• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 24.05.2016 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығына 7-қосымша

«Тұтынушыларды жүктемені ажыратудың арнайы автоматикасына қосу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 жылғы № 216 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. «Тұтынушыларды жүктемені ажыратудың арнайы автоматикасына қосу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) порталға жүгінген сәттен бастап – күнтізбелік 25 (жиырма бес) күн;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын осы стандарттың 9 тармақта көрсетілген тексеруге міндетті.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - тұтынушыны жүктемені ажыратудың арнайы автоматикасына қосуды келісу осы мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының енбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) тұтынушы қосылған энергетикалық тораптың электрмен жабдықтау схемасының электронды көшірмесі; 
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы қорытындының электронды көшірмесі;
4) тұтынушыны заңнама нормаларының талаптарын ескере отырып электр желілеріне ЖААА жүйесін қосу шарттарын ескере отырып тұтынушыны қосуға арналған техникалық шарттардың электронды көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну үшін сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым Астана қаласы, Орынбор көшесі., 8-үй мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының, Министрліктің атына беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы, не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартып отырады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты пошталық мекенжайы көрсетіледі; 
2) заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы шығыс нөмірі және күні көрсетіледі 
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы электронды жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, ол өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
11. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www.kaenk.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
12. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға құқылы.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы алуға құқылы.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 0642. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Тұтынушыларды жүктемені ажыратудың
арнайы автоматикасына қосу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

УО атауы



Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті

УО атауы



Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан

  Нөмірі: (   )               Берілген күні: (    ) ж.
Тұтынушыны жүктемені ажыратудың арнайы автоматикасына қосуды Келісу
]
(занды тұлғаның толық аты) берілді, БСН (ЗТ БСН), заңды мекенжайы
(ЗТ мекенжайы)
Сіздің тұтынушыны жүктемені ажыратудың арнайы автоматикасына қосу
мәселесі бойынша __________ №____өтінішіңізді қарап, (УО атауы орыс
тілінде), БСН (ЗТ БСН), заңды мекенжайы (ЗТ мекенжайы) берілді,
(тұтынушының атауы), БСН (тұтынушының БСН) заңды мекенжайы
(объектінің мекенжайы)Тұтынушының жүктемені ажыратудың арнайы
автоматикасына қосуды келіседі.
(қол қоюшының лауазымы)          (қол қоюшының Т.А.Ә.)
«Тұтынушыларды жүктемені ажыратудың
арнайы автоматикасына қосу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысаны
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Атомдық және энергетикалық
қадағалау мен бақылау
комитетінің төрағасына
(тегі, аты-жөні)
_____________________дан
 (Қазақстан Республикасы уәкілетті органының толық атауы)
Өтініш
_____________________________________________________________________
           (жүйелік оператор учаскесінің толық атауы)
_____________________________________________________________________
             (орналасқан жері, заңды мекенжайы, БСН)
тұтынушыны жүктемені ажыратудың арнайы автоматикасына қосуға келісім
беруді сұрайды (ЖААА)
_____________________________________________________________________
                       (тұтынушының толық атауы)
_____________________________________________________________________
      (тұтынушының орналасқан жері, заңды мекенжайы, БСН)
Қоса берілетін құжаттар тізбесі:
1. Тұтынушының ЖААА-ға қосуға [күні] № [нөмірі] жазбаша келісімі.
2. Тұтынушы қосылған энергетикалық торапты электрмен жабдықтау схемасы. 
3. Заңнама нормаларының талаптарын ескере отырып ЖААА жүйесін тұтынушының электр желілеріне қосуды ескере отырып тұтынушыны қосуға арналған техникалық шарттар. 
4. Қолданыстағы желінің жай-күйі мен қосу кезіндегі күтілетін нәтижені салыстыруды көрсете отырып, тұтынушыны ЖААА-ға қосудың орындылығы туралы, энергия тапшылығының, жұмыс режимдерінің жай-күйі және (күні) № (нөмірі) бір ажыратудың есептік уақыты туралы жүйелік оператордың қорытындысы.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Жүйелік оператор учаскесінің басшысы
_________________   _______________________________   _______________
      (қолы)                (тегі, аты-жөні)               (күні)
*Өтініш өтініш беруші ұйымның бланкісінде жасалады
«Тұтынушыларды жүктемені ажыратудың
арнайы автоматикасына қосу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
_____________________________________________________________________
     (Қазақстан Республикасы уәкілетті органының толық атауы)
Қорытынды
_____________________________________________________________________
              (жүйелік оператор учаскесінің толық атауы)
_____________________________________________________________________
               (орналасқан жері, заңды мекенжайы, БСН)
Тұтынушыны жүктемені ажыратудың арнайы автоматикасына (ЖААА) қосудың
орындылығы
_____________________________________________________________________
                       (тұтынушының толық атауы)
_____________________________________________________________________
          (тұтынушының орналасқан жері, заңды мекенжайы, БСН)
мынаған келіп саяды:
1. Тапшы энергия торабының жай-күйін бағалау
_____________________________________________________________________
2. Қосу кезіндегі жұмыс режимін бағалау
_____________________________________________________________________
3. Бір рет ажырату уақыты _____________________________ құрайды
Жүйелік оператор учаскесінің басшысы
_________________   _______________________________   _______________
      (қолы)                (тегі, аты-жөні)               (күні)
*Өтініш өтініш беруші ұйымның бланкісінде жасалады