Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 30 бұйрығына
4-қосымша
Toggle Dropdown
1
«Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беретін құжат) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
Редакция 07.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген сәттен бастап – 8 жұмыс күні.
Toggle Dropdown
Арнайы техникалық құралдардың үлгілерін ұсыну мерзімі хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» түскен сәттен бастап күнтізбелік 5 күнді құрайды. Осы мерзім мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартындағы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру не осы стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс кестесі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін.
Toggle Dropdown
2) портал – тәулік бойы, техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
1
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
Toggle Dropdown
сыртқы сауда шарты (келісімшарт), оған қосымша және (немесе) толықтыру және (немесе) тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі;
Toggle Dropdown
арнайы техникалық құралдарға техникалық құжаттаманың электрондық көшірмесі.
Toggle Dropdown
Арнайы техникалық құралдардың үлгілерін ұсыну қажет болған жағдайда (көрсетілетін қызметті берушінің талабы бойынша), көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» тиісті хабарлама жібереді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлға ретінде, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені), жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметпен айналысу үшін лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы дербес алады.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің «Тарифтік емес реттеу шаралары туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
Toggle Dropdown
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
Toggle Dropdown
5) арнайы техникалық құралдарды әкелу немесе әкету ұлттық қауіпсіздігіне зиян келтіруі мүмкін екенін растайтын негіздер бар жағдайда;
Toggle Dropdown
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Toggle Dropdown
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Toggle Dropdown
Шағымдар жазбаша нысанда почта байланысы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес қабылданады.
Toggle Dropdown
Шағымның көшірмесіндегі қабылданған күні, уақыты, шағымды қабылдаған адамның қолы, тегі және аты-жөні көрсетілген белгі шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің сенім телефоны: 8 (7172) 76-49-16.
Toggle Dropdown
Шағымды көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжат нысанында портал арқылы беруге болады. Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Toggle Dropdown
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту жөнінде жауап) өтініш туралы ақпаратқа көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» қол жеткізе алады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Toggle Dropdown
Шағымды қарау нәтижелері туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Toggle Dropdown
12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
Toggle Dropdown
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
Toggle Dropdown
13. Көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделуі тиіс.
Toggle Dropdown
14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЭЦҚ болуы қажет.
Toggle Dropdown
15. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы ҰҚК-нің ресми интернет-ресурсында: www.knb.kz орналастырылған.
Toggle Dropdown
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-49-49, 76-49-48, 76-49-47, 76-49-44, 76-49-43
Toggle Dropdown
«Үшінші елдермен сауда-саттықта
тарифтік емес реттеу шаралары
қолданылатын ақпаратты жасырын
алуға арналған арнайы техникалық
құралдарды әкелуге, әкетуге және
олардың транзитіне қорытынды
(рұқсат беру құжатын) беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне (рұқсат беру құжаты) ҚОРЫТЫНДЫ
Toggle Dropdown
________________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы) ________________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) 20__ жылғы «___» _________ № KZ ______________ өтініштің негізінде берілді Тасымалдау түрі ________________________________________________________________ (тауарды тасымалдау түрін көрсету қажет: әкелу, әкету, уақытша әкелу, уақытша әкету, транзит)
Toggle Dropdown
________________________ ________________________ (Бірыңғай тізбенің тарауы) (ЕАЭО СЭӘ ТН)
Toggle Dropdown
|
Тауардың атауы
|
Моделі
|
Саны
|
Өлшем бірлігі
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Алушы/жөнелтуші _______________________________________________________________ (әріптес ұйымның толық ресми атауын және толық мекенжайын көрсету. Бұл ретте алушы ________________________________________________________________________________ ретінде көрсетілетін қызметті алушыдан тауарға құқық алатын тұлға, ал жөнелтуші ретінде – ________________________________________________________________________________ көрсетілетін қызметті алушыға осы құқықты беретін тұлға көрсетіледі) Межелі/жөнелту елі _____________________________________________________________ (межелі және жөнелту түпкі орны болып табылатын елдің атауын көрсету) Әкелу/әкету мақсаты ____________________________________________________________ (тауарды әкелу, әкету, уақытша әкелу, уақытша әкету мақсатын көрсету) Уақытша әкелу/әкету мерзімі_____________________________________________________ (уақытша әкелінетін/әкетілетін жағдайда, тауарларды уақытша әкелу немесе уақытша әкету жөніндегі міндеттеме қолданысының аяқталу күнін көрсету) Негіздеме ______________________________________________________________________ (мемлекеттік қызмет көрсету үшін негіздеме болатын құжаттарды және олардың деректемелерін - сыртқы сауда шартын (келісімшартын), оған қосымшаны және (немесе) толықтыруды және (немесе) тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжатты көрсету) Қосымша ақпарат _______________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ Транзит елі ____________________________________________________________________ (Аумағы бойынша транзит) Қорытынды ______________________ дейін жарамды Уәкілетті тұлға __________________________________________ ___________ (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) (қолы) Берілген күні 20__ жылғы «___»_________
Toggle Dropdown
«Үшінші елдермен сауда-саттықта
тарифтік емес реттеу шаралары
қолданылатын ақпаратты жасырын
алуға арналған арнайы техникалық
құралдарды әкелуге, әкетуге және
олардың транзитіне қорытынды
(рұқсат беру құжатын) беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Toggle Dropdown
________________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы) ________________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Өтініш
Toggle Dropdown
Мынадай арнайы техникалық құралдарды___________________________________________ (тауарды алып жүру түрін көрсету: әкелу, ______________________________________________________________________________ әкету, уақытша әкелу, уақытша әкету, тасымалдау) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беруді сұраймын:
Toggle Dropdown
|
Р/с
№
|
Бұйымның құрамы көрсетілген оның атауы
|
Моделі
|
Зауыттық нөмірі
|
Сериялық нөмірі
|
Саны
|
Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды Бірыңғай тізбенің 2.17-бөлімінен
|
|
1.
|
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірін және (немесе) бизнес сәйкестендіру нөмірін көрсету ____________________________________________________ Көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайы __________________________________ _______________________________________________________________________________ (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) Көрсетілетін қызметті алушының нақты мекенжайы _________________________________ ______________________________________________________________________________ (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) Көрсетілетін қызметті алушының телефондары, факсы, электрондық поштасы ______________________________________________________________________________ Алушы/жөнелтуші ______________________________________________________________ (әріптес ұйымның толық ресми атауын және толық мекенжайын көрсету. Бұл ретте алушы ретінде көрсетілетін қызметті алушыдан тауарға құқық алатын тұлға, ал жөнелтуші ретінде - көрсетілетін қызметті алушыға осы құқықты беретін тұлға көрсетіледі) Межелі/жөнелту елі _____________________________________________________________ (межелі және жөнелту түпкі орны болып табылатын елдің атауын көрсету) Транзит елі ____________________________________________________________________ (транзитпен өткізген жағдайда, аумағында транзит жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттің атауын көрсету) Әкелу/әкету мақсаты ____________________________________________________________ (тауарды әкелу, әкету, уақытша әкелу, уақытша әкету мақсатын көрсету) Уақытша әкелу/әкету мерзімі_____________________________________________________ (уақытша әкелінетін/әкетілетін жағдайда, тауарларды уақытша әкелу немесе уақытша әкету жөніндегі міндеттеме қолданысының аяқталу күнін көрсету) Негіздеме ______________________________________________________________________ (мемлекеттік қызмет көрсету үшін негіздеме болатын құжаттарды және олардың деректемелерін - сыртқы сауда шартын (келісімшартын), оған қосымшаны және (немесе) толықтыруды және (немесе) тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжатты көрсету) Қосымша ақпарат ________________________________________________________________ (өтініштің басқа жолдарындағы ақпаратты айқындайтын қосымша ________________________________________________________________________________ мәліметтерді, қажет болған жағдайда, осыдан бұрын берілген арнайы техникалық ________________________________________________________________________________ құралдарды әкелуге және әкетуге қорытындының (рұқсат беретін құжаттың) деректемелерін, ________________________________________________________________________________ сондай-ақ тауардың құны және қосымша берілетін құжаттар, оның ішінде тауардың ________________________________________________________________________________ фотографиялық суреті туралы ақпаратты көрсету) ________________ құжат(-тар) қоса берiлiп отыр. Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
Toggle Dropdown
Уәкілетті тұлға __________________ _________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) Толтырылған күні 20__ жылғы «___»_________ Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушымен байланыстыратын тұлға: ________________________________________________________________________________ (мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының орындаушысы – тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, телефоны, электрондық поштасы)