1. «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына 10-қосымша
10-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 27 шілдеден бастап ҚР Қаржы министрінің м.а. 10.07.2020 жылғы № 665 Бұйрығына сәйкес
«Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінгенде:
1-тармақша өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығымен (06.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
лицензия беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауабы – 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
лицензияның телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толық еместігін анықтаған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді түрде бас тартады.
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің барынша рұқсат берілетін уақыты – көрсетілетін қызметті берушіге 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің барынша рұқсат берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі лицензия, қайта ресімделген лицензия, лицензияның телнұсқасы, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10–тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы уәжделенген жауабы болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға қағаз тасымалдағышта жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті алдамының мөрімен және қолымен куәландырылады.
6-тармақтың төртінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (06.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері (бұдан әрі – лицензиялық алым) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымды төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшері негізге алына отырып белгіленеді және мынаны құрайды:
1) лицензияны беру кезінде – 500 АЕК;
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде – лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды;
3) лицензияның телнұсқасын беру кезінде – лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Портал арқылы сұрау берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезекпен көрсетіледі, алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі, мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Қабылдау электрондық кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүргізіледі, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
3) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы, не нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 06.03.2017 жылғы № 150 Бұйрығына сәйкес (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) лицензияны алу үшін:
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
темекі өнімдерін өндіруші әзірлеген және толтырған өндіріс паспорты;
аталған шарттарды бір жылдан аз мерзімге жасаған жағдайда жалға беру немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері;
3) лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алуға, порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:
еркін нысандағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшінжеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы белгісі бар талонды алады;
Мемлекеттік корпорацияға:
1) лицензияны алу үшін:
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
темекі өнімдерін өндіруші әзірлеген және толтырған өндіріс паспорты;
аталған шарттарды бір жылдан аз мерзімге жасаған жағдайда жалға беру немесе өтеусіз пайдалану шарты; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттар;
3) лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алуға, порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:
еркін нысандағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшінжеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорациясы құжаттардың электрондық көшірмесін түпнұсқамен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
Мемлекеттік корпорациясында дайын құжаттарды беру тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты (не болмаса нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушы жүгінбеуі себебінен уақытылы берілмеген құжаттардың бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды;
порталға:
1) лицензияны алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
темекі өнімдерін өндіруші әзірлеген және толтырған өндіріс паспортының электрондық көшірмесі;
аталған шарттарды бір жылдан аз мерзімге жасаған жағдайда жалға беру немесе өтеусіз пайдалану шартының электрондық көшірмесі;
электрондық құжат нысанындағы темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері;
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, құқық белгілейтін құжаттар туралы мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі.
10. Егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілетін қызметті алушылардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;
5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған жағдайлар мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер болып табылады.
Мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын табыс етпеген жағдайда, Мемлекеттік корпорациясының қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
10-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағымдар жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не электрондық құжат, бейнеконференцбайланыс, бейнеөтініш нысанында осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
11-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығымен (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (06.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Мемлекеттік корпорацияның басшысына жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:
1) жеке тұлға үшін – оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы және байланыс телефоны;
2) заңды тұлға үшін – оның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі (бар болған жағдайда) және кіріс құжатының күні көрсетiледi.
Өтiнiш көрсетілетін қызметті алушының өкiлi арқылы енгiзiлуi мүмкiн. Өкiлдiктi ресiмдеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкiлi қол қояды.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Қолма-қол сондай-ақ, пошта арқылы Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен шағымды қабылдаудың расталуы оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасы өтінішті жеке, ұжымдық түрде, сонымен қатар бейнеөтініш немесе бейнеконференцбайланыс нысанындада қарайды.
Бейнеөтінішті қабылдау келу арқылы көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның филиалдарында жүргізіледі.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері:
көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіруді жүргізеді;
«Бейне өтініш берген азаматтарды тіркеу» журналына өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін енгізеді;
бейнеөтініш берудің негізгі қағидаларын түсіндіреді;
өтініш берушіні бейнеөтініш беру бөлмесіне шығарып салады.
Көрсетілетін қызметті берушімен бейнеөтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша шешiмдер қабылданады. Шешімдер өтініш берушінің пошталық мекенжайына жолданады. Көрсетілетін қызметті беруші жауапты көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған электрондық мекен-жайына «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардың электрондық бірыңғай пошталық жүйесі» ақпараттық жүйесі арқылы жібереді.
Бейнеөтініш немесе бейнеконференцбайланыс арқылы өтінішті беру және қарау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 50 бұйрығымен бекітілген жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну қағидаларына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 13206 болып тіркелді) сәйкес жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорациясының атына, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25 бабымен қарастырылған тәртіпке сәйкес қаралуға жатады.
Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
13. организм функциясы тұрақты бұзылған, өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүргізеді.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің: www.kgd.gov.kz, Министрліктің: www.minfin.gov.kz, Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) 14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (06.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (06.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (06.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 8-800-080-7777, 1414.
17. Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8-800-080-7777.
4-тарау 17-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (06.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші ______________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес- сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) ________________________________________________________________________ (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн) ________________________________________________________________________ __________________________________ жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта ______ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын. Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________________ (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) Электрондық пошта ______________________________________________________ Телефондары ___________________________________________________________ Факс ___________________________________________________________________ Банк шоты ______________________________________________________________ (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы _____________________________________________________________ (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр. Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді; өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда). Басшы ________ ________________________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________
«Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (06.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) ________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі) ________________________________________________________________________ (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтiң кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн) жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта ____________ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын. Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы ________________________________________________________________________ (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі) Электрондық пошта ______________________________________________________ Телефондары ____________________________________________________________ Факс ___________________________________________________________________ Банк шоты ______________________________________________________________ (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы _____________________________________________________________ (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді; өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда). Жеке тұлға __________ ___________________________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) Толтыру күні: 20___ жылғы «__» ___________
«Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 06.03.2017 жылғы № 150 Бұйрығына сәйкес (27.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары
1. Темекі өнімдерін өндірушінің өндірістік паспортында көрсетілген өндірістің технологиялық схемасына сәйкес келетін темекі өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын технологиялық жабдық:
мыналар:
1) жабдықтың атауы _________________________________________;
2) түрі ____________________________________________________;
3) маркасы _________________________________________________;
4) жабдықтың өнімділігі ____________________________________;
5) саны ____________________________________________________;
6) жабдықты сатып алуды растайтын құжаттың нөмірі мен күні __;
7) соңғы және кейінгі тексеру (калибрлеу) күні ___________ көрсетілсін.
2. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін өлшем құралдары:
мыналар:
1) өлшем құралының атауы ___________________________________;
2) түрі ____________________________________________________;
3) маркасы _________________________________________________;
4) саны ____________________________________________________;
5) соңғы және кейінгі тексеру (калибрлеу) күні ____________ көрсетілсін.
3. Темекі өнімдерінің өндірісін технологиялық бақылау бойынша зертханалар:
Болған кезде мыналар:
1) аккредиттеу аттестатын (куәлігін) берген орган __________;
2) аттестаттың (куәліктің) қолданыс мерзімі ________________;
3) аккредиттеу (аттестаттау) саласы ________________________;
4) аккредиттеу аттестатының (куәлігінің) нөмірі және күні ____________;
5) берген орны ____________________________________________ көрсетілсін.
4. Барлық тауар белгілерінің дәл және толық атауларын көрсете отырып, өндірілетін өнім тізбесі:
мыналар:
1) барлық тауар белгілерінің дәл және толық атауларын көрсете отырып, өндірілетін өнімнің дәл және толық атауы _________________;
2) тауар белгісін тіркеу нөмірі және күні __________________ көрсетілсін.
5. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін нормативтік техникалық құжаттар:
техникалық құжаттаманың болуы көрсетілсін:
1) стандарттың нөмірі және күні ____________________________;
2) техникалық регламенттің нөмірі және күні ________________;
3) технологиялық нұсқаулық нөмірі және күні (болған кезде) ________________________________________________________________;
4) басқа құжаттама (болған кезде) __________________________.
«Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша
4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (06.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) ________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес- сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) __________________________________________________________ жүзеге асыруға (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы) 20___ жылғы «___» ________ № ____________, ______________________ берілген, (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын) қағаз тасығышта ____________ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет): 1) заңды тұлға-лицензиат «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет): бірігу ____ қайта құру ____ қосылу ____ бөліп шығару ____ бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы 2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____ 3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____ 4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____ 5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ____ 6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ____ 7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____ 8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын. Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________________ (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) Электрондық пошта ______________________________________________ Телефондары ____________________________________________________ Факс ___________________________________________________________ Банк шоты ______________________________________________________ (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы ___________________________________________________________ (шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр. Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді; өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда). Басшы _________ ________________________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________
«Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымша
5-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (06.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) ________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі) ________________________________________________________________________ (қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы) __________________________________________________________ жүзеге асыруға 20___ жылғы «___» ___________ № ____________, ___________________ берілген, (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын) қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет): 1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі ______ 2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______ 3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгеруі ______ 4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ________ 5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _______ 6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _______ 7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ________ 8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын. Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы ______________________________ (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі) Электрондық пошта _____________________________________________ Телефондары __________________________________________________ Факс __________________________________________________________ Банк шоты _____________________________________________________ (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы _________________________________________________________ (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр. Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді; өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда). Жеке тұлға ____________ _______________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________
«Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымша
6-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) 6-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (06.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, болған кезде әкесінің аты (бұдан әрі – аты-жөні), не ұйымының атауы) ________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын табыс етпеуіңізге байланысты «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда: Жоқ құжаттардың атауы: 1)________________________________________; 2)________________________________________; 3)…. Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды. Аты-жөні (Мемлекеттік корпорациясының қызметкері) (қолы) Орындаушы: аты-жөні_____________ Телефон __________ Алдым: көрсетілетін қызметті алушының аты-жөні / қолы 20__ жыл «___» _________
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |