Bestprofi Logo

Бұйрық № 323 от 2015-03-26г./Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігі

Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару қағидаларын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 323 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 шілдеде № 11724 тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.03.2023 жылғы № 174 Бұйрығына сәйкес (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Редакция 27.09.2024 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.03.2023 жылғы № 174 Бұйрығына сәйкес (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару қағидалары бекітілсін.

1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.03.2023 жылғы № 174 Бұйрығына сәйкес (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

1) осы бұйрықтың заңнамада бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респубикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е.А. Досаев _________________ 2015 жылғы 22 маусым

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрі А. С. Мамытбеков_____________ 2015 жылғы 22 мамыр

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 323 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару қағидалары

Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.03.2023 жылғы № 174 Бұйрығына сәйкес (26.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі – ИКАО) стандарттарын және ұсынымдарын ескере отырып, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасында азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару тәртібін айқындайды.

2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) сертификаттық зерттеп-қарау және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді үнемі қадағалау шеңберінде әуеайлақ пайдаланушыларының әуеайлақта және оған іргелес аумақта азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін құстар мен өзге де жануарлар құратын қауіптерді басқару бағдарламаларын әзірлеуін және іске асыруын бақылауды жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында азаматтық әуе кемелерінің (бұдан әрі – ӘК) құстармен және өзге де жануарлармен соқтығысу ықтималдығын төмендету мақсатында уәкілетті ұйымның жанынан Қазақстан Республикасында азаматтық ӘК ұшуы үшін құстар мен өзге де жануарлар тудыратын проблемалар жөніндегі кеңес (бұдан әрі – кеңес) құрылады.

1) Қазақстан Республикасында азаматтық ӘК ұшуы үшін құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару мәселелері бойынша тәжірибе алмасу;

2) әуеайлақтарда және оларға іргелес аумақтарда құстар мен өзге де жануарларды бақылау саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер туралы ақпарат жинау және алмасу;

2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 31.07.2024 жылғы № 260 Бұйрығына сәйкес (20.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

3) халықаралық стандарттарға негізделген Қазақстан Республикасында азаматтық ӘК ұшуы үшін құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу;

4) жаңа технологияларды ескере отырып, құстар мен өзге де жануарларды бақылау жөніндегі персоналды даярлау стандарттарын талқылау;

5) азаматтық ӘК құстармен мен өзге де жануарлармен соқтығысу жағдайлары туралы ақпарат алмасу болып табылады.

5. Кеңес құрамына құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару саласындағы сарапшылар, сондай-ақ:

4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің;

5) авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру жөніндегі өкілетті органның өкілдері кіреді.

6. Кеңестің қатысушыларының құрамы, функциялары мен жұмыс тәртібі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым басшысының бұйрығымен белгіленеді.

7. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару мынадай процестерді қамтиды:

1) әуеайлақ пайдаланушысының ұйымдастыру құрылымдарын құруды, барлық мүдделі тараптардың рөлі мен міндеттерін айқындауды, тәуекелдерді бағалауды жүргізуді, деректерді жинауды және ақпаратты талдауды, ақпарат алмасуды қоса алғанда, құстар мен өзге де жануарларды бақылау жөніндегі қызметті ұйымдастыруы;

2) азаматтық ӘК-нің құстармен және өзге де жануарлармен соқтығысу қаупін азайту;

3) әуеайлақ аумағында және оған іргелес аумақта құстар мен өзге де жануарлардың шоғырлануына ықпал ететін жағдайларды болдырмау мақсатында мекендеу ортасын басқару.

8. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:

8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 31.07.2024 жылғы № 260 Бұйрығына сәйкес (20.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

1) авиациялық орнитология – құстардың фаунистикасын, морфологиясын, этологиясын, экологиясын, оның ішінде мінез-құлық экологиясын, көші-қонын зерттеумен, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, сондай-ақ әуе кемелерінің құстармен соқтығысу ықтималдығын төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеумен және жүзеге асырумен айналысатын жалпы орнитологияның қолданбалы пәні;

2) әуеайлақ – ӘК-нің осы беті бойынша толық немесе ішінара келуіне, жөнелтілуіне және жүруіне арналған жер немесе су бетінің (ғимараттарды, құрылыстар мен жабдықтарды қоса алғанда) белгілі бір учаскесі;

3) әуеайлақтың бақылау нүктесі – әуеайлақтың географиялық орналасуын айқындайтын нүкте (бұдан әрі – ӘБН);

4) әуе кемесі – жер (су) бетінен шағылысқан ауамен өзара іс-қимылды болдырмай, оның ауамен өзара іс-қимылы есебінен атмосферада ұсталатын аппарат;

5) әуеайлаққа іргелес аумақ (бұдан әрі – іргелес аумақ) – ӘБН-нен 13 шақырым радиуста әуеайлақ шекарасынан тыс аумақ;

6) күрделі орнитологиялық жағдай – ӘК-нің құстармен соқтығысу қаупі едәуір болатын, әсіресе құстардың ӘК-нің қозғалыс траекторияларын жиі және қауіпті кесіп өтуімен байланысты орнитологиялық жағдай;

7) құстар отары – үйлесімді мінез-құлықты көрсететін жалпы тіршілік кеңістігі бар дарақтар жиынтығы;

8) құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіп – ӘК-не зақым келтіруі мүмкін құстар мен өзге де жануарлардың болуы;

9) құстардың жаппай жиналуы – күрделі орнитологиялық жағдай туғызатын мөлшердегі белгілі бір учаскедегі құстардың жиынтығы;

10) орнитологиялық жағдай – белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір аумақта жердегі, судағы және әуе кеңістігіндегі құстардың болуымен, кеңістіктік таралуымен, санымен, түрлік құрамымен және мінез-құлқымен байланысты факторлардың жиынтығы;

11) ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету – азаматтық ӘК-нің құстар мен өзге де жануарлармен соқтығысу ықтималдығының төмендеуі бағытталған іс-шаралар кешені.

2-тарау. Құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару жөніндегі қызметті ұйымдастыру тәртібі

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание