• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 19.08.2017 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 599 қаулысымен бекітілген

3
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.06.2016 жылғы № 370 Қаулысына сәйкес (31.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.07.2016 жылы № 126 (28854) Егемен Қазақстан Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар алынып тасталды 2017 жылғы 19 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 31.07.2017 жылғы № 459 Қаулысына сәйкес
Осы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және микроқаржы ұйымдарының шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беретін микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялаудың шарттары мен тетігін айқындайды.
1. Микроқаржы ұйымдары кәсіпкерлерге берген микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Субсидиялау кәсіпкерлер микрокредиттер бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.
3. Қаржы агенттігінің қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.
2
4. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты уәкілетті орган қаржы агенттігіне олардың арасында жасалатын «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микрокердиттеуді субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде аударады. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын уәкілетті орган бекітеді.
5. Субсидиялау нысанында қолдау шараларын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
6. Осы Субсидиялау қағидаларында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) банк-төлем агенті – микроқаржы ұйымының уәкілетті банкі, ол қаржы агенттігімен келісілуге тиіс және кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған микроқаржы ұйымының арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларын жүзеге асыруға тиіс;
2) микрокредит беру бойынша субсидиялау шарты – қаржы агенттігі, микроқаржы ұйымы және кәсіпкер арасында жасалған үшжақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша қаржы агенттігі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша кәсіпкердің микроқаржы ұйымы берген микрокредиті бойынша сыйақы мөлшерлемелерін ішінара субсидиялайды (бұдан әрі – субсидиялау шарты);
3) микрокредит беру туралы шарт – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес микроқаржы ұйымы мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның талаптары бойынша микроқаржы ұйымы кәсіпкерге жобаны іске асыру үшін микрокредит береді;
4) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның Бағдарламаны қалада немесе аудандық деңгейде іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі;
5) микрокредит – микроқаржы ұйымы жобаны іске асыру үшін кәсіпкерге осы Қағидаларда айқындалған мөлшерде және тәртіппен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беретін ақша;
6) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелу және есептік тіркеуден өту арқылы айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
7) кәсіпкер – өз қызметін кәсіпкерлік мақсатта Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектісі;
8) жоба – табыс табуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде бизнестің әртүрлі бағыттарында кәсіпкер жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралар жиынтығы. Бір жоба шеңберінде бірнеше микрокредит алуға болады;
9) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде Бағдарламаның іске асырылуына жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
10) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, қатысушылардың жалпы санының кемінде 50 %-ы бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінен тұратын консультативтік-кеңесші орган;
11) субсидиялау – болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде кәсіпкер  МҚҰ-ға микрокредит бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны;
12) субсидиялар – субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде МҚҰ-ға қаржы агенттігі өтеусіз және қайтарусыз негізде төлейтін мерзімдік төлемдер;
13) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;
14) қаржы агенттігі – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы.
7. Кәсіпкердің тіркеу орнын есепке алмай және салалық шектеулерсіз ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда және моноқалаларда кәсіпкерлік мақсаттарда өз жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер Бағдарламаның қатысушылары болып табылады.
1) республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілген;
2) тұтынушылық мақсаттарға, алдыңғы кредиттерді өтеуге, тұрғын жылжымайтын мүлікті, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеуге бағытталған микрокредиттер субсидиялауға жатпайды.
9. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау кәсіпкерлер МҚҰ-дан алатын жаңа микрокредиттер бойынша жүзеге асырылады.
10. Жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін микрокредиттер субсидиялауға жатады.
11. Айналым қаражатын толықтыруға берілетін микрокредиттер де субсидиялауға жатады.
12. Қайта бастау негізінде берілген айналым қаражатын толықтыруға бағытталған микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға жол берілмейді.
13. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын микрокредиттер сомасы бір кәсіпкер үшін 10 млн. теңгеден аспауға тиіс.
Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын микрокредит бойынша негізгі борыш ішінара/толық мерзімінен бұрын өтелген жағдайда кәсіпкерлердің микрокредиттерін субсидиялауға жол беріледі. 
14. Микрокредиттер бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзартусыз 2 (екі) жылдан аспайтын мерзімді құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі алғашқы субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
15. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-тен мақұлдау алған жобалары субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен басқа 
16. Субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі 20 %-дан аспайтын микрокредиттер бойынша ғана жүзеге асырылады, оның ішінде 10 %-ын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын кәсіпкер төледі.
17. «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға дайындалу мақсатында көрмелерге, симпозиумдарға, көрсетілімдерге, конкурстарға қатысу үшін алынған микрокредиттер бойынша субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі 20 %-дан аспайтын микрокредиттер бойынша ғана жүзеге асырылады, оның ішінде 14 %-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.
1) кәсіпкердің бастамасымен кредиттеу шарттарының өзгеруіне байланыстыларын;
2) кәсіпкердің микрокредит бойынша міндеттемелерін бұзуы себебі бойынша алынатындарын қоспағанда, МҚҰ микрокредитпен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
19. ӨҮК қолданыстағы микрокредитті субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, МҚҰ кәсіпкерге бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы қаржы жылында өтейді.
4. Субсидиялар ұсыну үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі
20. Бағдарламаға сәйкес шарттарда берілетін микрокредитті алу үшін кәсіпкер МҚҰ-ға өтінішпен жүгінеді.
21. МҚҰ жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және микрокредит беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігін хабардар ете отырып кәсіпкерге жобаны кредиттеуге дайын екендігі туралы жазбаша жауап жолдайды.