• Мое избранное
Салық төлеушілерді тіркеу
Внимание! Документ утратил силу с 27.07.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына 3-қосымша

"Салық төлеушілерді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 08.12.2015 жылғы № 631 Бұйрығына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 27 шілдеден бастап ҚР Қаржы министрінің м.а. 10.07.2020 жылғы № 665 Бұйрығына сәйкес
Редакция 27.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Жалпы ережелер
1. "Салық төлеушілерді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші қызмет көрсету орталықтары арқылы;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 05.07.2017 жылғы № 418 Бұйрығына сәйкес (06.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (08.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
3) "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (08.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 06.03.2017 жылғы № 150 Бұйрығына сәйкес (27.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1)салық төлеуші туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорға (бұдан әрі – СТ МДҚ) енгізу – тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
2)салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгертулер енгізу – тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
3) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – көрсетілетінқызметті берушіге – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;
4) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 153 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16431 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша (Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы филиал ашпай, сақтандыру ұйымдарында (сақтандыру брокері) немесе тәуелді агентте, дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдікте, консульдық мекемеде қызметін жүзеге асырушы бейрезиденттер, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам, бейрезидент-заңды тұлғалар туралы мәліметтерді СТ МДБ енгізген кезде) тіркеу куәлігін беру;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауабы.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс уақыты:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін.
Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз, электрондық кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жүргізіледі.
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (08.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Қабылдау электрондық кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жүргізіледі, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады;
3) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру мынадай жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (08.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 06.03.2017 жылғы № 150 Бұйрығына сәйкес (27.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 05.07.2017 жылғы № 418 Бұйрығына сәйкес (06.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
көрсетілетін қызметті берушіге (келу тәртібімен немесе пошта арқылы) немесе Мемлекеттік корпорацияға:
СТ МДҚ-на бейрезидент туралы мәліметтерді енгізу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес салықтық өтініш;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі;
СТ МДҚ-да тіркеу деректеріне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес салықтық өтініш;
СТ МДҚ-нан салық төлеушілерді алып тастау үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3, 4 және 5-қосымшаға сәйкес салықтық өтініш;
2) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаның, оның филиалдарының, өкілдіктерінің таратылуына, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасының аумағында филиалын, өкілдігін ашпай қызметін жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның қызметінің тоқтатылуына байланысты тарату салықтық есептілігі;
3) салықтық тексеру аяқталғаннан және бюджет алдындағы берешегі өтелгеннен кейін – Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаның таратылуына, қайта ұйымдастырылуына, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қызметінің тоқтатылуына байланысты тарату балансы;
4) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаның оңайлатылған тәртіпте таралуына байланысты – аралық тарату балансы;
5) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаның оңайлатылған тәртіпте таралуына байланысты – салықтар бойынша аудит қорытындысы;
6) салықтық тексеру аяқталғаннан кейін бөліну жолымен Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына байланысты бөліну балансы;
7) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қызметінің тоқтатылуына байланысты Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшенің қызметін тоқтату туралы шешімінің көшірмесі;
8) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаның оңайлатылған тәртіпте таралуына байланысты бақылау-кассалық машинаны есептен шығару туралы салықтық өтініші;
9) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кездегі тапсыру актісі қажет.
Егер Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі салықты, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді дербес төлеуші болып танылмаған жағдайда, тарату салықтық есептілігі табыс етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат табыс етіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы белгісі бар талонды алады.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Почта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші почта хабарламасына белгі қояды.
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың түпнұсқасын табыс етуді қоспағанда, Мемлекеттік корпорация құжаттардың көшірмесін түпнұсқамен салыстырып тексереді, одан кейін көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқасын қайтарады.
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға не оның өкіліне мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру заңды тұлға үшін – қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжатты көрсеткен жағдайда және жеке тұлға үшін –нотариат куәландырылған сенімхат негізінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде, көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушы жүгінбеуі себебінен уақытылы берілмеген құжаттардың бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды;
порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы салықтық өтінішін – бюджетпен есеп айырысу бойынша жауапты қызметкер, көрсетілетін қызметті алушының телефон нөмірі, электрондық почта мекенжайы туралы мәліметтерге өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу үшін.
Көрсетілетін қызмет берушінің қызметкері мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
10. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (08.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 06.03.2017 жылғы № 150 Бұйрығымен (27.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын табыс етпеген жағдайда, Мемлекеттік корпорациясының қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (08.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағымдар жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не электрондық құжат, бейнеконференцбайланыс, бейнеөтініш нысанында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
11-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығымен (08.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Мемлекеттік корпорацияның басшысына жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:
1) жеке тұлға үшін – оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы және байланыс телефоны;
2) заңды тұлға үшін – оның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі (бар болған жағдайда) және кіріс құжатының күні көрсетiледi.
Өтiнiш көрсетілетін қызметті алушының өкiлi арқылы енгiзiлуi мүмкiн. Өкiлдiктi ресiмдеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкiлi қол қояды.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Қолма-қол сондай-ақ, пошта арқылы Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен шағымды қабылдаудың расталуы оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасы өтінішті жеке, ұжымдық түрде, сонымен қатар бейнеөтініш немесе бейнеконференцбайланыс нысанындада қарайды.
Бейнеөтінішті қабылдау келу арқылы көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның филиалдарында жүргізіледі.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері:
көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіруді жүргізеді;
«Бейне өтініш берген азаматтарды тіркеу» журналына өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін енгізеді;
бейнеөтініш берудің негізгі қағидаларын түсіндіреді;
өтініш берушіні бейнеөтініш беру бөлмесіне шығарып салады.
Көрсетілетін қызметті берушімен бейнеөтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша шешiмдер қабылданады. Шешімдер өтініш берушінің пошталық мекенжайына жолданады. Көрсетілетін қызметті беруші жауапты көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған электрондық мекен-жайына «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардың электрондық бірыңғай пошталық жүйесі» ақпараттық жүйесі арқылы жібереді.
Бейнеөтініш немесе бейнеконференцбайланыс арқылы өтінішті беру және қарау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 50 бұйрығымен бекітілген жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну қағидаларына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 13206 болып тіркелді) сәйкес жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорациясының атына, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25 бабымен қарастырылған тәртіпке сәйкес қаралуға жатады.
Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
12. Мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (08.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
13. организм функциясы тұрақты бұзылған, өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүргізеді.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (08.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
көрсетілетін қызметті берушінің – www.kgd.gov.kz, www.minfin.gov.kz;
Мемлекеттік корпорацияның – www. gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлы қолтаңбасы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (08.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
«Салық төлеушілерді тіркеу»
 мемлекеттік көрсетілетін
​ қызмет стандартына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
 
 
 
 
 
 
 
«Салық төлеушілерді тіркеу»
 мемлекеттік көрсетілетін
​ қызмет стандартына
2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Салық төлеушілердің мемлекеттік деректер қорына көрсетілетін қызметті алушылар (резидент еместер) туралы мәліметтер енгізу үшін қажетті құжаттар  
Көрсетілетін қызметті алушылар (бейрезидент жеке тұлғалар) үшін:

Көрсетілетін қызметті алушылар санаттары

Құжаттар тізбесі

Өтінішті тапсыру мерзімі

Құжаттар тапсырылатын салық органы

Нотариат куәландырған көшірмелері

Жеке басын куәландыратын құжат

Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыс сомасын растайтын құжат (болған жағдайда)

Осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжат

Мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын құжат

Бейрезиденттің атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, келісімшарттарға қол қоюға өкілеттіктер беруге немесе өзге мақсаттарға арналған шарттың (келісімнің, келісімшарттың немесе өзге де құжаттың) бар болған жағдайда

Бірлескен қызмет туралы шарт


 


 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлік сатып алатын, табыс салығын төлем көзінен есептеу, ұстау және бюджетке аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік жүктелетін табысты төлейтін салық агенті болып табылатын резидент емес жеке тұлға


 


 


 


 


 


 

Мүлікті сатып алғанға дейін

Жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша

2

Қызметі тұрақты мекеме ретінде қарастырылатын тәуелді агент


 


 


 


 


 


 

Қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде

Тәуелді агенттің орналасқан (тұрғылықты, болатын) жері бойынша

3

Қызметі тұрақты мекеме құруға әкелетін резидентпен жасасқан бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы бейрезидент салық төлеуші


 


 


 


 


 


 

қызметін жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде

Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы резиденттің орналасқан (тұрғылықты, болатын) орны бойынша

4

Қазақстан Республикасындағы көздерден төлем көзінен салық салуға жатпайтын табыс алатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар


 


 


 


 


 


 

Қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде

Болатын (тұратын) жері бойынша

5

Қазақстан Республикасында мүлік, көлік құралдары салығын немесе жер салығын салу объектісі болып табылатын мүлікті сатып алатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар


 


 


 


 


 


 


 

Осындай мүліктің орналасқан орны бойынша

6

Резидент заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттердің бірінші басшылары болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар


 


 


 


 


 


 


 

Болатын (тұрғылықты) жері бойынша

көрсетілетін қызметті алушылар (бейрезидент заңды тұлғалар) үшін:

Көрсетілетін қызметті алушылар санаттары

Көшірмелерін табыс ету қажет құжаттардың тізбесі (*белгісі құжаттардың көшірмелерін нотариуста куәландыру қажет дегенді білдіреді, ** белгісі құжат тек өкілдіктер қызметкерлерін тіркеген кезде табыс етіледі дегенді білдіреді)

Өтінішті тапсыру мерзімі

Құжаттар тапсырылатын салық органы

Құрылтай құжаттары*

Осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжат*

Мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын құжат*

Директорлар кеңесі жиналысының немесе осыған ұқсас басқару органының хаттамасы*

Бейрезиденттің атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, келісімшарттарға қол қоюға өкілеттіктер беруге немесе өзге мақсаттарға арналған шарттың (келісімнің, келісімшарттың немесе өзге де құжаттың) бар болған жағдайда*

Бірлескен қызмет туралы шарт*

Қазақстан Республикасында аккредиттелгенін растайтын құжат**


 


 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға


 


 


 


 


 


 


 

Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде

Тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша

2

Тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында орналасқан шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға


 


 


 


 


 


 


 

Тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасы деп тану туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде

Орналасқан жері бойынша

3

Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлік сатып алатын, табыс салығын төлем көзінен есептеу, ұстау және бюджетке аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік жүктелетін табысты төлейтін салық агенті болып табылатын резидент емес немесе Қазақстан Республикасындағы мүлікті және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты акцияларды, қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстардан салықты есептеу, ұстау және аударуды дербес жүргізетін бейрезидент


 


 


 


 


 


 


 

Мүлікті сатып алғанға (өткізгенге) дейін

Мүліктің орналасқан жері бойынша

4

Қызметі тұрақты мекеме ретінде қарастырылатын сақтандыру ұйымы (сақтандыру брокері), тәуелді агент


 


 


 


 


 


 


 

Қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде

Орналасқан жері бойынша

5

Қызметі тұрақты мекеме құруға әкелетін резидентпен жасасқан бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы резидент емес


 


 


 


 


 


 


 

қызметін жүзеге асыра басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде

бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы резиденттің орналасқан (тұрғылықты, келген) орны бойынша

6

Резидент банктерде шоттар ашатын заңды тұлғалар


 


 


 


 


 


 


 

Банкте шоттар ашқанға дейін

Резидент банктің орналасқан жері бойынша

7

Резидент шығарған акцияларды және жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе қатысушысы (қатысушылары) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерін; резидент заңды тұлға шығарған акцияларды және резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерін; резидент емес заңды тұлға шығарған акцияларды және резидент емес заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алатын (өткізетін) табыс салығын төлем көзінен есептеу, ұстау және бюджетке аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік жүктелген салық агенті болып табылатын немесе салық агенті болып табылмайтын тұлғадан құн өсімі түрінде табыс алатын бейрезидент осындай табыс сомасына белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен табыс салығын есептеуді дербес жүргізетін бейрезидент


 


 


 


 


 


 


 

Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері негізінде

жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша

8

Мынадай шарттар орындалмаған жағдайда бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын бейрезидент: акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі; эмитент заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы; эмитент-заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткізу күніне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкі құрау талаптары орындалған кезде қолданылады. Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды


 


 


 


 


 


 


 

Мүлік сатып алғанға (өткізгенге) дейін

Эмитент заңды тұлғаның немесе резидент заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша

9

Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдігі, шет мемлекеттің консулдық мекемесі


 


 


 


 


 


 


 

Қызметін жүзеге асыру басталғанға дейін

дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдіктің орналасқан жері бойынша

«Салық төлеушілерді тіркеу»
 мемлекеттік көрсетілетін
​ қызмет стандартына
3-қосымша
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
 
 
«Салық төлеушілерді тіркеу» 
мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет стандартына
4-қосымша
4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
 
 
«Салық төлеушілерді тіркеу»
 мемлекеттік көрсетілетін
​ қызмет стандартына
5-қосымша
5-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 06.03.2017 жылғы № 150 Бұйрығымен (27.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
 
«Салық төлеушілерді тіркеу»
 мемлекеттік көрсетілетін
​ қызмет стандартына
6-қосымша
6-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (08.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
6-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
 (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
болған кезде әкесінің аты
 (бұдан әрі – аты-жөні), не ұйымының атауы)
 _________________________
 (көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
   «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын табыс етпеуіңізге байланысты «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
  1)________________________________________;
  2)________________________________________;
3)….
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Аты-жөні (Мемлекеттік корпорациясының қызметкері) (қолы)
  Орындаушы: аты-жөні_____________
  Телефон __________
Алдым: көрсетілетін қызметті алушының аты-жөні / қолы
  20__ жыл «___» _________