Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 284 бұйрығына
12-қосымша
«Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 27.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінгенде:
лицензия беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауабы – 12 (он екі) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
лицензияның телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толық еместігін анықтаған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді түрде бас тартады.
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің барынша рұқсат берілетін уақыты – көрсетілетін қызметті берушіге 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің барынша рұқсат берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі лицензия, қайта ресімделген лицензия, лицензияның телнұсқасы, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10–тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы уәжделенген жауабы болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға қағаз тасымалдағышта жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті алдамының мөрімен және қолымен куәландырылады.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері (бұдан әрі - лицензиялық алым) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымды төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшері негізге алына отырып белгіленеді және мынаны құрайды:
1) лицензияны беру кезінде:
сырадан және сыра сусынынан басқа, алкоголь өнімін өндіруге - 3000 АЕК;
сыра және сыра сусынын өндіруге - 2000 АЕК;
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде - лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10%-ын құрайды;
3) лицензияның телнұсқасын беру кезінде - лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 100%-ын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма–қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Портал арқылы сұрау берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезекпен көрсетіледі, алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі, мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау электрондық кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүргізіледі, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
3) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаға сәйкес өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
алкоголь өнімін өндіруші әзірлеген және бекіткен өндіру паспорты;
арақ пен айрықша арақтың және ликер-арақтың қажетті көлемін өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтың пайдалану – техникалықсипаттамасын қамтитын жабдықтың паспорттарының көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш беруші жүргізетін өндірістік қуат есебі;