• Мое избранное
Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету
Внимание! Документ утратил силу с 09.07.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 558 бұйрығына 4-қосымша

«Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 24.12.2015 жылғы № 705 Бұйрығына сәйкес (02.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Редакция 24.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ жоғары оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11212 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығымен бекітілген «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) жоғары оқу орындары (бұдан әрі – ЖОО);
2) «электронды үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - білім беру грантын тағайындау туралы куәлік, сондай-ақ жоғары оқу орны ректорының стипендия тағайындау туралы бұйрығы.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 
Электронды – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау немесе электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысаны бойынша білім беру грантын тағайындау туралы хабарлама, не бас тарту туралы дәлелді жауап алу.
Қағаз – ЖОО-да немесе бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі – БАҚ) білім беру грантын алу туралы ақпарат алу.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 6-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) басталуына негіз болып табылады. 
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (әрекеттер):
Қызмет көрсетудің қағаз түріндегі нысаны: 
1) ЖОО-ның қабылдау комиссиясының (бұдан әрі – ЖОО-ның қабылдау комиссиясы) хатшысы құжаттар топтамасын қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушының деректерін ЖОО-ның деректер базасына енгізеді және тіркеу нөмірін береді – 15 минуттан аспайды;
2) ЖОО-лардың қабылдау комиссияларының деректер базасынан алынған мәліметтер Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі – ҰТО) жалпы деректер базасына жіберіледі, онда олар жинақталады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде конкурсты өткізу үшін алдын ала дайындықтан өтеді;
3) ҰТО-ның деректер базасына енгізу қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке деректерін, таңдалған мамандықтар тізбесін, жеңілдіктері мен басым құқықтарының болуын көрсете отырып, білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысқандығы туралы анықтама беріледі; 
4) ҰТО деректер базасын және Республикалық конкурстық комиссияның отырысында қарастыру үшін қажетті шығыс құжаттарын (бағыттар мен мамандықтар бөлінісіндегі жинақтық ведомостар) дайындауды 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, сондай-ақ мөртабан, кіріс нөмірі және күні көрсетілген қолхат беру құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады;
Қызмет көрсетудің электронды нысаны:
1) көрсетілетін қызметті алушы деректерін толтыра және құжаттардың қажетті электрондық көшірмелерін тіркей отырып, электронды портал арқылы өтініш береді – 30 минуттан аспайды;
Порталдағы электрондық хабарлама құжаттың қабылданғанын/қабылдаудан бас тартылғанын растау болып табылады.
2) ЖОО-ның қабылдау комиссиясының хатшысы электронды өтінішті өңдейді және тексереді – 2 жұмыс күні ішінде;
3) ЖОО-ның қабылдау комиссиясының хатшысы электронды өтінішті 1 жұмыс күні ішінде ҰТО-ға жібереді;
4) ҰТО қабылданған өтінішті өңдейді және деректер базасын және Республикалық конкурстық комиссияның отырысында қарастыру үшін қажетті шығыс құжаттарын (бағыттар мен мамандықтар бөлінісіндегі жинақтық ведомостар) дайындауды 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады;
Жалпы рәсімдер (қызмет көрсетудің қағаз, электронды нысандары):
5) Республикалық конкурстық комиссияның білім беру гранттарын тағайындау туралы хаттамалық шешімін 3 (үш) жұмыс күні ішінде шығару;
6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру гранттарын тағайындау туралы бұйрығын 2 (екі) жұмыс күні ішінде шығару және ҰТО-ға және бұқаралық ақпарат құралдарына беру; 
7) ҰТО-ның 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беру гранттарының куәліктерін дайындауы; 
8) білім беру гранттары иегерлерінің тізімін 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
Қызмет көрсетудің электронды нысаны:
Көрсетілетін қызметті алушы білім беру грантын тағайындау, не тағайындаудан бас тарту туралы электронды хабарлама алады.
9) ЖОО-лардың білім беру гранттарын тағайындау туралы куәліктерді 15 тамыздан кешіктірмей беруі, сондай-ақ ЖОО ректорының стипендия тағайындау туралы бұйрығын 25 тамыздан кешіктірмей шығаруы.
6. Мынадай рәсімдерді орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдердің нәтижелері:
Қызмет көрсету нәтижелерін ұсынудың қағаз түріндегі нысаны:
1) ЖОО-ның қабылдау комиссиясы хатшысының құжаттар топтамасын қабылдауы және көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;
2) ЖОО-лардың қабылдау комиссияларының деректер базасынан алынған мәліметтерді ҰТО-ның жалпы деректер базасына жіберу; 
3) ЖОО-ның қабылдау комиссиясының көрсетілетін қызметті алушыға білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысқандығы туралы анықтама беруі;
Қызмет көрсету нәтижелерін ұсынудың электронды нысаны:
1) электронды өтінішті білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға жіберу;
2) электронды өтінішті ҰТО-ның деректер базасына жіберу;
3) электронды өтініштерді ҰТО-ның деректер базасына қабылдау және өтініштің қабылданғаны туралы электронды хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға веб-порталға жіберу.
Жалпы рәсімдер (қызмет көрсету нәтижелерін ұсынудың қағаз, электронды нысандары):
4) ҰТО-ның деректер базасын және Республикалық конкурстық комиссияның отырысында қарастыру үшін қажетті шығыс құжаттарын беруі;
5) Республикалық конкурстық комиссияның білім беру гранттарын тағайындау туралы хаттамалық шешімін шығару;
6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру гранттарын тағайындау туралы бұйрығын шығару және ҰТО-ға және бұқаралық ақпарат құралдарына беру;
7) ҰТО-ның білім беру гранттарының куәліктерін дайындауы;
8) білім беру гранттары иегерлерінің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін ұсынудың электронды нысаны:
Веб-портал арқылы білім беру грантын тағайындау, не тағайындаудан бас тарту туралы электронды хабарлама алу.
9) ЖОО-лардың білім беру гранттарын тағайындау туралы куәліктерді беруі, сондай-ақ ЖОО ректорының стипендия тағайындау туралы бұйрығы.
3. ЖОО-мен мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай бөлімшелер қатысады:
1) ЖОО-ның қабылдау комиссиясы;
2) веб-портал
3) ҰТО;
4) Республикалық конкурстық комиссия;
5) бұқаралық ақпарат құралдары;
6) ЖОО-лар.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі құрылымдық бөлімшелер арасындағы мынадай рәсімдерден тұрады: 
Қағаз түріндегі нысан:
1) ЖОО-ның қабылдау комиссиясы құжаттар топтамасын қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушының деректерін ЖОО-ның деректер базасына енгізеді және тіркеу нөмірін береді – 15 минуттан аспайды; 
2) ЖОО-лардың қабылдау комиссияларының деректер базасынан алынған мәліметтер ҰТО-ның жалпы деректер базасына жіберіледі, онда олар жинақталады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде конкурсты өткізу үшін алдын ала дайындықтан өтеді; 
3) деректер базасына енгізу қорытындылары бойынша ЖОО-ның қабылдау комиссиясы көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке деректерін, таңдалған мамандықтар тізбесін, жеңілдіктері мен басым құқықтарының болуын көрсете отырып, білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысқандығы туралы анықтама береді; 
4) ҰТО деректер базасын және Республикалық конкурстық комиссияның отырысында қарастыру үшін қажетті шығыс құжаттарын (бағыттар мен мамандықтар бөлінісіндегі жинақтық ведомостар) дайындауды 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады;
Электронды нысан:
1) көрсетілетін қызметті алушы деректерін толтыра және құжаттардың қажетті электрондық көшірмелерін тіркей отырып, электронды портал арқылы өтініш береді – 30 минуттан аспайды;
Порталдағы электрондық хабарлама құжаттың қабылданғанын/қабылдаудан бас тартылғанын растау болып табылады.
2) ЖОО-ның қабылдау комиссиясы электронды өтінішті өңдейді және тексереді – 2 жұмыс күні ішінде;
3) ЖОО-ның қабылдау комиссиясы электронды өтінішті 1 жұмыс күнінің ішінде ҰТО-ға жібереді;
4) ҰТО қабылданған өтінішті өңдейді және деректер базасын және Республикалық конкурстық комиссияның отырысында қарастыру үшін қажетті шығыс құжаттарын (бағыттар мен мамандықтар бөлінісіндегі жинақтық ведомостар) дайындауды 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады;
Жалпы рәсімдер (қызмет көрсетудің қағаз, электронды нысандары):
5) Республикалық конкурстық комиссияның білім беру гранттарын тағайындау туралы хаттамалық шешімін 3 (үш) жұмыс күні ішінде шығару;
6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру гранттарын тағайындау туралы бұйрығын 2 (екі) жұмыс күні ішінде шығару және ҰТО-ға және бұқаралық ақпарат құралдарына беру; 
7) ҰТО-ның 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беру гранттарының куәліктерін дайындауы;
8) білім беру гранттары иегерлерінің тізімін 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
Портал арқылы:
Көрсетілетін қызметті алушы білім беру грантын тағайындау, не тағайындаудан бас тарту туралы электронды хабарлама алады. 
9) ЖОО-лардың білім беру грантын тағайындау туралы куәліктерді беруі, сондай-ақ ЖОО ректорының стипендия тағайындау туралы бұйрығы.
Әрбір рәсімнің өту мерзімін көрсете отырып, әрбір іс-қимылдың өту блок-сызбасы және іс-қимылдардың жүйелілік сипаттамасы «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі – Регламент) 1 және 2-қосымшаларында келтірілген.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолданудың тәртібі
9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі мен рәсімдер (әрекеттер) бірізділігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы қызметке тапсырысты онлайн арқылы беруге бастама жасайды;
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін өзінің жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) көмегімен Порталда авторизациялауды жүзеге асырады;
3) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының Порталда осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін тапсырыс нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының нысанды электронды түрде қажетті құжаттарды сұрау нысанына тіркей отырып, құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізуі);
4) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;
5) 4-процесс – қызмет көрсетуге арналған сұраудың толтырылған (енгізілген деректер) нысанын көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы куәландыру (қол қою);
6) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сының тұпнұсқасының расталмауына байланысты сұралатын қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
7) 6-процесс – электронды құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауы) тіркеу және Порталда сұрауды өңдеу;
8) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметтің алғашқы нәтижесін алуы (білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға арналған өтінішті қабылдау/қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама);
9) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметтің екінші нәтижесін алуы (білім беру гранттарын тағайындау/тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама).
«Білім беруге гранттарды тағайындау,
 сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында
 білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету»
 мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
 1-қосымша
Әрбір рәсімнің өту мерзімін көрсете отырып, әрбір іс-қимылдың өту блок-сызбасы және іс-қимылдардың жүйелілік сипаттамасы (қағаз түріндегі нысан)
«Білім беруге гранттарды тағайындау,
 сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында
 білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету»
 мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
 2-қосымша
Әрбір рәсімнің өту мерзімін көрсете отырып, әрбір іс-қимылдың өту блок-сызбасы және іс-қимылдардың жүйелілік сипаттамасы (электронды нысан)