өткен негізгі жабдықтардың техникалық жай-күйінің параметрі ведомосының көшірмелері;
2) электр жүктемелері кестесін орындауға әзірлік туралы акті, яғни жұмыста және резервте жүктемелер кестесін орындау және электр беруші желілер мен трансформаторлардың өткізу қабілеті шегінде электр энергиясы мен қуатты беру үшін қажетті жабдық құрамының болуы (күзгі-қысқы кезеңде 10-110 кВ бойынша режимдік (қалыпты) схемалар, режимдік схема кезінде өткен жылғы жаздық және қыстық бақылау күндеріне жүктемелерді өлшеулер);
3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) Электр қондырғыларын орнату қағидаларына және нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес, электр желілерінің жабдығына келетін көлемде және мерзімдерде сынақтар жүргізу туралы акті;
4) релелік қорғау және автоматика, апатқа қарсы автоматика құрылғыларына толық көлемде техникалық қызмет көрсетуді орындау туралы акті, бар болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, диспетчерлік және технологиялық басқару құрылғыларының, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің әзірлігі (актілердің көшірмелері);
5) энергия көздері қуатының тапшылығы туындаған кезде, сондай-ақ электр желілеріндегі авариялық жағдайда тұтынушыларды шектеу (веерлі ажыратулар) кестелерінің көшірмелері;
6) пайдалануға енгізу және техникалық жай-күйін бағалау жылын көрсете отырып, кестелер мен кезеңділікке сәйкес техникалық куәландырудан өткен жабдық, электр қондырғыларының, әуе желілердің, кәбілді желілердің, релелік қорғау және автоматика құрылғыларының, ғимараттар мен құрылыстардың энергия кәсіпорындары жұмыс комиссияларының электр қондырғыларына техникалық куәландыруды жүргізуі тізбесі;
7) аварияға қарсы, өртке қарсы объектілік жаттығу жүргізу материалдары (жүргізілген жаттығулар тақырыптамалары мен персоналдың іс-қимылын бағалау);
8) жедел-көшпелі және желілік бригадалардың көлік құралдарымен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілгендігі туралы актісі.
3. Жылу энергиясын тасымалдауды және таратуды (жылу желілері) жүзеге асыратын энергия беруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алу үшін келесі құжаттар беріледі:
1) электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және техникалық актілерге сәйкес қажетті көлемде және сапада негізгі және қосалқы жабдықты жоспарлы жөндеудің орындалуы туралы актісі;
2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар және құрылыстардың ақауларының алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы туралы акті;
3) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа өрт сөндіру және өрт дабылы жүйелерінің әзірлік актісі;
4) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа ғимараттар мен құрылыстардың, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының әзірлік актісі;
5) энергия көздері қуаты мен жылу желілерінің қабілетінің тапшылығы туындаған кезде жергілікті атқарушы органдармен келісілген тұтынушыларды шектеу кестелері;
6) жылу беретін ұйымдардың аталған жерді жылыту үшін жылу желілері мен жылу көздерінің сыртқы ауаның есептік температурасына жылу желілері жұмысының температура кестелерін орындауды қамтамасыз ету жөніндегі актісінің болуы.