1. «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).










Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 30 бұйрығына 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.05.2018 жылғы № 44/қе Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 08.10.2018 жылғы № 80/қе Бұйрығына сәйкес (30.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 02.05.2019 жылғы № 28/қе Бұйрығына сәйкес (08.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 6 маусымнан бастап ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 06.05.2020 жылғы № 34/қе Бұйрығына сәйкес
«Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген сәттен бастап:
лицензияны беру – 15 жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу – 3 жұмыс күні.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге лицензия беру, оны қайта ресімдеу не осы стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар ) көрсетіледі.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін жекеленген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым алынады, ол:
лицензия беру үшін – 9 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);
лицензияны қайта ресімдеу үшін – 0,9 АЕК-ті.
Төлем қолма-қол және қолма-қол емес нысандарда екінші деңгейлі банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Төлем «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін.
2) портал – тәулік бойы, техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) лицензия алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартындағы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны алуға арналған заңды тұлғаның немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартындағы 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны алуға арналған жеке тұлғаның өтініші;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
қызмет алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшаға сәйкес ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеу жөніндегі қызметпен айналысу үшін біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы электрондық мәліметтер нысаны (бұдан әрі – мәліметтер нысаны).
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартындағы 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны алуға арналған заңды тұлғаның немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартындағы 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны алуға арналған жеке тұлғаның өтініші;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлға ретінде, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені), лицензия, лицензиялық алым (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы дербес алады.
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10473 тіркелген) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның iшiнде өзге де беру) жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін бiлiктiлiк талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда почта байланысы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес қабылданады.
Шағымның көшірмесіндегі қабылданған күні, уақыты, шағымды қабылдаған адамның қолы, тегі және аты-жөні көрсетілген белгі шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Сенім телефоны: 8 (7172) 76-49-16.
Шағымды көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжат нысанында портал арқылы беруге болады. Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефондары бойынша алуға болады.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту жөнінде жауап) өтініш туралы ақпаратқа көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» қол жеткізе алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымды қарау нәтижелері туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделуі тиіс.
14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЭЦҚ болуы қажет.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы ҰҚК-нің ресми интернет-ресурсында: www.knb.kz орналастырылған.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-49-49, 76-49-48, 76-49-47, 76-49-44, 76-49-43.
«Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан
Лицензияны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) ________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) ________________________________________________________________________________ (қызмет түрінің толық атауы көрсетiлсiн) ________________________________________________________________________________ жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруiңiздi сұраймын (керегін көрсету) Заңды тұлғаның мекенжайы ________________________________________________________ (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) Электрондық пошта __________________________________________________ Телефондары _______________________________________________________ Факс _______________________________________________________________ Банк шоты __________________________________________________________ (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы ________________________________________________________________________________ (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ құжат(-тар) қоса беріліп отыр.
Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
Басшы ______________ __________________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________
«Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Нысан
Лицензияны алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) ________________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі) ________________________________________________________________________________ (қызмет түрінің толық атауы көрсетiлсiн) жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруiңiздi сұраймын (керегін көрсету) Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы ________________________________________________________________________________ (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________ Телефондары ________________________________________________________ Факс ________________________________________________________________ Банк шоты __________________________________________________________ (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы ______________________________________________________________________ (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ құжат(-тар) қоса беріліп отыр.
Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
__________ __________________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) Толтыру күні: 20___ жылғы «__» ___________
«Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де жолдармен беруге) лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша
Қызмет алушының ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеу жөніндегі қызметпен айналысу үшін біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны
1. Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мәртебесі туралы ақпарат ________________________________________________________________________________ (мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың/куәліктің нөмірін және берілген _______________________________________________________________________________; күнін көрсету) 2. Техникалық немесе физика-математика мамандығы бойынша жоғары білімі бар мәлімделген маман(дар) туралы ақпарат ____________________________________________ _______________________________________________________________________________ (диплом(дар)ының көшірмесін(-лерін) қоса беріп, мамандығын және біліктілігін, сондай-ақ _______________________________________________________________________________; диплом(дар)ының нөмірін, берілген күнін және орнын, оқу орнының атауын көрсету) 3. Арнайы бөлінген үй-жайдың болуы туралы ақпарат ________________________________________________________________________________ (құжатт(ард)ың көшірмесін(-лерін) қоса беріп, меншік құқығын немесе өзге заңды негізді ________________________________________________________________________________ растайтын құжаттың, сондай-ақ мамандандырылған ұйым(дар)мен автоматтандырылған ________________________________________________________________________________ күзет және өрттен қорғау сигнализация жүйелеріне қызмет көрсету туралы шартт(ард)ың _______________________________________________________________________________; деректемелерін: тіркеу нөмірлерін және күндерін, сондай-ақ тиісті ұйымдардың атауларын көрсету) Ескертпе: көрсетілетін қызметті алушының лицензияны «ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеу» жөніндегі қызметтің кіші түріне алу үшін өтінішін қарау кезінде көрсетілетін қызметті беруші мәлімделген адамдардың білім деңгейін біліктілік сынағын өткізу арқылы бағалайды.
Біліктілік сынағына арналған сұрақтар тізбесін көрсетілетін қызметті беруші белгілейді. Біліктілік сынағы қызметті жүзеге асыратын жері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің бөлімшесінде тапсырылады.
«Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша
Нысан
Лицензияны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші
_______________________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) _______________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) _________________________________________________________________ жүзеге асыруға (қызмет түрінің толық атауы) 20___ жылғы « » _____________ № ____________, ______________ берілген, ________________________________________________________________________________ (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керегін көрсету) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет): 1) заңды тұлға-лицензиат «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):
бірігу ____ қайта құру ____ қосылу ____ бөліп шығару ____ бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы 2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____ 3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____ 4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____ 5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ____ 6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ____ 7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____ 8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы ________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________ Телефондары ________________________________________________________ Факс ________________________________________________________________ Банк шоты __________________________________________________________ (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы ______________________________________________________________________ (шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ құжат(-тар) қоса беріліп отыр. Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
Басшы ______________ __________________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________
«Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де жолдармен беруге) лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымша
Нысан
Лицензияны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші
________________________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) ________________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі) ________________________________________________________________________________ (қызмет түрінің толық атауы) _________________________________________________________________ жүзеге асыруға 20___ жылғы « » ___________ № _____________, _______________ берілген, ________________________________________________________________________________ (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керегін көрсету) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет): 1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі _______ 2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______ 3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгеруі _______ 4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ________ 5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _______ 6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _______ 7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ________ 8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын. Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы ______________________________________ _______________________________________________________________________________ (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта __________________________________________________ Телефондары ________________________________________________________ Факс ________________________________________________________________ Банк шоты __________________________________________________________ (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы _____________________________________________________________________ (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар нөмірі) ______ құжат(-тар) қоса беріліп отыр.
Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
____________ ________________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) Толтыру күні: 20___ жылғы «__» ___________

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |