Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 2 маусымдағы
№ 558 бұйрығына
3-қосымша
Toggle Dropdown
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына құжаттарды қабылдау және тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, өтініштер қабылдауды жоғары оқу орындары (бұдан әрі – ЖОО) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына құжаттарды қабылдау және тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11212 болып тіркелген негізінде жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жеңімпаздарға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау туралы куәлік беру.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 10-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:
Toggle Dropdown
1) Ғылыми кеңестің хатшысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдап, тіркейді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің қарауына береді;
Toggle Dropdown
2) ЖОО-ның Ғылыми кеңесі І кезең – ЖОО ішіндегі конкурстан өткен көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат беруді ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушіге 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстың ІІ кезеңіне қатысуға жеке тәртіпте қарау үшін құжаттар топтамасын жібереді;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті беруші 2 ай мерзім ішінде сараптама жүргізеді және Комиссияға қарастыруға жолдайды;
Toggle Dropdown
4) Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын тағайындау туралы шешім қабылдайды;
Toggle Dropdown
5) Комиссия шешімінің негізінде көрсетілетін қызметті беруші жеңімпаздарға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау туралы куәлік береді.
Toggle Dropdown
6. Мынадай рәсімдерді орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша іс-қимыл рәсімдерінің нәтижелері:
Toggle Dropdown
1) ЖОО-ның Ғылыми кеңесі хатшысының құжаттар топтамасын қабылдап, тіркеуі және ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің қарауына беруі;
Toggle Dropdown
2) ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің құжаттар топтамасын ресімдеуі және көрсетілетін қызметті берушіге жеке тәртіпте қарау үшін беруі;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті берушінің сараптама жүргізуі және Комиссияға қарастыруға жолдауы;
Toggle Dropdown
4) Комиссияның «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау туралы шешімі;
Toggle Dropdown
5) көрсетілетін қызметті берушінің жеңімпаздарға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау туралы куәлік беруі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
Toggle Dropdown
1) ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің хатшысы;
Toggle Dropdown
2) ЖОО-ның Ғылыми кеңесі;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті беруші;
Toggle Dropdown
4) Комиссия;
Toggle Dropdown
5) көрсетілетін қызметті беруші.
Toggle Dropdown
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (әрекеттер) бірізділігінің сипаттамасы:
Toggle Dropdown
1) ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің хатшысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдап, тіркейді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің қарауына береді;
Toggle Dropdown
2) ЖОО-ның Ғылыми кеңесі І кезең – ЖОО ішіндегі конкурстан өткен көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат беруді ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушіге 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстың ІІ кезеңіне қатысуға жеке тәртіпте қарау үшін құжаттар топтамасын жібереді;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті беруші 2 ай мерзім ішінде сараптама жүргізеді және Комиссияға қарастыруға жолдайды;
Toggle Dropdown
4) Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын тағайындау туралы шешім қабылдайды;
Toggle Dropdown
5) Комиссия шешімінің негізінде көрсетілетін қызметті беруші жеңімпаздарға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау туралы куәлік береді.
Toggle Dropdown
Әрбір рәсімнің ұзақтығын және рәсімдер (әрекеттер) бірізділігінің сипаттамасын көрсете отырып, әрбір әрекеттердің (рәсімдердің) өту блок-схемасы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшада келтірілген.
Toggle Dropdown
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолданудың тәртібі
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізбейді.
Toggle Dropdown
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
Toggle Dropdown
1
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»
мемлекеттік грантына құжаттар
қабылдау және тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
Toggle Dropdown
Әрбір рәсімнің ұзақтығын және рәсімдер (әрекеттер) бірізділігінің сипаттамасын көрсете отырып, әрбір әрекеттердің (рәсімдердің) өту блок-схемасы
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
1
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»
мемлекеттік грантына құжаттар
қабылдау және тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша
Toggle Dropdown
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау»
мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Toggle Dropdown