• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2020 г

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына 1-қосымша

1
«Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 27.01.2016 жылғы № 41 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің 27.05.2016 жылғы № 363 Бұйрығымен (27.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің 31.10.2016 жылғы № 949 Бұйрығымен (27.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.11.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің 27.04.2017 жылғы № 490 Бұйрығымен (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің 24.08.2017 жылғы № 1057 Бұйрығымен (27.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт өзгертілді ҚР Әділет министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 18 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 23.11.2018 жылғы № 1550 Бұйрығына сәйкес (05.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 29.05.2020 жылғы № 67 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 19.08.2019 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
1. «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы, көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлкі объектісінің тіркелген жері бойынша;
2) «электрондық үкіметтің» www.е.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының қызметті берушіге жүгінген кезінде құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
жылжымайтын мүлікке және өзге де мемлекеттік тіркеу объектілеріне құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу бойынша, нотариалды расталмаған шарттарды қоспағанда - қызметті берушіге келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді);
мемлекеттiк органдар және өзге де уәкiлеттi адамдар салатын ауыртпалықтарды (ауыртпалықтардың тоқтатылуын), сондай-ақ заңдық талаптарды тiркеу бойынша – көрсетілетін қызмет алушының өтiнiші келіп түскен кезден бастап дереу орындалады (орындалған құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге өтініш келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға берiледi);
нотариаттық куәландырылмаған мәміле бойынша мемлекеттік тіркеу бойынша – көрсетілетін қызметті берушіге өтініш келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушыға күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут;
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету бір айдан аспайтын мерзімге мынадай жағдайларда тоқтатыла тұрады:
1) сотқа берілген талап және өзге де арыздар (шағымдар) негізінде соттың қаулысы (ұйғарымы) бойынша;
2) заңның бұзылуын жойғанға дейін прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес;
3) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;
4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағына сәйкес, құжаттарды өтініш беруші мемлекеттік тіркеуге ұсыну үшін, егер қажетті құжаттардың болмауы құжаттарды тіркеуге қабылдамауға негіз болып табылмаса;
5) егер көрсетілген мән-жайлар құжаттарды тіркеуге қабылдаудан бас тарту үшін негіздер болып табылмаса, мемлекеттік органдардан шығатын құжаттарда қажетті ақпараттың болмауына немесе осындай құжаттарда қайшылықтардың болуына байланысты осы органдардан түсініктемелер алу немесе қажетті ақпарат сұратып алу үшін;
6) құқық белгілеуші құжаттар негізінде белгіленетін тіркеу объектісі мен өтініште көрсетілген тіркеу объектісі сәйкес келмеген кезде олардың арасындағы қайшылықтарды жою үшін тоқтатылады;
7) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін толық емес төлеу кезінде;
8) егер, үш жұмыс күн ішінде құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне келіп түскен сәттен бастап, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін немесе тұлғаны төлеуден босату үшін төлемнің расталуы түспеген жағдайда.
Электрондық тіркеу осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-тармағының 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатыла тұрмайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру туралы шешімді құжаттар қабылданған кезден бастап, бірақ мемлекеттік қызмет көрсетілетін мерзімінің өтуінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті беруші қабылдауы мүмкін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тоқтатыла тұрған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға, БНАЖ-не, мәміле қатысушыларының электрондық мекенжайларына (болған кезде) тоқтата тұру себептері мен мерзімдерін,құжаттың күні мен тіркеу нөмірін көрсете отырып, көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға (көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкіліне) хабарламаны кейіннен беру үшін жазбаша хабарлама жолдайды.
Электрондық тіркеу кезінде «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы алымды төлеу туралы растама болмаған кезде, электрондық сұрау салу алынған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде «жылжымайтын мүлік тіркелімінің» мемлекеттік дерекқорында (бұдан әрі – ЖМТ МД) мемлекеттік қызметті көрсету автоматты түрде тоқтатыла тұрады.
2) Көрсетілетін қызметті алушының нотариусқа жүгінген кезінен бастап, электрондық тіркеу ЖМТ МД-ның ақпараттық жүйесіне мемлекеттік тіркеу үшін алымды төлеу немесе алымды төлеуден босату туралы растау келіп түскен кезден бастап түскен күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетіледі.
3) порталда мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушіге өтініш келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетіледі:
электрондық-цифрлық қолтанба (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольды қолдану арқылы сұрау салу;
ЭҮТШ арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, құқық белгілейтін құжат туралы мәліметтерді, ЭҮТШ арқылы жүргізілген ақы төлеуді Мемлекеттік корпорация және көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дайындығы туралы оны алу орны мен күні көрсетіле отырып хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыға құжатты беру көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің жеке куәлігі ұсынылған кезде қолхат негізінде:
жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға өтініш білдірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша сақтауды қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті қарауды тоқтату туралы өтінішхатпен жүгіне алады.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша береді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде жүргізілген жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу туралы белгісі бар құқық белгілеуші құжат, не тіркеуді тоқтата тұру немесе осы мемлекеттік қызмет көрсету стандарының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша бас тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк (қағаз жеткізгіште) беру болып табылады.
БНАЖ арқылы электрондық тіркеу үшін жүргізілген тіркеу туралы немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру туралы немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10 – тармағында көзделген негіздер бойынша БНАЖ – ға уәкілетті қызметкердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында бас тарту туралы хабарламаны, сондай-ақ мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына олар болған.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылған кезде тіркеу үшін төлем туралы құжатты көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тіркеуге қайта берген кезде ұсынады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттiк қызмет ақылы түрде жеке және заңды тұлғаларға көрсетiледi (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша төлем Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 418 бұйрығымен бекітілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына сәйкес алынады.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет алуға электрондық өтінім берілген жағдайда, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Ақы төлеу, қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерімен айналысатын ұйымдар немесе «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы (бұдан әрі – ЭҮТШ) жүзеге асырылады.
Электрондық тіркеу көрсетілетін қызметін алуға электрондық сұрау салуды БНАЖ арқылы берген жағдайда, БНАЖ берген сұрау салу нөмірі туралы ақпарат негізінде порталда ЭҮТШ арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде үш жұмыс күні ішінде төлем жүзеге асырылады;
1) Қабылдау және қызмет нәтижесін беру – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, жексенбі және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда күн сайын түскі үзiлiссiз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетiлген қызмет көрсетусiз «электрондық» кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньға қоюға болады, бұл ретте құжаттарды қабылдау кедергісіз қызмет көрсету арқылы операция залында жүзеге асырылады;
2) жүргізілген тіркеу туралы не мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру туралы хабарламаны жіберу бойынша, 4-тармақта көзделген жағдайларда және негіздер бойынша немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы БНАЖ, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00 – ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
3) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, жексенбі және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
8. Көрсетілетін қызметті алушы (құқық иеленуші) немесе оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мынадай:
Мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) сәйкестендіру үшін оның жеке басын куәландыратын құжатын және келесідей құжаттарды ұсынуы тиіс:
жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша немесе оның өкілеттігін растайтын өзге де құжат бойынша;
Тіркеу сенімхаттың негізінде жүзеге асырылатын жағдайларда, сенімхаттың екі нұсқасы ұсынылады, оның ішінде біреуі төлнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі болып табылады. Тіркеуден кейін сенімхаттың төлнұсқасы мәлімдеушіге (уәкілетті өкілге) кері қайтарылады. Электрондық тіркеу кезінде тіркеуші органға сенімхат ұсынылмайды:
Осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы жеке тұлға үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
Ортақ бірлескен меншік құқығының туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын мемлекеттік тіркеген кезде тіркеу туралы өтінішті барлық қатысушылар немесе олардың біреуі қалған қатысушылардың нотариалды тәртіппен куәландырылған келісімін ұсына отырып беруі мүмкін.
Ортақ үлестік меншік құқығының (өзге ортақ құқықтың) туындауын, өзгеруін, немесе тоқтатылуын мемлекеттік тіркеген кезде барлық қатысушылар (уәкілетті өкілдер) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш берілуі тиіс.
Құқық (құқық ауыртпалықтары) шарты негізінде пайда болатын немесе өзге де нотариат куәландырмаған мәміле болған жағдайда, оларды белгіленген тәртіппен барлық қатысушылары өтініш беруге тиіс.
Банктік қарыз шартын қамтамасыз етудегі кепілдің басталуын және өзгеруін тіркеу үшін берілетін өтінішті, кепіл беруші және (немесе) кепіл ұстаушы береді. Өтінішті кепіл ұстаушы берген жағдайда, ондай тіркеуге кепіл берушінің нотариалды куәландырылған келісімі талап етіледі.
Талап ету құқықтарын беру (талаптар) кезінде, жылжымайтын мүлік кепіл шарттар бойынша, кепілдің басталуына және өзгеруін тіркеуге кепіл берушінің келісімінсіз құқықтары (талаптары) оған берілген кепіл ұстаушымен өтініш беріледі.
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні немесе заңды тұлғаның атауы, тіркеу нөмірі өзгерген кезде өзгерістерді тіркеу туралы өтінішті осындай өзгерістер жататын құқық иеленуші береді.
Тіркеу объектісін растайтын құқық белгілеуші құжат. Жер учаскесіне құқықтарды (ауыртпалықты) тіркеу кезінде жер учаскесіне идентификаттау құжаты ұсынылады. Жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру кезінде құқықтар (талаптарды) басқаға беру туралы шарт (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде тапсыру шарты) ұсынылады;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін төленгендігін растайтын құжат.
Неке шарты болған кезде, мұндай шарт екі данада беріледі, олардың біреуі төлнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме болып табылады.
Деректері құқық белгілейтін құжатта көрсетілмеген жұбайының біреуінің құқығын тіркеу үшін «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес неке жасына жеткен өтініш беруші тіркеуге берілген өтініште неке қатынастарында тұрғаны туралы фактінің жоқ екендігі туралы мәліметтерді немесе неке қатынастарының бар екенін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, өзінің жұбайы туралы мәліметтерді көрсетуге тиіс.
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес Заңды тұлға үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтарды ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралыөтініш;
Құқық (құқық ауыртпалықтары) шарт немесе өзге де нотариалды куәландырмаған мәміле негізіндегі жағдайларда, өтінішті барлық қатысушылар белгіленген тәртіппен беруге тиіс.
Банктік қарыз шартын қамтамасыз етуге берілген, кепілдің басталуын және өзгеруін тіркеуге өтінішті кепіл беруші және (немесе) кепіл ұстаушы береді. Өтінішті кепіл ұстаушы берген жағдайда, осындай тіркеуге кепіл берушінің нотариатта куәландырылған келісімі талап етіледі.
Жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру кезінде кепілдің туындауын және өзгеруін тіркеуге өтінішті осындай тіркеуге кепіл берушінің келісімінсіз, құқықтар (талаптар) берілген кепіл ұстаушы береді.
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні немесе заңды тұлғаның атауы, тіркеу нөмірі өзгерген кезде өзгерістерді тіркеу туралы өтінішті осындай өзгерістердің оған қатысы бар құқық иесі беруі керек.
Тіркеу объектісін растайтын құқық белгілейтін құжатты ұсынуға тиіс. Жер учаскесіне құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеген жағдайда, жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты ұсынылады. Жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға берген кезде құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шарт (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт) ұсынылады;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төлегенін растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
«Акционерлік қоғамдар туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарда немесе құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда құрылтайшылардың (қатысушылар, директорлар кеңесі, акционерлер кеңесі) жылжымайтын мүлiк объектiлерiн сатып алуға немесе иелiктен айыруға жиналыстарының хаттамалары (олардан үзiндi көшірмелер) ұсынылады;
шетелдiк заңды тұлғалар сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi көшірмені немесе шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлдегi нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге ұсынады.
Егер тiркеуге арналған өтiнiште сатып алынатын немесе сатылатын активтердiң жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгiленген мөлшерден асып кететiні туралы мәлiметтер болса, онда көрсетілетін қызметті алушы монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келiсiмiн ұсынады.
Жылжымайтын мүлікке және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілеріне құқықтардың туындауын, өзгеруін және тоқтатылуын растайтын құжаттар екі данада ұсынылады, олардың біреуі төлнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме болып табылады.
Құқық белгілейтін құжат сот актісі болған жағдайларда және құқық иесіне құжаттың төлнұсқасы берілмейтін өзге де жағдайларда, тіркеу үшін осындай екі көшірмесі беріледі.
көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжат (төлнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшін ұсынылады);
құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі, электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, БНАЖ арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төлегенін растайтын құжатты ұсынуға тиіс;
Мәмілеге қатысушылардың Интернет желісіндегі электрондық мекенжайлары (болған кезде).
Жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, көрсетілетін қызметті алушының төлем жасағындығы туралы растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) туралы мәліметті, көрсетілетін қызметті беруші және нотариус «электрондық үкімет» арқылы тиісті мемлекеттік ақпарттық жүйесінен алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының «Идентификаттау нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңдарында және Кәсіпкерлік кодексінде өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімді ұсынады.
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушіқызметкері құжаттарды мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен ұсынылған мәліметтермен салыстып тексереді, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Көрсетілетінқызметті алушы барлық қажеттіқұжаттарды берген кезде:
көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға 1) тармақшада қарастырылғандай тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
электрондық тіркеу кезінде нотариус көрсетілетін қызметті алушыға БНАЖ берген сұрау салудың бірегей нөмірі туралы ақпаратты береді.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қолхат негізінде беріледі көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат ұсынылғаннан кейін:
жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат немесе оның өкілеттігін растайтын құжат бойынша жүзеге асырылады.
Тіркеу алымы сомасын портал арқылы төлеген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға өтініш білдірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша сақтауды қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті қарауды тоқтату туралы өтінішхатпен жүгіне алады.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша береді.
Тіркеу тоқтатыла тұрған кезде өтінішті өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) кез келген уақытта кері қайтарып ала алады. Бұл ретте кері қайтарып алынған өтініштің басымдығы жойылады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілерінің, жылжымайтын мүлікке және өзге де тіркеу объектілеріне құқық немесе құқық ауыртпалығы түрі немесе олардың туындауы, өзгеру немесе тоқтатылу негіздері Заңнаманың талаптарына сәйкес келмеуі;
2) егер өтініш беруші Заңнамаға талабына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілсе;
3) құрылыс объектілерінің Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі туралы жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарынан түсетін тиісті ақпарат негізінде;
4) егер мемлекеттік тіркеу тоқтатыла тұрған кезде қажетті құжаттар ұсынылмаған болса, өтініш иесі осы Заңның 21-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде;
5) нысаны мен мазмұны бойынша заңнама талаптарына сәйкес келмейтiн құжаттар тiркеуге ұсынылған кезде;
6) осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының 11-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда құқықты немесе өзге де мемлекеттік тіркеу объектісін мемлекеттік тіркеуді болдырмайтын ауыртпалықтардың болуы;
8) егер тiркеудi тоқтата тұру мерзiмi iшiнде тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар жойылмаған болса;
9) егер бұрын туындаған құқықтың ауысуы, өзгеруі, тоқтатылуы немесе оған қатысты ауыртпалықтың анықталуы тіркеу объектісі болып табылса, мұндай құқық ол туындаған кезде қолданыста болған заңнамаға сәйкес келмеген кезде;
10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның меншік құқығын және тиісті саланың уәкілетті органының жалдау құқығын тіркеуді қоспағанда, мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына тиесілі жылжымайтын мүлікке құқықтарды және құқықтар ауыртпалығын тіркеуге өтініш білдірген кезде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
10. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 6) тармақшасында белгіленген талаптар тіркеу кезінде қолданылмайды:
1) болған ауыртпалық өз мүддесінде тіркелген тұлғаның өзге ауыртпалықтары болмаған жағдайда, жылжымайтын мүлікке құқықтарының туындағанын;
2) жылжымайтын мүлікке құқықтардың мұраға қалдыру тәртібімен ауысқанын;
3) борышкердiң мүлкiн басқару құқығы оңалтуды не банкроттықты басқарушыға ауысқанын;
4) пайдалану құқығы түріндегі ауыртпалық тіркелген жылжымайтын мүлікке құқықтардың ауысқанын;
6) құқықтық кадастрдың тіркеу парағында қамтылатын құқық иеленуші туралы мәліметтердің өзгергенін;
7) бөлінуіне (бірігуіне) немесе нысаналы мақсатының өзгеруіне әкеп соқпайтын, жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгергенін;
8) кепіл міндеттемелері сомаларының өсуіне әкеп соқпайтын, шарттар талаптарының өзгергенін;
9) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелердің орындалмауы туралы хабарламаларды;
10) құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы талапты қамтитын шартта (оның ішінде активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартта) ықтимал ауыртпалықтардың болуы туралы тиісті нұсқау болған кезде үшінші тұлғалардың немесе мемлекеттік органдардың тарапынан осы Заңның 5-бабының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген ауыртпалықтар тіркелген жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беруді тіркеу кезінде қолданылмайды.
3 тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбі
11. «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, шешімге шағымдану, іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның қызметкеріне шағым: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекен-жайға көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе мына мекен-жай бойынша: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, к. Мәңгілік ел, 10.
11-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 29.07.2019 жылғы № 420 Бұйрығымен (23.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма – қол не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының блогына (бұдан әрі-Төрағаның блогы) қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі;
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі не төрағаның блогына орналастырылады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4 тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және көрсетілетін қызметті беруші арқылы ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар.
12. Заңнамада белгіленген тәртіппен өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе жартылай жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылардан 1414, 88000807777 біріңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне бара отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары, сондай - ақ байланыс деректері көрсетілетін қызметті берушінің сайтында орналастырылған. www.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі.
14. Көрсетілетін қызметті алушы порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алады.
«Жылжымайтын мүлікке
құқықтарды (ауыртпалықтарды)
мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
  ___________________________________________________________________
  («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы)
  Жеке тұлға үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы №_____________ өтініш
  (Т.А.Ә. (болған жағдайда - әкесінің аты) бұдан әрі – Т.А.Ә)______________________
  Жеке басын куәландыратын құжат: түрі_________, сериясы_____________,
  №_________ Берілді__________________________________, берілген күні (егер өтініш беруші біреуден артық болса, ақпаратты қайталау)
  _________________________________________________________ негізінде (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
  ___________________________________________ атынан іс-әрекет ететін (уәкілетті өкіл толтырады)
мекенжайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүлік объектісіне құқықтың
/пайда болуын, ауыртпалығын, тоқтатылуын/ (керегінің астын сызу)
  1. Төленгені туралы құжат: түрі_______№_____ сомасы__________теңге;
  2. Жылжымайтын мүлікке құқығын растайтын құжат_____________________
  ____________________________________________________________________ (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)
  3. Некеде тұрғанын немесе тұрмағанын растайтын мәліметтер __________
меншік иесі туралы мәліметтер қажет пе Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)
Сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден аса ма Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)
  ________________/__________________/________________________________ (күні) (өтініш берушінің қолы) (өтініш берушінің Т.А.Ә. (болған кезде)
  ____________________________________________________________________ (өтініш қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)
  ____________________________________________________________________ (тіркеуші маманның Т.А.Ә. және қолы)
Ескертпе: Егер тіркеуге арналған өтініште сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кеткендігі туралы мәліметтер болса, онда өтініш беруші монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келісімін ұсынады. Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.
«Жылжымайтын мүлiк құқықтарды
 (ауыртпалықтарды) мемлекеттік
тіркеу»мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  ___________________________________________________________
  («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы)
  Заңды тұлға үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтарды ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы №_____________ өтініш
  Мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі________________, БСН: ___________________
  (Т.А.Ә.(болған жағдайда - әкесінің аты) (бұдан әрі – Т.А.Ә) басшысының немесе
  _________________________________________________________ негізінде (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
  ___________________________________________ атынан ісәрекет ететін (уәкілетті өкіл толтырады)
мекенжайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүлік объектісіне құқықтың
/пайда болуын, ауыртпалығын, тоқтатылуы/ (керегінің астын сызу)
  1. Ақы төленгені туралы құжат: түрі________№______ сомасы ____ теңге
  2. Жылжымайтын мүлікке құқығын растайтын құжат______________________
  ____________________________________________________________________ (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)
Меншік иесі туралы мәлімет қажет пе Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)
Сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген
мөлшерден асып кетеді ме Иә/Жоқ (керек емесін сызып тастау)
  ___________/_____________________________/__________________________ (күні) (басшысының немесе уәкілетті өкілдің қолы) (Т.А.Ә.)
  ___________________________________________________________________ (өтініш қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)
  ____________________________________________________________________ (Т.А.Ә. және өтініш қабылдаған маманның қолы)
Ескертпе: Егер тіркеуге арналған өтініште сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кететіндігі туралы мәліметтер болса, онда өтініш беруші монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келісімін ұсынады. Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.
«Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды
(ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу»
 мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
​стандартына 3-қосымша
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, көрсетілетін қызметті беруші Сіздің мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсету үшін (мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда: