Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 30 бұйрығына
6-қосымша
Toggle Dropdown
1
«Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
Редакция 07.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген сәттен бастап – 5 жұмыс күні.
Toggle Dropdown
Тауардың үлгісін ұсыну қажет болған жағдайда – тауардың үлгісі ұсынылған күннен бастап , күнтізбелік 30 күн. Тауардың үлгісін ұсыну мерзімі хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» түскен сәттен бастап – 5 жұмыс күні.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартындағы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу бойынша қорытындыны беру не осы стандарттың 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс кестесі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін.
Toggle Dropdown
2) портал – тәулік бойы, техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
1
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
Toggle Dropdown
зерттелетін тауарға техникалық құжаттаманың электрондық көшірмесі;
Toggle Dropdown
тауарды жеткізуге келісімдердің (келісімшарттардың) (бар болса) электрондық көшірмелері;
Toggle Dropdown
тауардың үлгісін ұсыну қажет болған жағдайда (қорытынды шығару кезінде қиыншылық туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің талабы бойынша), көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» тиісті хабарлама жібереді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлға ретінде, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы дербес алады.»;
Toggle Dropdown
9-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің «Тарифтік емес реттеу шаралары туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
Toggle Dropdown
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
Toggle Dropdown
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Toggle Dropdown
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Toggle Dropdown
Шағымдар жазбаша нысанда почта байланысы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес қабылданады.
Toggle Dropdown
Шағымның көшірмесіндегі қабылданған күні, уақыты, шағымды қабылдаған адамның қолы, тегі және аты-жөні көрсетілген белгі шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің сенім телефоны: 8 (7172) 76-49-16.
Toggle Dropdown
Шағымды көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжат нысанында портал арқылы беруге болады. Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Toggle Dropdown
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту жөнінде жауап) өтініш туралы ақпаратқа көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» қол жеткізе алады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Toggle Dropdown
Шағымды қарау нәтижелері туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Toggle Dropdown
11. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
Toggle Dropdown
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
Toggle Dropdown
12. Көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделуі тиіс.
Toggle Dropdown
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЭЦҚ болуы қажет.
Toggle Dropdown
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы ҰҚК-нің ресми интернет-ресурсында: www.knb.kz орналастырылған.
Toggle Dropdown
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-49-49, 76-49-48, 76-49-47, 76-49-44, 76-49-43.
Toggle Dropdown
«Тауарларды ақпаратты криптографиялық
қорғау құралдарына және
жедел-іздестіру
іс-шараларын жүргізуге арналған
арнайы техникалық құралдарға
жатқызу тұрғысынан техникалық
зерттеу жүргізу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу бойынша ҚОРЫТЫНДЫ
Toggle Dropdown
________________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) 20__ жылғы «___» _________ № KZ ______________ өтініштің негізінде, тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу мақсатында келесі қорытынды берілді:
Toggle Dropdown
|
Р/с№
|
Тауардың атауы
|
Моделі
|
Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды
|
Техникалық зерттеудің нәтижесі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Қорытындының жарамдылық мерзімі: берілген кіннен бастап 3 (үш) жыл Уәкілетті тұлға __________________________________________ ___________ (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) (қолы) Берілген күні 20__ жылғы «___»_________
Toggle Dropdown
«Тауарларды ақпаратты криптографиялық
қорғау құралдарына және
жедел-іздестіру
іс-шараларын жүргізуге арналған
арнайы техникалық құралдарға
жатқызу тұрғысынан техникалық
зерттеу жүргізу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Toggle Dropdown
________________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы) ________________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу өткізуге ӨТІНІШ
Toggle Dropdown
Мына тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізуді сұраймын:
Toggle Dropdown
|
Р/с№
|
Бұйымның
құрамы көрсетілген оның атауы
|
Мақсаты
|
Моделі
|
Зауыттық, сериялық
нөмірі
|
Саны
|
Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды
|
|
1.
|
|
|
|
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
|
|
|
|
3.
|
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Сыртқы сауда шарты (келісімшарты), оған косымша және (немесе) толықтыру және (немесе) тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжат______________ ________________________________________________________________________________ (тиісті құжаттың нөмірі және жасасу күнін, парақтар санын көрсету) Көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірін және (немесе) бизнес сәйкестендіру нөмірін көрсету ___________________________________ Көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайы _______________________ ________________________________________________________________________________ (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі, кеңсе нөмірі) Көрсетілетін қызметті алушының нақты мекенжайы _______________________ ________________________________________________________________________________ (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі, кеңсе нөмірі) Көрсетілетін қызметті алушының (оның ішінде көрсетілетін қызметті алушы орындаушысының) телефоны, факсы, электрондық почтасы, ресми интернет-ресурсы (бар болса) ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________ құжат(-тар) қоса берiлiп отыр.
Toggle Dropdown
Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны; қоса берілген құжаттардың барлығы жарамды болып табылатыны расталады.
Toggle Dropdown
Уәкілетті тұлға __________________ _________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) Толтырылған күні 20__ жылғы «___»_________ Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушымен байланыстыратын тұлға: ________________________________________________________________________________ (мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының орындаушысы – тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, телефоны, электрондық поштасы)