• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 25.08.2018 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 599 қаулысымен бекітілген

1
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.06.2016 жылғы № 370 Қаулысына сәйкес (31.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.07.2016 жылы № 126 (28854) Егемен Қазақстан Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағидалар күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 522 Қаулысына сәйкес
1. Осы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және банктердің кредиттері бойынша микроқаржы ұйымдарының міндеттемелерін орындауын ішінара қамтамасыз ету ретінде кепілдік беру тетігі мен шарттарын айқындайды.
2. Микроқаржы ұйымдарының кредиттері бойынша кепілдік беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
2
3. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган мен қаржы агенттігі арасында жасалған «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микрокредит беру бойынша субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган аударады. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микрокредит беру бойынша субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
4. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз ету және нысаналы пайдалану шарттарында микроқаржы ұйымының банктік қарыз шартының негізінде банк беретін ақша сомасы. Банктік кредитке кредиттік желі де жатады.
2) кепілдік беру – микроқаржы ұйымын мемлекеттік қолдаудың Бағдарламада, осы Қағидаларда және кепілдік шартында айқындалған талаптармен микроқаржы ұйымының кредиті бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету ретінде кепілдік беру түрінде пайдаланылатын нысаны;
3) мемлекеттік даму институттары – ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері экономиканың түрлі салаларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар;
4) кепілдік шарты – уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, банк және микроқаржы ұйымының арасында жасалған кепілдік беру туралы жазбаша келісім;
5) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – облыс әкімі айқындайтын Бағдарламаны қалада немесе аудандық деңгейде іске асыруға жауапты қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;
6) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелу және есептік тіркеуден өту арқылы айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
7) микрокредит – микроқаржы ұйымы кәсіпкерге мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз ету және нысаналы пайдалану шарттарында беретін кредит;
8) кәсіпкер – өз жобаларын ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда және моноқалаларда салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған жеке кәсіпкерлік субъектісі;
9) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде Бағдарламаның іске асырылуына жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
10) өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, жалпы санының кемінде 50 %-ы бизнес-қоғамдастықтардың өкілдерінен тұратын консультативтік-кеңесші орган; 
11) қаржы агенттігі – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;
12) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган.
5. Ішінара кепілдік беру кейін моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлеріне микрокредит беру мақсатында банктерден айналым қаражатын толықтыруға алынған МҚҰ-ның жаңа кредиттері бойынша ғана беріледі.
6. Кепілдік беру бағдарламасына қатысатын МҚҰ-ға қойылатын талаптар:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өту, өтінімді қарау күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген пруденциялық нормативтерді орындауы;
2) банкке өтінім берген күнге ағымдағы кредиттері, лизинг шарттары бойынша өтеу мерзімі өткен борыштарының болмауы;
3) кепілдік алуға өтініш білдірген күннің алдындағы соңғы есептік күнге салық төлеу бойынша берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы;
4) МҚҰ проблемалы кредиттерінің жиынтық көлемі (өтеу мерзімін 30 күннен асыруға жол берген) банкке өтінім берген күнге МҚҰ кредиттік қоржынының көлемінен (берешектің қалдығынан) 10%-дан аспауға тиіс.
5) МҚҰ-ның Бағдарлама шеңберінде кредит беретін банкпен үлестестігінің болмауы.
1) акцизделетін тауарларды шығаруды көздейтін жобаларды іске асыруға;
2) МҚҰ-ның бұрын алынған кредиттерін қайта қаржыландыруға;
3) кредиттерге/лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есептерді жүргізуге бағытталған кредиттер кепілдік беруге жатпайды.
8. Кепілдік сомасы МҚҰ қаржылық жағдайын бағалауға байланысты болады, бұл ретте кепілдік мөлшері МҚҰ кредит қоржынының 15 %-ынан аспауға тиіс.
9. Қаржы агенттігінің кепілдік мөлшері кредит сомасының 100 %-ына дейін, бірақ 500 миллион теңге құрайтын бір МҚҰ-ға кепілдік берудің жиынтық лимитінің шегінде жетуі мүмкін. Бұл ретте МҚҰ үшін қарыздың ең аз мөлшері кемінде 15 миллион теңгені құрауға тиіс.
1) кредиттің (тердің) сомасы олармен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті (тері) бойынша берешектерін есепке алмай бір МҚҰ үшін есептеледі;
2) Бағдарламаға қатысу үшін МҚҰ банкке беретін қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептеу кезінде жылжымалы/жылжымайтын мүлік (үшінші тұлғалардың мүлкін қоса алғанда), келешекте келіп түсетін мүлік, сондай-ақ талап қою құқығы есепке алынады;
4) алынған кредитті игеру мерзімі 6 (алты) айдан аспауға тиіс; 
5) бір кәсіпкер үшін микрокредиттің жалпы сомасы МҚҰ алған кредит сомасының 20 %-ынан аспауға тиіс. 
11. Қаржы агенттігі МҚҰ-дан үлестес және байланысқан заңды және жеке тұлғалардың кепілдіктерінің берілуін талап етуге құқылы. 
12. Кепілдік шарты жасалатын кредит кредиттік желі ашу туралы дербес банктік қарыз шарты/келісім түрінде ресімделуге тиіс. 
13. МҚҰ кепілдік шартына қол қойылғанға дейін қаржы агенттігіне кепілдік беру мерзіміне байланысты кепілдік бергені үшін: 2 (екі) жылға дейін қоса алғанда кепілдік сомасының 1 %, 2 (екі) жылдан астам – кепілдік сомасының 2 % комиссия төлейді.
14. Ішінара кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 4 (төрт) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.07.2017 жылғы № 459 Қаулысына сәйкес (23.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2017 ж. № 150 (28529) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) МҚҰ бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланыстыларын;
2) МҚҰ-ның кредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебінен алынатындарын қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссия, алым және (немесе) өзге де төлемдерді алмайды.
16. Уәкілетті орган қаржы агенттігіне төлейтін кепілдік құны кепілдік сомасынан 20 % құрайды. Қаржы агенттігі өзінің қалауы бойынша алынған қаражатты әртүрлі қаржы құралдарына орналастыруға құқылы.
17. Қаржы агенттігі төлеген банк талаптары қаржы агенттігінің кепілі бойынша қалыптастырылған кредит қоржынының көлемінен (берешек қалдығынан) 10 %-дан жоғары шектен асып кеткен кезде, банктің мұндай кредиттері бойынша одан әрі кепілдік беру тоқтатылады.
1) кредит және МҚҰ Бағдарлама мен Қағидалар талаптарына сәйкес келмеген;
2) Бағдарламаның әлеуетті қатысушысының және онымен үлестес заңды және жеке тұлғалардың теріс кредиттік тарихы болған; 
3) атқарушы сот өндірісі, төленбеген айыппұлдар, МҚҰ-ны жосықсыз өнім берушілер немесе нарық қатысушылары тізіліміне енгізу туралы ақпарат болған, заңнама бұзылған, құрылтайшылардың/акционерлердің және МҚҰ-мен байланысты өзге де тұлғалардың азаматтық-құқықтық дәрменсіздігі жағдайында;
4) шығынды қызмет, төлем қабілеттілігі және кредит қабілеттілігі болмаған жағдайда кепілдік беруден бас тартуға құқылы.
4. Кепілдік беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі
20. Банк МҚҰ-ның өтінішін банктің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімдерге сәйкес дербес қарайды, кредитке кешенді сараптама жүргізеді, МҚҰ ұсынған құжаттарды, МҚҰ қаржылық жағдайын талдайды, МҚҰ ұсынған кепілдік мүлікті (бар болса) бағалау туралы қорытынды негізінде МҚҰ қамтамасыз етудің кепілдік құнын бағалауды жүргізеді және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған/болмаған жағдайда кредитті қаржы агенттігінің ішінара кепілдігімен кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін Банктің ішкі кредиттік саясатын іске асыратын уәкілетті органның қарауына шығарады.
21. Оң шешім қабылданған жағдайда банк банктің ішкі кредиттік саясатын іске асыратын уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне:
1) кепілдік сомасын есептей отырып, кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешім бар хатты;
22. Қаржы агенттігі банктен құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды қарайды және кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін кредитті қаржы агенттігінің уәкілетті органына қарауға шығарады.
23. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және (немесе) қосымша ақпарат ұсыну қажет болған жағдайда, қаржы агенттігі анықталған ескертулерді және (немесе) ақпарат ұсыну туралы сұрау салуды 3 (үш) жұмыс күні ішінде жою және (немесе) ақпарат ұсыну үшін Банкке және МҚҰ-ға жолдайды. Бұл ретте қаржы агенттігі үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі қайта басталады.
24. Қаржы агенттігі кепілдік беру (бермеу) туралы оң/теріс шешім қабылдаған жағдайда қаржы агенттігі 2 (екі) жұмыс күні ішінде банкке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кепілдік беру (бермеу) мүмкіндігі туралы шешіммен бірге хат жолдайды.
МҚҰ кредиті бойынша теріс шешім қабылданған жағдайда осындай шешім туралы хатта теріс шешімнің себептері көрсетілуге тиіс.
25. Банк қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатын алғаннан кейін банк МҚҰ-ға кепілдің қажетті сомасын есебін көрсете отырып, кредит талаптары туралы тиісті хат жолдайды.
26. Банктен хат алғаннан кейін, МҚҰ Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалаларында – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) өтініш жібереді, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:
мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама/МҚҰ ретінде тіркелгендігін растайтын құжат (мөрмен (бар болса) расталған көшірме);
МҚҰ қаржы агенттігіне өтінім берген күннен бастап күнтізбелік  30 (отыз) күннен кешіктірмей берілген бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің бары/жоғы туралы салық органының анықтамасы;
дебиторлық және кредиторлық берешекті ашып көрсете отырып, қаржы жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін салық декларациясының көшірмесін және (немесе) интернет-ресурстарында орналастырылған ақпаратты қоса отырып, МҚҰ қаржылық есептерінің көшірмесі;
кепілдік сомасының есебімен МҚҰ кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар банктің хаты;
МҚҰ-ға кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар қаржы агенттігі хатының көшірмесі.
27. Бағдарламаның жергілікті/өңірлік үйлестірушісі МҚҰ-дан барлық құжаттарды, ақпаратты және өтініштерді алғаннан кейін өтінішпен бірге ұсынылған міндетті құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі бір күндік мерзімде ұсынылған құжаттарды қараусыз МҚҰ-ға қайтарады.
28. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Астана және Алматы қалаларының МҚҰ топтамасы барлық құжаттарды және ақпаратты алған/қалыптастырған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кредит бойынша құжаттар топтамасын Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жібереді, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
МҚҰ-ны Бағдарлама талаптарына сәйкестігін тұрғысынан тексереді;
ұсыныстарды, күн тәртібін қалыптастыру, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытты және орынды анықтайды, бұл туралы ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді;
барлық құжаттар мен ақпаратты алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың толық топтамасын бірге қоса отырып, МҚҰ тізімін ӨҮК қарауына енгізеді.
29. Осы Қағидалардың және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ұсынылған құжаттарды берілген құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, пысықтау үшін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары бойынша) қайтарады.
30. ӨҮК отырысы кредиттер тізімінің қалыптастырылу шамасына қарай, бірақ айына 2 (екі) реттен сиретпей өткізіледі.
31. ӨҮК 10 (он) жұмыс күні ішінде жобаларды Бағдарламаның өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және кепілдік беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.
32. ӨҮК мүшелерінің саны 12 адамнан аспауға тиіс, олардың ішінде кемінде 50 %-ын кәсіпкерлік қоғамдастығы құрауға тиіс.
33. ӨҮК отырысы ӨҮК мүшелері санының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан жағдайда өткізіледі. Шешімдер қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісінің (кворум) даусымен қабылданады.
34. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды:
МҚҰ және алынатын кредиттің Бағдарламаның өлшемшарттарына және жергілікті даму бағдарламаларына сәйкестігін тексеруді;
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде іске асырылатын МҚҰ алатын кредитті, сондай-ақ МҚҰ өтінішінде көрсетілген ақпаратты қарауды, өтінішпен бірге ұсынылған әрбір МҚҰ бойынша құжаттар топтамасын зерделеуді;
ұсынылған құжаттар бойынша ӨҮК мүшелерінің арасында талқылау жүргізуді;
МҚҰ кредитін қарау нәтижелері бойынша МҚҰ кредиті бойынша кепілдік беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдауды, жүзеге асырады, ол хаттамамен ресімделеді, бұл ретте хаттамада жекелеген МҚҰ-ны Бағдарламаға қатыстырудан бас тарту себебі міндетті түрде көрсетілуге тиіс.
35. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК отырысы өткізілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде:
ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамасынан үзінді көшірмені Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне, банкке және қаржы агенттігіне;
кредитті ӨҮК-те қарау нәтижелері туралы Астана және Алматы қалаларының МҚҰ-сына жазбаша хабарлама жібереді. 
36. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен МҚҰ кредитіне ішінара кепілдік беруді келісу туралы ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамасынан үзіндіні алғаннан кейін қаржы агенттігі банкке алдын ала кепілдік хат жібереді.
38. Алдын ала кепілдік хатты алғаннан кейін банк пен МҚҰ 5 (бес) жұмыс күні ішінде банктік қарыз шартын жасасады. Банктік қарыз шартының көшірмесі қаржы агенттігіне жіберіледі. 
39. Банктік қарыз шартының, ӨҮК хаттамасының/ӨҮК хаттамасынан үзіндінің көшірмелерін алғаннан кейін және қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімі негізінде қаржы агенттігі кепілдік шартын 5 (бес) жұмыс күні ішінде ресімдейді және қол қояды, оны банкке жібереді. МҚҰ кепілдік шартына қол қойғанға дейін кепілдік бергені үшін комиссияны қаржы агенттігінің ағымдағы шотына аударуды жүзеге асырады.
40. Банк 2 (екі) жұмыс күні ішінде кепілдік шартына қол қояды, оған МҚҰ-ның қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді.
41. Банк қаржы агенттігінен қол қойылған кепілдік шартын алғаннан кейін МҚҰ-ға кредит беруді жүзеге асырады.
42. Шығарылған кепілдіктер үшін ақы төлеу мақсатында уәкілетті орган кезекті жылдың басында кредиттерге кепілдік беруге бөлінген нысаналы трансфертттер сомасының 50 %-ын қаржы агенттігіне аударады.
43. Нысаналы трансферттердің қалған бөлігі кепілдік шарттарын жасасу шамасына қарай жылдың басында қаржы агенттігіне аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін мынадай жолмен қаржы агенттігіне аударылады:
1) кепілдік шартын жасағаннан кейін қаржы агенттігі уәкілетті органға тиісті хабарлама жібереді; 
2) уәкілетті орган қаржы агенттігінен кепілдік шартының жасалғаны туралы хатты алғаннан кейін, кепілдік сомасынан 20 % мөлшеріндегі қаражатты қаржы агенттігінің ағымдағы шотына аударуды жүзеге асырады.
44. Қаржы агенттігі кредиттер бойынша құжаттарды тиісті қаржы жылына жасалатын кепілдік шарттары бойынша ақы төлеуге бөлінген бюджет қаражаты шегінде ғана, қабылдайды. Бұл жағдайда кепілдік шартын жасасу фактісі бюджет қаражатының игерілуі болып табылады.
45. Бағдарламаның іске асырылуын мониторингтеуді қаржы агенттігі жүзеге асырады, оның функцияларына:
1) банк және (немесе) МҚҰ ұсынған деректер мен құжаттар негізінде кепілдік шарты жасалған МҚҰ кредитінің нысаналы пайдаланылуын мониторингтеу;
2) банк ұсынатын деректер немесе өзге дұрыс ақпарат көздері негізінде МҚҰ төлем тәртібін мониторингтеу жатады.
46. Мониторинг функциясын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі 
МҚҰ-дан және банктен мониторинг мәніне қатысты, оның ішінде салықтық құпияны құрайтын қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға құқылы, ал МҚҰ мен банк сол құжаттарды ұсынуға міндетті.
47. Қаржы агенттігі кредиттің мақсатсыз пайдаланылуы, Бағдарламаның, Қағидалардың және (немесе) кепілдік шарты талаптарының бұзылуы, қаржы агенттігінің кепілдік беру туралы шешімінде белгіленген кепілдік беру шарттарының орындалмауы фактілері анықталған жағдайда кепілдіктің күшін жоюға құқылы.
48. Мониторингтің тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ есептілік нысандарын қаржы агенттігі белгілейді.
49. Банк ай сайынғы негізде банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен МҚҰ кредитіне ағымдағы мониторингті жүзеге асырады.
50. Банк осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес МҚҰ кредитіне ағымдағы мониторинг туралы есепті жазбаша түрде есепті айдан кейінгі айдың 5 (бес) күнінен кешіктірмей қаржы агенттігіне ұсынады және қаржы агенттігі айқындаған жауапты орындаушының электронды мекенжайына қосымша жібереді.
51. Банк 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жазбаша түрде банктің қызметін жүзеге асыруға қойылған шектеулер немесе тыйым салулар туралы, сондай-ақ банктің 10 %-нан астам акцияларына қатысты меншік құқықтарының бір жолғы сатылуы немесе өзге бір жолғы ауысуы туралы және (немесе) иелік ету және пайдалану құқықтарының ауысуы туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
1
«Бизнестің жол картасы 2020»
бизнесті қолдау мен
дамытудың бірыңғай
бағдарламасы шеңберінде
банктердің микроқаржы
ұйымдарына берген кредиттері
бойынша ішінара кепілдік
беру қағидаларына
1-қосымша
МҚҰ сараптама жүргізу үшін банктің қаржы агенттігіне ұсынатын құжаттарының тізбесі






 

Құжаттың атауы

Нысаны

1

2

3

1

Құжаттар тізбесіне ілеспе хат

түпнұсқа

2

Құжаттар топтамасында бар барлық құжаттардың тізімдемесі немесе құжаттарды қабылдау-беру актісі

банктің уәкілетті қызметкері қол қойған және банктің мөрімен/мөртаңбасымен расталған түпнұсқа

3

Банкке кредит алу туралы өтінім

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

4

Банктің уәкілетті органының қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит беру туралы шешімі, қаржы агенттігінің нысаны бойынша кредиттік сараптамалық қорытынды, банктің кепілдік және заң басқармасының және тәуекелдер басқармасының сараптамалық қорытындылары

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

5

МҚҰ мөрімен расталған жылдың басындағы және соңғы есептік күндегі жағдай бойынша МҚҰ қаржылық құжаттары (берешектің туындаған күнін, өтеу жоспарланған күнді және берешек мәнін көрсете отырып, жылдың басында және соңғы есептік күндегі кредиторлық және дебиторлық берешекті ашып көрсету, негізгі қаражаттарды, ТМҚ ашып көрсету)

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

7

Табыстар мен шығыстар туралы есептің баптарын ашып көрсету – сатудан түскен табыс, өзіндік құны, кезең шығындары, өзге табыстар мен шығыстар, қарастырылып отырған кезеңдегі ақшалай және заттай түрде сатылған өнім көлемі

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі немесе түпнұсқасы

8

Қызмет көрсететін банктің толық деректемелерін көрсетуді қоса алғанда қызмет көрсететін банктің қарыз берешегінің бары/жоғы туралы, соңғы 12 айдағы айналымдар, сондай-ақ құжаттар қаралған сәттегі жағдай бойынша мерзімінде (№ 2 картотека) төленбеген есептеу құжаттары туралы анықтама

банк нысаны бойынша түпнұсқа (30 күнтізбелік күнге дейін түпнұсқамен салыстырылған көшірмеге рұқсат етіледі)

9

Несиелік берешегінің бары/жоғы оның ішінде басқа қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен (банктерден басқа, кредиттер бар болса) берешектің бары/жоғы туралы анықтама

түпнұсқа (күнтізбелік 30 күнге дейін түпнұсқамен салыстырылған көшірмеге рұқсат етіледі)

10

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқтығы (барлығы) туралы анықтама

түпнұсқа (egov.kz анықтамасы)

11

Екінші деңгейдегі банктердегі бар барлық шоттар туралы мәліметтер

МҚҰ хатының түпнұсқасы

12

Кредиттік келісімдер (қолданыстағы кредиттер бар болса)

көшірмелер

13

Банк атынан банктік қарыз, кепіл және кепілдік беру шартын жасайтын тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжаттар

банктің мөрімен расталған көшірмелер (Банк кепілдік шартын жасау сәтіне қарай ұсынуы мүмкін)

Банк құжаттар топтамасын беру күнінде қаржылық есептің ескіру мерзімі 3 айдан аспауы керек.
2. МҚҰ құқықтық мәртебесін және өкілеттіктерін айқындайтын құжаттар 

Р/с №

Құжаттың атауы

нысан

1

2

3

1

Жарғы, оған өзгерістер мен толықтырулар

нотариат куәландырған көшірме

2

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама

нотариат куәландырған көшірме (egov.kz анықтамасына рұқсат етіледі)

3

Бірінші басқарушыны тағайындау туралы МҚҰ уәкілетті органының шешімі

түпнұсқа немесе банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

4

Банкте және Қаржылық агенттікте МҚҰ атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ оның өкілеттілігін растайтын құжаттар

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

5

Кепілдікті тарту туралы шешім қабылдаған МҚҰ уәкілетті органының шешімі

қаржы агенттігі бекіткен нысан бойынша түпнұсқа

6

Кредит тарту туралы шешім қабылдаған МҚҰ уәкілетті органының шешімі

қаржы агенттігі бекіткен нысан бойынша түпнұсқа

7

Бірінші басшының, бас бухгалтердің қолтаңбаларының үлгілері және МҚҰ мөрінің бедері бар құжат

нотариат куәландырған түпнұсқа

8

МҚҰ-ның ақпаратты кредит бюросына ұсынуға және кредиттік есепті алуға келісімі

түпнұсқа қаржы агенттігінің атына ұсынылады

Бірнеше парақтан тұратын құжат ұсынылған жағдайда, мұндай құжат тігілуі және нөмірленуі не құжаттың әрбір парағы уәкілетті тұлғалардың қолтаңбасымен және мөрмен/мөртабанмен бекітілуге тиіс.
«Бизнестің жол картасы 2020»
бизнесті қолдау мен
дамытудың бірыңғай
бағдарламасы шеңберінде
банктердің микроқаржы
ұйымдарына берген кредиттері
бойынша ішінара кепілдік
беру қағидаларына
2-қосымша
        «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының бірінші бағытын іске асыру шеңберінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – қаржы агенттігі) «___________» микроқаржы ұйымының қаржы агенттігінің кредит бойынша кепілдік беруі туралы өтінімін қарағанын және мақұлдағанын хабарлаймыз.
      Қаржы агенттігі «___________» микроқаржы ұйымы үшін мынадай шарттармен кредит бойынша кепілдік беруге дайын:
      1) кепілдік сомасы: _____________ (________________) теңге, ол кредит сомасының _____ %-ын құрайды;
3) кепілдік берудің өзге шарттары кепілдік шартында реттеледі.
      Осы алдын ала кепілдік хатының қолданылу мерзімі_______дейін.
Микроқаржы ұйымдарына ішінара кепілдік беру түріндегі мемлекеттік қолдау шарттарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, қаржы агенттігі кепілдік берудің жоғарыда көрсетілген шарттарын қайта қарауға және оларды өзгертуге не толық немесе ішінара жоюға құқылы, банкті ол туралы кепілдік шартына қол қойылғанға дейін хабардар етеді.
«Бизнестің жол картасы 2020»
бизнесті қолдау мен
дамытудың бірыңғай
бағдарламасы шеңберінде
банктердің микроқаржы
ұйымдарына берген кредиттері
бойынша ішінара кепілдік
беру қағидаларына
3-қосымша
__________________ бастап ______________________ ж. аралығындағы кезеңде Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде МҚҰ кредиттерін іске асыру барысының ағымдағы мониторингі туралы есебі

Р/с №

Банктің атауы

МҚҰ өтініш берген жері (облыс, өңір)

Қарыз алушының атауы

Қарыз алушының ЖСН/БСН

1

2

3

4

5






 

Заңды мәртебесі (ЖШС, ЖК, ШҚ, ӨК)

Банктік қарыз шартының/Кредиттік желі ашу туралы келісімнің №

Банктік қарыз шартының/Кредиттік желі ашу туралы келісімнің күні

Кредит мерзімі






 

6

7

8

9






 

Кредит сомасы

Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең

Сыйақыны төлеу бойынша жеңілдікті кезең






 

10

11

12

13






 

Кредит (транш) беру күні

Іс жүзінде берілген қаражат сомасы

Есепті күнге негізгі борыш берешегінің қалдығы

Кепілдік шартының нөмірі






 

14

15

16

17






 

Кепілдік шартының күні

Қаржы агенттігінің кепілдік сомасы

Кепілдік бойынша қаржы агенттігінің міндеттемелерді орындау сомасы

НҚ бойынша мерзімі өткен берешек сомасы






 

18

19

20

21






 

НҚ қарыз бойынша мерзімі өткен күндер саны

Сыйақыны төлеу бойынша мерзімі өткен күндер саны

Банктік қарыз шарты/Кредиттік желі ашу туралы келісім бойынша қол жетімділік кезеңі

Банктің уәкілетті органы шешімінің күні






 

22






 






 






 






 

ҚР ҰБ талаптары бойынша сыныптау санаты






 






 






 

  Лауазымды тұлға_______________Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда)
Жауапты қызметкер ____________Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда)