Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 284 бұйрығына
8-қосымша
«Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 27.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) әкімші ретінде тіркеу – өтінішті және құжаттарды берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің барынша рұқсат берілетін уақыты Мемлекеттік корпорациясында – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорациясының қызмет көрсетуінің барынша рұқсат берілетін уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаға тіркеу туралы растаманы беру;
2) тіркеу туралы өтініште көрсетілген деректерге өзгерістер енгізу;
3) тіркеуден шығару туралы растаманы беру;
4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы көрсетілетін қызметті берушінің уәжделген жауабы болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны:
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға қағаз тасымалдағышта жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі басып шығарылады, және көрсетілетін қызметті алушыға қағаз тасымалдағышта беріледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
1) ХҚКО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жүргізіледі, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген, портал арқылы электрондық кезекті «брондауға» болады;
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі, мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау электрондық кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүргізіледі, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы не нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін түпнұсқа);
біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы шешім;
тұрғылықты жері бойынша оларды ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын берілген өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша оларды ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын наркологиялық және психиатриялық диспансерлер берген наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғаны туралы мәліметтердің жоқ екендігі туралы медициналық анықтама;
көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша оларды ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын соттың әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп тануы туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама;
2) тіркеу туралы өтініште көрсетілген деректерге өзгерістер енгізу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушын сәйкестендіру үшін);
3) тіркеуден шығару үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін түпнұсқа) құжат;
көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда сенімхат;
әкімші қызметін жүзеге асырудан шеттету немесе жаңа кандидатураны таңдау туралы несие алушылар жиналысы хаттамаларының көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушы оңалтуды және (немесе) банкроттықты басқарушы ретінде қатысқан жағдайда қоса беріледі);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша оларды ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын наркологиялық және психиатриялық диспансерлер берген наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғаны туралы мәліметтердің жоқ екендігі туралы медициналық анықтамалардың электрондық көшірмелері;
біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы шешімнің электрондық көшірмесі;
тұрғылықты жері бойынша оларды ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын берілген өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығы туралы анықтаманың электрондық көшірмелері;
көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша оларды ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын соттың әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп тануы туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтаманың электрондық көшірмелері;
2) тіркеу туралы өтініште көрсетілген деректерге өзгерістер енгізу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
3) тіркеуден шығару үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
әкімші қызметін жүзеге асырудан шеттету немесе жаңа кандидатураны таңдау туралы несие алушылар жиналысы хаттамаларының электрондық көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушы оңалтуды және (немесе) банкроттықты басқарушы ретінде қатысқан жағдайда қоса беріледі).
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорациясы арқылы алған жағдайда ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін Мемлекеттік корпорациясы ұсынған нысан бойынша береді.
Мемлекеттік корпорациясында дайын құжаттардың берілуі тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты (не оның нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша өкілі) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорациясы нәтиженің бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорациясының сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорациясына көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін жолданған сұрау салудың қабылданғаны туралы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күні және уақыты көрсетілген мәлімет жолданады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін мынадай жағдайлар:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттар тізбесінің толық ұсынылмауы;
2) егер көрсетілетін қызметті алушы келесі белгіленген рұқсат беру талаптарына сәйкес болмаса:
жоғары заң немесе экономикалық білімінің болуы;
экономика, қаржы, заң саласындағы қызметте кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы;
Қазақстан Республикасының азаматтығы;
3) біліктілік емтиханының қорытындылары қанағаттанарлықсыз болған;
4) егер көрсетілетін қызметті алушы үш жыл ішінде мынадай негіздердің бірі бойынша тіркеуден шығарылса:
тіркеу кезінде дұрыс емес мәліметтер беру фактісі анықталса;
кредитордың немесе борышкердің мүдделеріне залал келтірген талаптарды бірнеше рет (кезекті он екі күнтізбелік ай ішінде екі және одан да көп) бұзса;
адамдардың аффилирленуіне байланысты оның тағайындалуына кедергі келтіретін жағдайлардың болуы себепті әкімшінің бас тартуын қоспағанда, әкімші ретінде қызметті жүзеге асырудан бірнеше рет (кезекті он екі күнтізбелік ай ішінде екі және одан да көп) бас тартса, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер болып табылады.
Мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын табыс етпеген жағдайда, Мемлекеттік корпорациясының қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрліктің басшысының не оны алмастыратын адамның атына;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорацияның басшысына жолданады.
1) жеке тұлғаның - оның аты, тегі, әкесінің аты, почталық мекен-жайы, байланыс деректері;
2) заңды тұлғаның – оның атауы, почталық мекен-жайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінуге қол қоюы қажет.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. организм функциясы тұрақты бұзылған, өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің: www. kgd.gov.kz, Министрліктің: www.minfin.gov.kz, Мемлекеттік корпорацияның: www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты портал, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 8-800-080-7777, 1414.
«Әкімшінің қызметін жүзеге
асыру құқығы бар адамдарды
тіркеу және оларды тіркеуден
шығару» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Мемлекеттік кірістер комитеті
___________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________
___________________________________
___________________________________
___________________________________
Уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттық
басқарушылардың қызметін жүзеге асыруға
құқығы бар адамдарды тіркеуге
өтініш
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы
Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 6-тармағына сәйкес әкімші
қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркеу жүргізуді сұраймын.
Жеке тұлға туралы мәліметтер:
1. Туған жылы, күні, айы _____________________________________.
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ________________
_____________________________________________________________________
берілген күні, құжатты берген органның атауы)
3. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ___________________________.
4. Біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы мәліметтер___________
(күні және Комиссия шешімі)
____________________________________________________________________.
5. Жұмыс орны ________________________________________________.
6. Тұрғылықты жері ____________________________________________
(облыс, аудан, қала (ауыл, село), көше
_____________________________________________________________________
(шағын аудан), үй нөмірі, пәтер нөмірі)
7. Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқ екені туралы
мәліметтер _________________________________________________________.
8. Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте
тұрғаны туралы мәліметтердің жоқтығы ________________________________
____________________________________________________________________.
9. Соттың әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп
тануы туралы мәліметтердің жоқтығы __________________________________
_____________________________________________________________________
10. Электрон поштасының мекенжайы (е-mail) ___________________.
11. Қоса берілген құжаттар:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы Комиссия шешімінің
3) тұрғылықты жері бойынша оларды ұсынғанға дейін кемінде бір
ай бұрын берілген өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығы
4) тұрғылықты жері бойынша оларды ұсынғанға дейін кемінде бір
ай бұрын наркологиялық және психиатриялық диспансерлер берген
5) тұрғылықты жері бойынша оларды ұсынғанға дейін кемінде бір
ай бұрын берілген өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығы
құжаттардың көшірмелері салытырып тексеру үшін
түпнұсқаларымен не құжаттардың нотариалды куәландырылған
көшірмелерімен бір мезгілде табыс етіледі.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
________________ ___________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20 __ жыл «____» _____________
«Әкімшінің қызметін жүзеге асыру
құқығы бар адамдарды тіркеу және
оларды тіркеуден шығару»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
Мемлекеттік кірістер комитеті
___________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________
___________________________________
___________________________________
___________________________________
Уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттық
басқарушылардың қызметін жүзеге асыру мақсатында
тіркелген адамның деректеріне өзгерістер енгізу туралы
өтініш
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы
Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 6-тармағына сәйкес уақытша
әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттық басқарушылардың қызметін
жүзеге асыру мақсатында______________________________________________
(тіркеу күні және нөмірі)
__________________________________________________________ тіркелген
(тіркеу күні және нөмірі)
деректеріне өзгерістер енгізуді сұраймын, атап
айтқанда:____________________________________________________________
(тіркеу туралы өтініште өзгертуге жататын
_____________________________________________________________________
________________ ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20 __ жыл «____» _____________(күні)
Әкімшінің қызметін жүзеге асыру
құқығы бар адамдарды тіркеу
және оларды тіркеуден шығару»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша
Мемлекеттік кірістер комитеті
___________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________
___________________________________
___________________________________
___________________________________
Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты
басқарушылардың қызметін жүзеге асыру мақсатында
тіркелген тұлғаны тіркеуден шығару туралы өтініш
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының
2015 жылғы 7 наурыздағы Заңының 12-бабы 8-тармағының 5) тармақшасына
сәйкес ______________________________________________________уақытша
(тіркелген күні және нөмірі)
әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар ретіндегі
қызметті жүзеге асыру мақсатында тіркелген___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
___________________________________________________________байланысты
тіркеуден алуды сұраймын.
1. Әкімшінінің қызметін жүзеге асырудан шеттету және жаңа
кандидатураны таңдау туралы кредиторлар жиналысы хаттамасының
____________ __________________
20__ жылғы «____» __________.
«Әкімшінің (уақытша әкімшінің,
оңалтуды, уақытша және
банкроттықты басқарушының)
қызметін жүзеге асыру құқығы бар
адамдарды тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
болған кезде әкесінің аты (бұдан әрі – аты-жөні)
________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға
арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының филиалының №__ бөлімі
_____________________________________________________________________
Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген
тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын табыс етпеуіңізге
байланысты «Әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғаларды тіркеу
және оларды тіркеуден алу» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды
қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
7) ________________________________________;
8) ________________________________________;
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Аты-жөні (Мемлекеттік корпорациясының қызметкері) (қолы)
Орындаушы: аты-жөні_____________
Алдым: көрсетілетін қызметті алушының аты-жөні / қолы