Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 284 бұйрығына
5-қосымша
«Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 27.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші:
1) қызмет көрсету орталығы арқылы;
2) «Салық төлеушінің кабинеті» (бұдан әрі – Салық төлеушінің кабинеті) веб-қосымшасы арқылы;
3) резидент заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде – Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі арқылы жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші:
1) қызмет көрсету орталығы арқылы;
2) Салық төлеушінің кабинеті арқылы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) бойынша тіркеу есебіне қою – 1 (бір) жұмыс күні ішінде:
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген күннен бастап – ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті келу тәртібімен қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда берген тұлғалар үшін;
Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап – жаңа тіркелген Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары үшін;
2) ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару не немесе ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарудан бас тарту – салықтық өтініш табыс етілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
3) ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлігін (бұдан әрі – ҚҚС куәлігі) ауыстыру – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
4) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою;
2) ҚҚС куәлігін ауыстыру;
3) ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару;
4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы дәлелді жауабы болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Қызметті берушіге қызметті алушы келу тәртібімен, әлде Салық төлеушінің кабинеті арқылы, әлде Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары мемлекеттік тіркелу кезінде жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Салық төлеушінің кабинетіне жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезекпен көрсетіледі, алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;
2) Салық төлеушінің кабинеті – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, дара кәсіпкерлер) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге (келу тәртібімен немесе пошта арқылы):
1) ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою, ҚҚС куәлігін ауыстыру, ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық өтініш;
2) ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару үшін – ҚҚС бойынша тарату декларациясы;
Салық төлеушінің кабинетіне:
электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес салықтық өтініш – ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін;
Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне:
«ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу» белгісін қоя отырып заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтініш.
Қызметті берушіге шағымданған кезде, құжаттар пакетін қабылдаған күні мен уақытын көрсетумен, қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгімен талон беріледі.
Салық төлеушінің кабинеті арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін жолданған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәлімет жолданады.
10. Егер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 85 бабының 3-тармағында көзделген ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде бір мезгілде мынадай шарттар сақталмаса:
салықтық өтініш берген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін көрсетілетін қызметті алушының салық салынатын айналымының мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерінен асып түссе;
салықтық өтініш берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың бастапқы кезеңі үшін көрсетілетін қызметті алушының салық салынатын айналымының мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерінен асып түссе, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер болып табылады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағымдар жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не электрондық құжат, бейнеконференцбайланыс, бейнеөтініш нысанында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:
1) жеке тұлға үшін – оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы және байланыс телефоны;
2) заңды тұлға үшін – оның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі (бар болған жағдайда) және кіріс құжатының күні көрсетiледi.
Өтiнiш көрсетілетін қызметті алушының өкiлi арқылы енгiзiлуi мүмкiн. Өкiлдiктi ресiмдеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкiлi қол қояды.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасы өтінішті жеке, ұжымдық түрде, сонымен қатар бейнеөтініш немесе бейнеконференцбайланыс нысанындада қарайды.
Бейнеөтінішті қабылдау келу арқылы көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалдарында жүргізіледі.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері:
көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіруді жүргізеді;
«Бейне өтініш берген азаматтарды тіркеу» журналына өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін енгізеді;
бейнеөтініш берудің негізгі қағидаларын түсіндіреді;
өтініш берушіні бейнеөтініш беру бөлмесіне шығарып салады.
Көрсетілетін қызметті берушімен бейнеөтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша шешiмдер қабылданады.
Шешімдер өтініш берушінің пошталық мекенжайына жолданады. Көрсетілетін қызметті беруші жауапты көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған электрондық мекен-жайына «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардың электрондық бірыңғай пошталық жүйесі» ақпараттық жүйесі арқылы жібереді.
Бейнеөтініш немесе бейнеконференцбайланыс арқылы өтінішті беру және қарау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 50 бұйрығымен бекітілген жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну қағидаларына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 13206 болып тіркелді) сәйкес жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25 бабымен қарастырылған тәртіпке сәйкес қаралуға жатады.
Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің – www.kgd.gov.kz, www.minfin.gov.kz; интернет-ресурстарында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда Салық төлеушінің кабинеті арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
16. Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 8-800-080-7777, 1414.
«Қосылған құн салығын төлеушілерді
тіркеу есебі» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша