• Мое избранное
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 322 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 маусымда № 11440 тіркелді

Редакция 16.01.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-55) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.04.2023 жылғы № 221 Бұйрығына сәйкес (10.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.06.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.04.2023 жылғы № 221 Бұйрығына сәйкес (10.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.06.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандарының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық, олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Білім және ғылым министрі 
___________ А.Б. Сәрінжіпов 
2015 жылғы 13 сәуір
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік күзет қызметінің 
бастығы 
___________ А.Ж. Күреңбеков 
2015 жылғы 25 мамыр
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 
төрағасы 
___________ Н.Ә. Әбіқаев 
2015 жылғы 12 мамыр
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 322 бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.07.2019 жылғы № 496 Бұйрығымен (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019  жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.04.2023 жылғы № 221 Бұйрығына сәйкес (10.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.06.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесі
1. Жылына 1 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсететін әуежай пайдаланушысының авиациялық қауіпсіздік қызметі:
авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы (бірінші басшының орынбасары);
авиациялық қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары;
жете тексеру бөлімшесінің бастығы;
жете тексеру бөлімшесі бастығының орынбасары;
жете тексеру бөлімшесінің ауысым бастығы;
жете тексеру бөлімшесі ауысымның орынбасары;
жете тексеру бөлімшесінің аға инспекторы;
жете тексеру бөлімшесінің инспекторы;
жете тексеру бөлімшесінің техникалық жабдықтау және қауіпсіздік құралдары жөніндегі аға инспекторы;
жете тексеру бөлімшесінің техникалық жабдықтау және қауіпсіздік құралдары жөніндегі инспекторы;
қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы;
қауіпсіздік бөлімшесі бастығының орынбасары;
қауіпсіздік бөлімшесінің ауысым бастығы;
қауіпсіздік бөлімшесі ауысымның орынбасары;
қауіпсіздік бөлімшесінің аға инспекторы;
қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторы;
қауіпсіздік бөлімшесінің жүргізуші-инспекторы;
бақылау және бейнебақылау пунктінің бастығы;
бақылау және бейнебақылау пунктінің аға инспекторы;
бақылау және бейнебақылау пунктінің инспекторы;
рұқсат беру бюросының бастығы;
рұқсат беру бюросының аға инспекторы;
рұқсат беру бюросының инспекторы;
рұқсат беру бюросының ауысымдық инспекторы (шешім бойынша);
кинология бөлімшесінің бастығы (шешім бойынша);
қызметтік иттердің аға жолбасшы-инспекторы (патрульдік-іздеу итінің жетекшісі) (шешім бойынша);
қызметтік иттердің жолбасшы-инспекторы (патрульдік-іздеу итінің жетекшісі) (шешім бойынша);
қызметтік иттердің нұсқаушысы (шешім бойынша);