1. «Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына 11-қосымша
11-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 27 шілдеден бастап ҚР Қаржы министрінің м.а. 10.07.2020 жылғы № 665 Бұйрығына сәйкес
«Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінгенде:
1-тармақша өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығымен (06.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
лицензия беру, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауабы – 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
лицензияның телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толық еместігін анықтаған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді түрде бас тартады.
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің барынша рұқсат берілетін уақыты – көрсетілетін қызметті берушіге 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің барынша рұқсат берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі лицензия, қайта ресімделген лицензия, лицензияның телнұсқасы, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10–тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы уәжделенген жауабы болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға қағаз тасымалдағышта жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі басып шығарылады, және көрсетілетін қызметті алушыға қағаз тасымалдағышта беріледі.
6-тармақтың төртінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 06.03.2017 жылғы № 150 Бұйрығына сәйкес (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (06.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері (бұдан әрі – лицензиялық алым) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және алымды төлеу күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi – АЕК) мөлшерi негiзге алына отырып белгiленедi және мынаны құрайды:
1) лицензияны беру кезінде – 3000 АЕК;
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде – лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды;
3) лицензияның телнұсқасын беру кезінде – лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма–қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Портал арқылы сұрау берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезекпен көрсетіледі, алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі, мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Қабылдау электрондық кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүргізіледі, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
3) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы, не нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 06.03.2017 жылғы № 150 Бұйрығына сәйкес (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) лицензияны алу үшін:
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
этил спиртін өндіруші әзірлеген және толтырған өндіріс паспорты;
этил спиртінің қажетті көлемін өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтың пайдалану – техникалықсипаттамасын қамтитын жабдықтың паспорттарының көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш беруші жүргізетін өндірістік қуат есебінің көшірмесі;
ұйымның теңгеріміне технологиялық жабдықты қабылдау туралы бухгалтерлік (есептік) құжаттардың көшірмелері;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес этил спиртін өндіру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |