1. «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
«Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің м.а. 04.01.2018 жылғы № 12 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Стандарт күшін жойды 2018 жылғы 30 қазаннан бастап ҚР Әділет министрінің 11.10.2018 жылғы № 1481 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде;
2) ұсынылған құжаттардың толықтығын және оларды ресімдеудің дұрыстығын тексеру он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
3) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 10 (он) минут;
4) рұқсат берілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 10 (он) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не осы стандарттың 10-тармағымен көзделген жағдайда және негіздері бойынша қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап:
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тіркеу үшін тіркеу алымы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 456-бабында белгіленген 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
8. Қызмет берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетелетін қызмет нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетелетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
9. Қызмет алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
өтініш:
автордан осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес авторлық құқықпен қорғалатын, туындыларға құқықты тіркеу көрсетілетін қызмет алушының (автордың) өтініш нысаны бойынша;
автордан осы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес авторлық құқықпен қорғалатын, туындыларға құқықты тіркеу қызмет алушының (құқық иеленушінің) өтініш нысаны бойынша;
автордан осы Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес авторлық құқықпен қорғалатын, туындыларға құқықты тіркеу қызмет алушының (құқықты автордан құқық иеленушіге беру туралы) өтініш нысаны бойынша;
1) әдеби, ғылыми, драмалық, сценарийлік туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
өтініш (қызметті алушы);
туындының бір данасы;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.
2) мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындыларға және музыкалық-драмалық туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
өтініш (қызметті алушы);
мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.
3) хореография, пантомима туындыларына, дыбыстау-бейнелеу туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
өтініш (қызметті алушы);
туындының жазбасы бар жеткізгіш;
туындының сипаттамасы;
мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.
4) сәулет, қала құрылысы, дизайн, бау-саябақ өнері туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
өтініш (қызметті алушы);
эскиздер, сызбалар, суреттер;
туындының толық сипаттамасы;
мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.
5) сурет өнері, мүсін, графика, бейнелеу және қолданбалы өнер туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
өтініш (қызметті алушы);
туындының бір данасы немесе туындының фотосурет түріндегі бейнеленуі;
туындының толық сипаттамасы;
мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.
6) фотосурет туындыларына және фотосурет сияқты тәсілдермен алынған туындыларға, сондай-ақ географияға, топографияға және басқа да ғылымдарға жататын карталарға, жоспарларға, эскиздерге, иллюстрацияларға және үш өлшемдік туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
өтініш (қызметті алушы);
туындының данасы;
мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.
7)Электрондық есептеу машиналарына (бұдан әрі - ЭЕМ) арналған бағдарламаларға немесе деректер базаларына құқықтарды тіркеу үшін мынадай құжаттар ұсынылады.
өтініш (қызметті алушы);
ЭЕМ-ге немесе дерекқорларға арналған бағдарламасы және бастапқы коды (бастапқы мәтіні) бар жеткізгіш (дискета немесе басқа да электрондық жеткізгіштер);
ЭЕМ-ге немесе дерекқорларға арналған бағдарламаның атауын, өтініш берушінің атауын (тегін, атын, әкесінің атын), жасалған күнін, қолдану саласын, мақсатын, функционалдық мүмкіндіктерін, негізгі техникалық сипаттамаларын, бағдарламалау тілін, іске асырушы ЭЕМ-нің типін қамтитын ЭЕМ-ге немесе дерекқорларға арналған бағдарламаның рефераты;
мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.
Шетел азаматының төлқұжатын (жеке басын куәландыратын құжатты) ұсынуымен қатар оның мәтінінің нотариаттық куәландырылған меммлекттік немесе орыс тілдерінде жасалған аудармасын ұсынады.
Шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесі немесе басқа да заңдастырылған құжат.
Жұмыс берушінің қызметтік міндеттерін немесе қызметтік тапсырмасын орындау тәртібімен шығарылған қызметтік туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде тіркеу үшін ұсынылатын құжаттардан басқа, еңбек шартының көшірмесін, автор мен жұмыс берушінің арасында қызметтік туындыны пайдалануға мүліктік құқықтардың тиесілігі туралы қосымша шарт жасалған жағдайда, осындай шарттың көшірмесін, сондай-ақ, егер жұмыс беруші ұйым болса, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы ұсыну қажет.
Құрамдас немесе төл туындыдан жасалған туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде төл туындының авторымен (авторларымен) немесе құқық иеленушісімен жасалған авторлық шарттың көшірмесі ұсынылады.
Тіркеуге ұсынылатын материалдар нөмірленуі, тігілуі және оған қызмет алушының қолы қойылуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
10. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңында белгіленген талаптарға көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің сәйкес келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартадудың негіздері болып табылады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сұрақтары бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану: шағым бойынша қызмет беруші басшысының атына, осы мекенжай арқылы беріледі: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел көшесі, № 8 үй, 13-кіреберіс, № 022 кабинеті, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-07-84; 55-87-64.
Шағым почта арқылы жазбаша нысанда немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Қажетті жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы шағымға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттарды қоса береді.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызмет алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы қызмет алушыға жіберіледі немесе қызмет берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі, сондай-ақ жауап шағымда қөрсетілетін қызмет өтініші бойынша көрсетілген электронды мекен-жайға жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, қызмет алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары қызмет берушінің www. adilet.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
14. Қызмет алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-07-54. 74-06-19. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777
«Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Тіркеу алымын төлеуге қажетті банктік деректемелер
Банктік сәйкестендіру коды – KKMFKZ2A;
жеке сәйкестендіру коды – KZ24070105KSN0000000;
бенефициардың коды – 11;
бенефициар – ҚР Қаржымині Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы ММ;
БСН – 081240013779;
банк бенефициар – Астана қ., Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті;
бюджеттік жіктеу коды – 105428
төлемнің тағайындау коды-911
«Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
____________________________
тел: ________________________
____________________________
Автор(лар)дың авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тіркеуге ӨТІНІШ
Мен (Біз)____________________________________________________________ (автор(лар)дың тегі, аты, әкесінің аты)
ЖСН_________________________________________________________жасаған (объектінің жасалған күні, айы, жылы)
_________________________________________________________деп аталатын
жарияланбаған________________________________________________________ (авторлық құқық объектісінің түрі)
жалғыз авторы (авторлары) болып табылатынымды (табылатынымызды) растаймын
(растаймыз) және осы авторлық құқық объектісін Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінде тіркеуді өтінемін (өтінеміз).
Осымен осы объектіге айрықша мүліктік құқықтардың жалғыз иеленушісі
(иеленушілері) болып табылатынымды (табылатынымызды) және объектіні
жасаған кезде басқа тұлғалардың құқықтары бұзылмағанын да растаймын (растаймыз).
Туындыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеу фактісінің
заңды мағынасы мен тіркеу шарттары маған (бізге) түсіндірілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен
қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20____ж. «____» __________ ______________________ (автор(лар)дың қолы)
«Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
_____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
_____________________________
тел: ________________________
_____________________________
(тұлғаны тіркеу туралы куәлік ЖШС)
Құқық иеленушінің авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тіркеуге ӨТІНІШ
____________________________________________________________________ (құқық иеленушінің атауы)
БСН __________осымен_______________________________________________ (автор(лар)дың Т.А.Ә., авторлардың паспорттық)
___________________________________________________________________ (объектінің жасалған күні, айы, жылы) деректері)
ЖСН __________жасаған___________________________________________деп аталатын ___________________________________________________________________
___________________________________________________________________ (авторлық құқық объектісінің түрі)
осымен айрықша мүліктік құқықтардың иесі болып табылатынымызды (табылатынын)
растаймын (растайды) және осы объектіге айрықша мүліктік құқықтарды
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуді өтінемін (өтінеді).
бұзылмағанын да растаймын (растаймыз).
Туындыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеу фактісінің
заңды мағынасы мен тіркеу шарттары маған (бізге) түсіндірілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен
қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20____ж. «____» __________ _________________ (қолы)
«Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
_____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
_____________________________
тел: ________________________
_____________________________
(көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәләндыратын құжаттың деректері)
Автор(лар)дың авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тіркеуге ӨТІНІШ
Мен (Біз)____________________________________________________________ (автор(лар)дың тегі, аты, әкесінің аты)
ЖСН ______________________________________________________жасалған (объектінің жасалған күні, айы, жылы)
_________________________________________________________деп аталатын
жарияланбаған________________________________________________________ (авторлық құқық объектісінің түрі)
жалғыз авторы (авторлары) болып табылатынымды (табылатынымызды) растаймын
(растаймыз) және осы авторлық құқық объектісін Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінде тіркеуді өтінемін (өтінеміз).
Осымен осы объектіге айрықша мүліктік құқықтардың жалғыз иеленушісі
(иеленушілері) __________________________________ болып табылатынды (құқық иеленушінің атауы)
(табылатынды) және объектіні жасаған кезде басқа тұлғалардың құқықтары
бұзылмағанын да растаймын (растаймыз).
Туындыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеу фактісінің
заңды мағынасы мен тіркеу шарттары маған (бізге) түсіндірілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен
қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |