• Мое избранное
«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 31.10.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 518 бұйрығына 2-қосымша

«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.01.2018 жылғы № 28 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 жылғы № 527 Бұйрығына сәйкес
Редакция 11.10.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 12.09.2019 жылғы № 708 Бұйрығына сәйкес (19.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 27 (жиырма жеті) жұмыс күні.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.12.2018 жылғы № 891 Бұйрығына сәйкес (12.01.2018 жылғы редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық түрде (толық автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10 - тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
Порталда көрсетілетін қызметті алушыға азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификаты көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін өтініш жасаған кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
  • 1
9. Порталда көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.12.2018 жылғы № 891 Бұйрығына сәйкес (12.01.2018 жылғы редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаудың электрондық көшірмесін;
сапа жөніндегі нұсқаудың көшірмесі;
ұшу қауіпсіздігі жүйесін басқару жөніндегі нұсқаудың электрондық көшірмесі (қажет болған кезде);
авиациялық оқу орталығының штат кестесі;
авиациялық оқу орталығының оқу процесін қамтамасыз етуге қатысты басқа оқу мекемелерімен, кәсіпорындармен және бөгде ұйымдармен жасасқан шарттардың электрондық көшірмелері (бар болса);
қаржылық-экономикалық жағдайы туралы ақпарат.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызмет алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады, құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлға ретінде жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, мемлекеттік тіркелуі туралы куәлікті, төлем туралы мәліметті (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден өз бетінше алады.
Көрсетілетін қызметті беруші барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
  • 1
10. Көрсетілетін қызметті берушілер мынадай негіздер бойынша:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар, объектілер, деректер және мәліметтер Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 158 бұйрығымен бекітілген Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10554 болып тіркелген) сәйкес келмегенде;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болғанда кезде;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына немесе 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1-үй мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына шағым беріледі: қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 75-48-02.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 12.09.2019 жылғы № 708 Бұйрығына сәйкес (19.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шағым жазбаша түрде пошта арқылы көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол жұмыс күндері беріледі.
Өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні), шағымды қабылдау растамасы болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпаратқа қол жеткізуге болады, ол мемлекеттік органда өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту нәтижелері бойынша жауап).
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
12. Көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.miid.gov.kz («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 12.09.2019 жылғы № 708 Бұйрығына сәйкес (19.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-48-02, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Азаматтық авиацияның авиациялық
оқу орталығының сертификатын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына қосымша
Нысан
Авиациялық оқу орталығын сертификаттауды жүргізуге өтінім
 1. ____________________________________________________________ (АОО, ұйымның, құрылымдық бөлімшесінің атауы) _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ (ұйым басшысының лауазымы, А.Ж.Т (бар болғанда))
Кәсіби даярлаудың мынадай түрлері мен бағыттары бойыншаавиациялық оқу орталығын сертификаттауды жүргізуді сұрайды:

Р/с

Кәсіби даярлау түрлері

Бағыттар (мамандығы, мамандануы, курстың атауы)

1

Авиациялық персоналды бастапқы даярлау


 

2

Авиациялық персоналды қайта даярлау


 

3

Авиациялық персоналдың кәсіби деңгейін қолдау


 

 
 2. Ұйым туралы мәліметтер: 1) Меншік нысаны (кадастрлық нөмірі)_________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ 2) Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі/БЖН немесе анықтама _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ (нөмірі, кім және қашан берді) 3) Заңды (пошталық) мекенжайы және басқа да деректемелері _______ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ 4) Телефон/факс, эл. пошта ______________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ 3. Қоса берілетін құжаттар: _____________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ 20 ___жылғы «___» _________ Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. ___________________________​​​​​​____________ Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (қолы) /Аты-жөні/(бар болғанда) М.О.