Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 30 бұйрығына
7-қосымша
Toggle Dropdown
«Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың(өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
Редакция 07.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген сәттен бастап – 5 жұмыс күні.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияны тіркеу туралы шешімі не осы стандарттың 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының бесінші абзацында көзделген құжатты ұсыну қажеттілігі туралы хабарламаны қызметті беруші қажет болған жағдайда жібереді. Нотификацияны Еуразиялық экономикалық одағына мүше емес елдің өндіруші ұйымы ресімдеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының үшінші абзацында көзделген құжатты көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жібереді. Аталған құжаттарды ұсыну мерзімі көрсетілетін қызметті алушы хабарлама алған сәттен бастап 3 жұмыс күнін құрайды.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс кестесі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін.
Toggle Dropdown
2) портал – тәулік бойы, техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартындағы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық нотификация (бұдан әрі – нотификация);
Toggle Dropdown
*.xls. пішіндегі нотификацияның электрондық құжаты. Көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылатын нотификацияның файлы құрылымының сипаттамасы «Тарифтік емес реттеу шаралары туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен бекітілген Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Еуразия экономикалық одағының кедендік аумағына әкелу және Еуразия экономикалық одағының кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы ережеде көрсетілген;
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті алушыға өндірушінің атынан әрекет етуге құқық беретін заңдастырылған құжаттың (апостиль, консулдық заңдастыру) электрондық көшірмесі. Көрсетілген құжат шет тілінде дайындалған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасының электрондық көшірмесі қоса ұсынылады.
Toggle Dropdown
Нотификацияны үшінші елдің өндіруші-ұйымы ресімдеген жағдайда, нотификация заңдастырылуы тиіс.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлға ретінде, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы дербес алады.
Toggle Dropdown
9-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
Toggle Dropdown
3) сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
Toggle Dropdown
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
Toggle Dropdown
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Toggle Dropdown
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Toggle Dropdown
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Toggle Dropdown
Шағымдар жазбаша нысанда почта байланысы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес қабылданады.
Toggle Dropdown
Шағымның көшірмесіндегі қабылданған күні, уақыты, шағымды қабылдаған адамның қолы, тегі және аты-жөні көрсетілген белгі шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Toggle Dropdown
Сенім телефоны: 8 (7172) 76-49-16.
Toggle Dropdown
Шағымды көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжат нысанында портал арқылы беруге болады. Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Toggle Dropdown
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту жөнінде жауап) өтініш туралы ақпаратқа көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» қол жеткізе алады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Toggle Dropdown
Шағымды қарау нәтижелері туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Toggle Dropdown
11. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
Toggle Dropdown
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
Toggle Dropdown
12. Көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделуі тиіс.
Toggle Dropdown
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЭЦҚ болуы қажет.
Toggle Dropdown
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы ҰҚК-нің ресми интернет-ресурсында: www.knb.kz орналастырылған.
Toggle Dropdown
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-49-49, 76-49-48, 76-49-47, 76-49-44, 76-49-43.
Toggle Dropdown
«Шифрлау (криптографиялық)
құралдарын қамтитын тауарлардың
(өнімдердің) сипаттамасы туралы
нотификацияларды тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Toggle Dropdown
________________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы) ________________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Өтініш
Toggle Dropdown
Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеуді сұраймын. Тауарлардың (өнімдердің) атауы ___________________________________________________ ________________________________________________________________________________ Көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірін және (немесе) бизнес-сәйкестендіру нөмірін көрсету _________________________________ Көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайы ___________________________________ ________________________________________________________________________________ (пошталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) Көрсетілетін қызметті алушының нақты мекенжайы ___________________________________ ________________________________________________________________________________ (пошталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) Көрсетілетін қызметті алушының телефоны, факсы, электрондық поштасы, ресми интернет-ресурсы (бар болса)_______________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ __________ құжат(-тар) қоса берiлiп отыр.
Toggle Dropdown
Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
Toggle Dropdown
Уәкілетті тұлға __________ _________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) Толтырылған күні 20__ жылғы «___»_________
Toggle Dropdown
«Шифрлау (криптографиялық)
құралдарын қамтитын тауарлардың
(өнімдердің) сипаттамасы туралы
нотификацияларды тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Toggle Dropdown
20__ж. «___» ____________№ ___________________________________ тізілімде тіркелген _____________________________________________ ______________________________________ (келісуші органның лауазымды тұлғасының қолы ) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Toggle Dropdown
Нотификация
Toggle Dropdown
______________________________________________________________ сипаттамасы туралы (шифровалды (крипографиялық) құралдар және (немесе) олардың құрамында бар тауарлардың – керегін көрсету)
Toggle Dropdown
1. Тауардың атауы _______________________________________________________________
Toggle Dropdown
2. Тауардың қолданылуы __________________________________________________________
Toggle Dropdown
3. Тауарды өндіруші туралы мәлімет ________________________________________________
Toggle Dropdown
|
4. Пайдаланылатын криптографиялық алгоритмдер (функциялар) және оның қолданылуы:
|
№ 4-қосымшадағы
санат №
|
|
а) _____________________________________________
|

|
|
б) _____________________________________________
|

|
|
в) _____________________________________________
|

|
Toggle Dropdown
5. Пайдаланылу құжаттамасында қолданушыға сипатталмаған тауардың функционалдық мүмкіншіліктерінің болуы _________________________________________________________
Toggle Dropdown
________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
6. Нотификацияның жарамдылық мерзімі 20__ж. «__» _______
Toggle Dropdown
7. Өтініш білдіруші туралы мәлімет _________________________________________________
Toggle Dropdown
________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
8. Нотификацияны рәсімдеуге уәкілетті тұлға ретінде белгілеген өндірушінің құжаттары туралы мәлімет (қажет жағдайда) ___________________________________________________
Toggle Dropdown
________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
9. Нотификацияны толтыру күні 20__ж. «__» _______
Toggle Dropdown
Нотификацияға қосылған мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын растаймын:
Toggle Dropdown
Уәкілетті тұлға __________________ _________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)